Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 2020 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет42/145
Дата05.12.2023
өлшемі3.8 Mb.
#485495
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   145
Ш.Таубаева ПЗ

1-тарау. Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
92
қалыптастырады. Ғылыми теория зерделенетін шынайы болмысқа тән 
заңдылықтар мен мәнді байланыстар туралы түсінік беретін білім болып 
табылады. Нақты ғылымның пәндік алаңын құрайтын танылатын феномен-
дер туралы түрлі мәліметтердің жинақталуынан бұрын теорияның пайда 
болуы мүмкін емес. Көптеген ғасырлар бойы механикалық құбылыстар 
физиктердің назарында болды. Бірақ тек жаңа заманда ғана механиканың 
заңдары тұжырымдалды. Олар зерттелетін құбылыстардың сипаттамала-
рын жүйеледі. Сипаттамалық теориялардың орнына түсіндірмелі теориялар 
өмірге келді, яғни бұл теориялар түрлі сипаттамаларды жүйелеп қана қоймай, 
зерделенетін құбылыстарды түсіндіреді. Мұндай теориялар ғылымның да-
мып жетілген деңгейін көрсетеді де, ғылыми пәнде түсіндірмелі теориялар 
өз орнын табады. Түсіндірмелі теориялар болжамдық-дедуктивтік негізде 
құрастырылады. Бұл теориялардың негізі ретінде іргелі ұстанымдар (заңдар, 
постулаттар) зерделенетін саладағы мәнді байланыстар мен қатынастарды 
көрсетеді.
Біраз уақыттан бері білімді дедуктивтік, аксиоматикалық негізде 
құру ғылыми танымға тән деп есептелінді. Бүкіл түсіндірмелі теориялар 
осы бағытта дамуда. Қазір бұл нұсқау болжамдық сипатта. Сондықтан тү-
сіндірмелі теорияларды болжамдық-дедуктивтік деп те атайды. Қазіргі 
түсіндірмелі теория болжамнан бастау алып, дедуктивті жүйе ретінде құ-
ры лады. Теориялық базалық қағидалардың идеалды нысандарға тікелей 
қа тысы бар, ал шынайылықтағы болмысқа, құбылысқа, затқа қатысы жоқ. 
Пе дагогикада ондай нысандарға «білім беру үдерісі», «оқу әрекеті субъ ек-
тісі», «оқытушы», «оқушы» және т.б. жатады. Педагогикада идеалды ны-
сандар шынайы болмыста жоқ нәрсе.
Идеалды нысандар – ой нәтижесі, қиялдағы құрылым. Бұл нысандар 
білім берудегі түрлі нақты құбылыстар туралы ойластыру үшін қажет. 
Идеалды нысандар ойлаумен құрастырылады. Бұл теориялық нысандарды 
математикалық тұрғыда сипаттауға да болады. Теория идеалды нысандар-
мен жасалынатындығына қарамастан шынайы болмыспен де салыстырыла 
алады.
Теория білімдерді жүйелеу үшін де қажет. Зерделенетін нысанның бо-
лашағын болжау үшін де теория қажет. Теориясыз түсіну жоқ, сондықтан 
да түсіну – теорияның стратегиялық миссиясы. Мұндай түсіндірулер
ХІХ ға сырда кеңінен тараған номологиялық ғылыми түсіндіруге ұқсас. 
Осындай модель негізіне пайымдаудың әмбебап үлгісі жатады. Ұтымды 
түсіндірудің мәні мынада. Айталық, тарихшы тарихи тұлғаның іс-әрекетін 
түсіндіру үшін тарих аясындағы субъектінің басшылыққа алған түрткі-
себептерін ашып көрсетеді. Ғылымның әдіснамашылары тиімді түсіндіру 
заңға негізделмегендіктен, одан бас тартуда. Егер түсіндіру тек заңға сүйе-
неді десек, ұтымды түсіндіру ғылымилық сипатынан айырылады. 


93
1.5. Теориялық білім – ғылыми-педагогикалық зерттеудің базасы
Теорияның маңызды бір қызметі – болжамдау, түсіндіру үлгісі жал-
пы тұжырымдаудан кейін феноменді болжайды. Болжамдау болашаққа 
бағдарланған. Педагогикада болжамдау маңызды рөл атқарады. Білім беру 
әлемін ұйымдастыру оқушылардың, мұғалімдердің, басқарушылардың іс-
әрекетін болжамдаусыз мүмкін емес. Педагогикада ғылыми педагогикалық 
алдын ала болжау жүргізіледі. Білім берудегі алдын ала болжауда ста тис-
ти калық өлшемдер пайдаланылады. Қазіргі педагогикада ғылыми болжау 
– логикалық-әдіснамалық рәсім. Білім берудегі құбылыстың қазіргі нақ ты 
көрсеткіштері негізінде осы құбылыстың келешегін анықтайды. Педа го-
гикадағы түсіндіру мен болжау ұқсас, тек түсіндіру өткенге, болжау бо ла-
шаққа бағдарланған.
Түсінудің жалпы теориясы – герменевтика дамуда. Түсіну – әмбебап 
рә сім. Сипаттау, түсіндіру және болжау – ғылыми теорияның қызметтері. 
Түсіну дегеніміз – құбылысты құндылық арқылы түсіндіру. Түсіндіру – 
бар нәрсені, ал болжам – не болатынын, түсіну – не болуы керек екенін 
білдіреді. Ғылымда, оның ішінде педагогикада түсіну – ғылым зерттейтін 
ны сандарға, құбылыс пен үдерістерге белгілі бір мән беру. Педагогикада 
түсіну гуманистік өлшем енгізді. Теория көбінесе жеке тұлғаны тәрбиелеу, 
оқыту мен қалыптастырудың жинақталған тәжірибесін шығармашылық ар-
қылы қайта құрумен байланысты. Осылайша, ол педагогикалық тәжірибені 
қо рытындылап, жеке тұлғаның болашақта қалыптасуы мен дамуының жос- 
парын анықтайды.
Теория өзара байланысты білімдер жиынтығы ғана емес, сонымен қатар 
ол – осы білімдердің белгілі бір зерттеу бағдарламасы түрінде құралуының 
тетігі. Теориялық білім зерттеушіге оның не нәрсені біле алатынын көрсетсе, 
практикалық білім оның не істеу керектігіне бағытталады. Кез келген 
теорияның ақиқаттылығының белгісі – болмыстың практикалық өзгерісі. 
Практика теориялық түсінікке қарағанда әлдеқайда кең және күрделі. Фи-
лософия – білімдердің даму сатыларының әдіснамасының негізі, уақыт өте 
келе қорытындыланып, шығармашылықпен қайта құрылып, бұл күндері 
жалпы сипатқа ие болып отырған және ғылыми білімнің зерттелінетін са-
ласына қатысты нақтыланатын диалектикалық-материалистік әдіснаманы 
ұйымдастыратын бастауға айналып отыр.
Таным әдістерінің көптеген жіктемелері бар, оларды қолдану мақсатқа, 
объектіге және пәнге, сонымен қатар зерттеу әрекеттеріне, ғылыми іс-әрекет 
пен зерттеу болжамдары жүзеге асатын жағдайларға негізделеді. Ғылыми 
зерттеудегі әртүрлі әдістердің өзара байланысы көкейкесті мәселеге ай-
налып отыр. Зерттеушінің теориялық ойлауының негізінде материалистік 
диалектика әдісі жатыр, ол ізденушіні ғылыми фактілерді жинастыру мен 
түсіндірудегі субъективті көзқарастан, олардың біржақтылығынан босатып, 
зерттеушіні зерттеу мәселесіне тарихи талдау жасауға, оның дамуының 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет