Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


 Есет Көтiбарұлы бастаған көтерiлiс



Pdf көрінісі
бет88/181
Дата29.10.2023
өлшемі7.89 Mb.
#481870
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   181
7 сын

5. Есет Көтiбарұлы бастаған көтерiлiс. Сыр бойындағы қазақтардың
ұлт-азаттық көтерілісін басқарған батырлардың бiрi Есет Көтi бар ұлы 
болды. Ол өзiнiң батырлығымен, орасан зор дене күшімен, парасатты 
ақыл-ойымен, тiлге шешендiгiмен, сондай-ақ ат 
құлағында ойнай тын шабандоздығымен халыққа 
ерекше та нылған едi. Оның әскери қолбасшылық 
өнерге шеберлiгi, бiр орын нан екiншi орынға же-
дел ауысып кете алатын тактикалық тап қырлығы 
жақсы қаруланған, күшi басым орыс әскерлерiн қапыда қал дырып, талай 
рет жеңiс ке жеткiздi.
Есет Көтiбарұлы ғажайып шешен адам болатын, өз тыңдаушыла рын 
үйiрiп әкетiп, ерлiк күреске жiгерлендiре бiлетiн. Ағылшын зерт теушiсi 
Бульжер Демитриус Чарлз Есет батырдың өз руластарын патша үкiметiне 
қарсы күреске жiгерлендiре шақырғаны ту ра лы жаз ды: 
«Рас, олардың 
Есет батырдың күрестен 
бас тартқаны туралы не 
ойлайсың?
ойлан!
Жанқожа Нұрмұха-
медұлының көтері-
лісі жеңіске жетуі 
мүмкін бе еді?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


104
аттары мен қа руы бар. Ат пен қару бiзде жоқ деп кiм айта ала ды? 
Бiздiң мұхит түбiндегi құмның қиыршығы сияқты көп екенiмiз өтiрiк 
пе? Өздерiң мойын бұрып қараңдаршы: шығыс пен батыста, солтүстiк 
пен оңтүстiкте де қаптаған қалың қырғызды (қазақты. – авт.) көре-
тiндерiң анық. Сөйте тұра неге бiз ат төбе лiн дей азғана жатжер лiктерге 
бағынуға тиiспiз?!»
1838 жылы Есет батыр Ресейдiң Елек 
бекiнiсiне шабуыл жасауға 
қа тысты. Жанқожа Нұрмұхамедұлымен бiрге Хиуа және Қоқан бас-
қыншыларына қарсы белсене күрестi. 
1847 жылдың жазында Жем өзенiнiң бойында Есет батыр патша үкi-
метiнiң жазалаушы әскерiне тұтқиылдан шабуыл жасады. Батырдың Ре-
сей әскерiне шабуылдары кейiн де жалғаса түстi. Патша әкiм шiлiгi Есет 
батырға қарсы бiрнеше рет жазалаушы әскер жiбердi. Алайда туып-өскен 
елiнiң жер жағдайын жақсы бiлетiн ол жазалау шы отрядты адастырып, 
оларға таптырмай кетiп жүрдi. Оның үстiне, өз жiгiттерiн екi топқа бөлiп, 
дұшпанды қапыда қалдырумен болды. Есет батырдың жiгiттерi Ресейдiң 
сауда керуендерi мен жазалаушы әскер лерiне батыл да сәттi шабуылдар 
жасап отырды.
Ресеймен жиырма жыл бойы жанқиярлықпен күрес жүргiзген 
Есет батыр 1858 жылы өз еркiмен Ресей империясының бейбiт ке лi сiм 
жасасу жөнiндегi шартын қабылдады. Өйткенi ол 
Ресейдiң аса қуатты әскери машинасына қарсы бұдан 
әрi күрес жүргiзудiң пайда сы жоқ бос әурешiлiк бо-
лып шығатынын түсiндi. Патша үкiметi оның бұған 
дейiн Ресей империясына қарсы жүргiзген күресiне 
ке шiрiм жасады. Батыр үй басынан алынатын түтiн 
салығынан босатыл ды. Кейiнiрек ол тiптi Торғай облысындағы Ырғыз 
уездiк бастығының көмекшiсi қызметiне тағайындалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет