Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 2020 Стереотиптік басылым


Зерттеу тақырыбының, өзектілігінің және мәселенің өзара байланысы



Pdf көрінісі
бет57/145
Дата05.12.2023
өлшемі3.8 Mb.
#485495
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   145
Ш.Таубаева ПЗ

Зерттеу тақырыбының, өзектілігінің және мәселенің өзара байланысы
Зерттеу тақырыбы
Зерттеудің өзектілігі
Зерттеу мәселесі
Мәселені шешуге 
бағытталған жаңа 
білім
Жаңа мазмұнға, 
жаңа нормаға немесе 
әрекеттің жаңа 
тәсіліне қажеттілікті 
негіздейді. 
– зерттеу нәтижесінде жаңа білім алу 
арқылы қазіргі нормаларға қажеттіліктер 
сәйкестендіріледі;
– экспериментте сынақтан өткен, 
практикаға ендірілген әрекет тәсілі арқылы 
қазіргі нормалар мен қажеттіліктер 
сәйкестендіріледі;
– зерттеуде алынған жаңа білім, жаңа әрекет 
тәсілі арқылы қазіргі норма мен әрекет 
тәсілі арасындағы сәйкессіздік көрінеді. 
Сәйкессіздіктің үш типі зерттеу өзектілігінен орын алады. 
«Негіздеме» сөзінің өзі ғылымда «негіз», «негізділігі» деген түсі нік-
тер мен қатар қолданылады. «Негіздер» – бір нәрсенің бастапқы, негізгі 
қағидалары, «негізділігі» – белгілі бір құбылыстарды жіктеуде қажет бо-
латын мәнді белгі немесе негізділігі дегеніміз – бір нәрсені негіздеу, дәйек, 
терең ғылыми негіздеме.
Зерттеудің көкейкестілігі сұранысты жаңа мазмұнда, жаңа нормада не-
месе әрекеттің жаңа әдісі арқылы негіздейді. 
Ғалымдар тақырыптың көкейкестілігін негіздеуге ерекше көңіл ауда-
рады және тақырыптың ғылыми және практикалық көкейкестілігін бөліп 
қарастырады. Олардың пайымдауынша, тақырыпты зерделеу практиканың 
мағыналы сұраныстарына жауап береді, ал алынған нәтижелер ғылымдағы 
«ақ таңдақтардың» орнын толтырады. Дегенмен өзекті тақырыпқа орын-
дал ған зерттеу шынайы жаңа ғылыми нәтижелердің алынғанының кепілі 
бола алмайды. Тақырып бойынша зерттеу жүргізу барысында алынған нә-
ти желер өзекті болмауы да мүмкін, әсіресе бұл ретте жетілдірілген әдістеме 


123
2.1. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәселесі мен тақырыбы, көкейкестілігі
қолданылып, түпнұсқалы эксперимент қойылса, ақпараттың соңғы жаңа 
ағымы пайдаланылса да, нәтиже өзекті болмауы мүмкін.
Демек, зерттеудің көкейкестілігін одан әрі ойластыру қажет. Дис сер-
тациялық зерттеу көкейкестілігінің параметрі білім беру теориясы мен 
практикасын дамыту үшін зерттелетін мәселе шешімінің қажеттілігі мен 
дер кезінде орындалуын көрсетеді, қоғамдық қажеттіліктер (ғылыми идея-
лар мен практикалық ұсыныстар) мен оларды қанағаттандыру мақсатында 
бүгінгі күні ғылым мен практиканың ұсынатын құралдары арасындағы 
қайшылықты сипаттайды. Іргелі зерттеулердің көкейкестілігін бағалау 
өлшемдеріне тақырыптың теориялық маңыздылығы, мәселенің ғылымда 
зерделену дәрежесі, күтілетін нәтиженің осы саладағы теориялық пайым-
дау ларға сәйкестігі жатады. Қолданбалы зерттеудің көкейкестілігінің өл-
шемдері: тақырыптың зерттелуіне практикалық қажеттілік, мәселенің 
прак тикадағы шешімі, нәтижені ендіруден күтілетін әлеуметтік және эко но-
микалық тиімділік. Зерттеу тақырыбының өзектілігін бағалау мәселесімен 
айналысатындардан өзгеше тақырыпты негіздеудің логикасын белгілі 
әдіснамашы В.В. Краевский ұсынды (2-сурет). Оның тұжырымдауынша, 
көкейкестілік өлшемі үнемі қозғалыста, дамиды, уақытқа, нақты шарттар 
мен айрықша жағдайларға тәуелді болып келеді. Тақырып бүгін көкейкесті, 
ертең ол соншалықты өзектілігін жоғалтып алуы мүмкін, ауыл мектебі үшін 
маңызды мәселе қала мектебі үшін қатардағы сұраққа жатуы да ықтимал; 
педагогикалық қызметін жаңа бастаған мұғалімді ойландыратын мәселелер 
тәжірибелі, жоғары білікті педагогқа мәнді болмай шығуы да заңды [115].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет