21
1.1. Ғылым және
ғылыми-педагогикалық зерттеу
ғылымтануда зерттеудің іргелі, қолданбалы және қайта жасалымдар деп
жіктелу қатары пайда болды. Іргелі зерттеулер педагогикалық үдерістің
заң дылықтарын ашады, ғылымның жалпы теориялық тұжырымдамасын,
оның әдіснамасын, тарихын жасайды. Олар ғылыми білімді кеңейтуге ба-
ғытталған, ғылыми ізденіске жол сілтейді,
қолданбалы зерттеу және жа-
са лымға арналған база құрады. Қолданбалы зерттеулер оқыту, тәрбиелеу
әдістері, білім мазмұны, оқытушыларды дайындау мәселелерімен байла-
нысты теориялық және тәжірибелік жеке міндеттерді шешеді. Көптеген
жағдайларда қолданбалы зерттеулер іргелі зерттеулерді жалғастырады.
Олар ғылым мен тәжірибені, іргелі зерттеулер мен жасалымдарды, теоре-
тиктер мен практиктерді байланыстыратын аралық буын рөлін атқарады.
Педагогикалық зерттеудің әрбірі жеке сала ретінде қарастырылатын
әдіс нама,
дидактика, тәрбие теориясы, педагогика тарихы, мектептану
сияқ ты пәндердің шегарасында жүргізіледі. Әрбір пәннің көлемінде іргелі
де, қолданбалы зерттеу де болуы мүмкін. Бұған дәлелді біз педагогикалық
іс-әрекет түсінігіне талдау берілген В.В. Краевскийдің жұмысынан та-
бамыз. Ол
тәрбиешілер, мұғалімдер іс-әрекетін ғана емес, сонымен қоса
педагогика саласындағы ғылыми іс-әрекетті, мұғалімдерге педагогика ғы-
лы мындағы материалдардың берілуін, педагогика саласындағы ғылыми
әрекетті бағыттайтын және реттейтін басқарушылық жұмысты да қамтиды.
Мұндай кең түсінік әрбір педагогикалық пәнде
іргелі және қолданбалы
зерттеу болуы мүмкін деген негіз береді.
Жіктелу нысандарының белгілі бір қасиеттерін сипаттайтын, зерттеудің
тәуелсіз жіктелінген топтамаларға бөлінуі – ғылыми-педагогикалық зерттеу
жіктелуінің негізіне фасетті әдіс лайық. Зерттеу қасиеттерінің теориялық
және тәжірибелік бағытталған сипатында төрт жеке фасет ерекшеленеді.
Бірінші фасет – зерттеу міндеттері – ғылыми қызметкерлердің, ғалым-пе-
да гогтардың өздерінің алдына қоятын мақсаттары, жан-жақты жос пар лан-
ған нәтижелерге бағытталып жүргізетін жұмысы сипатталады. Екінші фа-
сет – зерттеу нәтижелері – ғылыми іс-әрекет нәтижесінде алынған өнім,
білім түрлерін көрсетеді. Үшінші фасет – зерттеу нысаны – ғылыми және
тәжірибелік іс-әрекет барысында алынған нәтижелерді пайдалануға қы-
зы ғушылық тудыратын ұйымды және ортаны анықтайды. Төртінші фа-
сет – құ жат түрлері – ғылыми-педагогикалық зерттеу нәтижелері берілген
жария ланым типтерін сипаттайды.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әртүрлі қырларын сипаттау берілген
фасетке тән және көпқырлы белгілерін көрсететін фасеттің әрқайсысына
көптеген терминдер енеді. Сонымен, зерттеу міндеттері: сипаттау, анықтау,
негіздеу, жасау, айқындау, толықтыру, жүйелеу, жетілдіру, дамыту, нақ ты-
лау, талдау (тұжырымдаманы, болжамды, әдістемені, әдісті, білім мазмұнын
жә не т.б.) болуы мүмкін. Зерттеу нәтижелері тұжырымдамаларды, ұс та-