23
1.1. Ғылым және ғылыми-педагогикалық зерттеу
Ғылымның жаңа сипаттамасы өте күрделі табиғи өзгерістердің пай-
да болуын зерттеуге байланысты түсіндіріледі. Оған медициналық-био-
ло гия лық,
экологиялық, биотехнологиялық нысандар, тектік инженерия
үде рістері, «адам-машина» жүйелері және жасанды зерде, ой-өрісі, т.б.
жа тады. Олардың ішінде адамды ашық динамикалық түрде дами тын әлеу-
мет тік-биологиялық-ақпараттық жүйе ретінде
қарайтын психоло гия лық-
пе дагогикалық зерттеулер елеулі орын алады. Тек солар ғана гуманистік
ұс танымдар мен құндылықтарға сүйену керектігін, тәрбие мен білім беру
сияқ ты болмыстың нәзік және күрделі кешенді саласында зерттеу жүргізуге
шектеу қою және тыйым салу туралы мәлімдеме жасап отыр.
Қазіргі заманғы ғылыми зерттеулердің тұжырымдамалық негізіне эко-
номикалық және әлеуметтік-саяси мақсаттар мен ғылыми танымның тұл ға-
лық, әлеуметтік-мәдени міндеттері жатады.
Тұжырымдама, зерттеудің мақсаты мен міндеттері ғылым дамуының
классикалық, классикалық емес, классикалық еместен кейінгі кезеңдердің
парадигмалары арқылы анықталады.
Әлеуметтік-гуманитарлық, оның ішінде психологиялық-педагогикалық
танымға дүниені тұтас, сонымен бірге тар көлемде тану тән. Бұл – әлеуметтік
шындықты табу, баяндау, бейнелеу, сипаттау және қорытындылау (эмпи-
ри калық кезең), зерттеу мәселесі мен болжамын, заңдылықтары мен себеп-
те рін түсіндіре отырып, теориялық және логикалық талдау, ақиқатқа негіз-
делген жоғары дәрежедегі моделін құрастыру, құбылысты жорамалдау жә-
не т.б.
Әлеуметтік-гуманитарлық зерттеудің мақсаты тек қоғамды танып білу
ғана емес, сонымен қатар оны реттеуге және өзгертуге қатысуы болып та-
былады. Мұндай іздестіруді белсендіруге қоғамды дамытудағы ғылыми
іс-әрекеттің шарты және нәтижесі болып
табылатын инновациялық орта
ықпал етеді. Оған ғылым саласындағы және инновациялық ортадағы кадр-
лық, ұйымдастырушылық және технологиялық инфрақұрылым мен ин вес-
тициялық стратегиядағы мемлекеттік саясат жатады.
Институционалдандыру (лат.
institutum – белгілеу, құру, құрылғы,
әдет-ғұрып) – ғылымды жасаушы зияткерлік ресурстарды пайдаланып құ-
рылған ұлттық инновациялық жүйенің елдің экономикалық мүдделерін
қорғайтын маңызды фактор, білімдік қоғамының негізі. Аталған үрдістерді,
құрылымдарды, ұстанымдарды ұғыну педагогика және оның құрамдас
бөлімі – білім берудің теориясы мен практикасы, оқыту, үйрету, адамның
тағ дырына және қоғамның дамуына ықпал етуші ретіндегі дидактика са-
ласындағы ғылыми зерттеушілерге аса маңызды болып табылады.
Педагогикалық зерттеулердің классикалық үлгісін көрсету үшін ди дак-
тикалық зерттеулердің логикасын ұсынуға болады. Сондықтан оқулықта
дидактика мен дидактикалық зерттеуге көбірек орын берілді.