Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


 Халық көтерiлiстерiнiң жеңiлу се беп терi мен салдары және тарихи



Pdf көрінісі
бет89/181
Дата29.10.2023
өлшемі7.89 Mb.
#481870
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   181
7 сын

6. Халық көтерiлiстерiнiң жеңiлу се беп терi мен салдары және тарихи 
маңызы.
Көтерiлiсшiлердiң жеңiлiс табуының басты себебi – олардың қару-
жарағы нашар, күрес әдісі ескi болатын. Арал маңындағы қазақтардың 
көтерiлiсi жер гi лiк тi сипат алды. Патша үкiметi бұл кезге дейiн көптеген 
әс кери бе кi нiстер салып үлгердi, сондай-ақ Қоқан хандығының бе кiнiстерiн 
де жаулап алған болатын. Бұл аймаққа патша үкiметi қыруар қару-жарақ, 
соның iшiнде зеңбiректерді де жеткiзген едi. Аймақтағы Ресей әскерлерiнiң 
саны жыл сайын арта түстi. Кө терiлiсшiлердiң бiр мез гiлде Ресейге, Қоқан 
мен Хиуаға қарсы күрес жүргiзуi олардың кү шiн әлсiреттi. Оның үстiне, 
Ресей әскерi Жетiсу жағына да келiп, пат ша үкiметiнiң бұл аймақтағы 
күш-қуатын арттыра түстi.
Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтiбарұлы бастаған кө терi лiс тер-
дiң тарихи маңызы зор болды. Ол көтерiлiстер Орта Азия хан дық тары 
Ж. Нұрмұхамедұлы мен 
Е. Көтібарұлы бастаған 
көтерілістердің тарихы 
маңызы неде?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


105
мен Ресей империясының отаршылдық езгiсiне қарсы бағыт талды. Халық 
көтерiлiстерi қазақ халқының бо йында бостан дық ты аңса ған рухтың 
өшпегенiн, тәуелсiздiк пен азаттыққа деген ұмтылысының зор екенiн 
көрсетiп бердi. Қазақ батырлары өз бастарын қа терге тiге отырып, ХIХ 
ғасырдың 60-жылдарындағы әкiмшiлiк ре форма басталар қарсаңында 
отаршыларға қарсы күрес әрекеттерiн жү зеге асырды. Бұл көтерi лiс тер 
патша үкiметiнiң Орта Азия мем лекеттерiнiң аумағын жаулап алу үрдiсiн 
бiраз уақытқа тоқтатты.
?
1. Сыр бойындағы қазақтардың Орта Азия мемлекеттерiне қарсы күреске
шығуының себептерін түсіндіріңдер. 2. Мына кестенi толтыра отырып, аталмыш 
көтерiлiстердiң жалпы сипаттары мен ерекшелiктерiн атап көрсетiңдер.
Көтерiлiс
басшылары
Көтері-
ліс
уақыты
Әлеу мет-
тiк құра- 
мы, мақ-
саты
Көтері-
ліс 
өткен 
аймақ
Ең 
маңыз-
ды шай-
қастары
Көтерi-
лiстiң 
жеңiлу 
себеп-
терi
Көтерi-
лiстiң 
салдарла-
ры
Тарихи 
маңы-
зы
С. Датұлы
И. Тайманұлы 
мен М. Өтемiс- 
ұлы
К. Қасымұлы
Ж. Нұрмұха-
медұлы
Е. Көтiбарұлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет