285
4.4. Педагогика әдіснамасы саласындағы қазақстандық ғалымдар
1961–1964 жылдары С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік уни-
вер ситеті педагогика және психология
кафедрасының профессоры, ка-
федра меңгерушісі қызметін атқарды.Оның негізгі ғылыми еңбектері
Қазақстандағы ХІХ ғасырдың ІІ жартысында педагогикалық ой-пікірдің
даму тарихына, жалпы психология мен педагогика мәселелеріне арнал-
ды. Шын мәнінде, бұл жұмыстар республикада
психология ғылымының
дамуына себеп болды. Т. Тәжібаев алғаш рет Абай Құнанбаевтың, Шоқан
Уәлихановтың, Ы. Алтынсаринның философиялық, психологиялық және
педагогикалық көзқарастарына талдау жасады.
Төлеген Тәжібаев өз кезеңінде қазақ тілінің рөлін көтеру қажеттігін
негіздеген интеллигенция өкілі болды. Бұл ретте кеңес психологиясының
негізін салушы Л.С. Выготскийдің идеяларына сүйенді. Ол педагогиканың
әдіснамалық негіздерін де нақты қағидалармен байытты. Нақтырақ айтсақ,
әлеуметтік педагогиканың ұстанымдары – оның теориялық негіздерінің
маңызды құрамдас бөліктері, өзінің мазмұнында
олар тұлғаның әлеуметтік
ортада әлеуметтенуін зерттеуге және әлеуметтік-педагогикалық үдерісте
қолдануға қажет ережелер, талаптар жинағы десек болады. Аталмыш
ұстанымдар ХХ ғасырдағы педагогиканың мазмұнынан да табылатын еді.
Сондай-ақ Қазақстанда оқу-ағарту ісі мен білім берудің жай-жапсарын
отбасы мен ауыл өңірінен басталатыны жөніндегі пікірлерін Төлеген
Тәжібаев өзінің «Қазақстанда қазақ балаларының ауыл мектептері мен
тәрбиеленуі» деген ғылыми еңбектері мен зерттеулерінде арнайы зерде-
леген. Академик Төлеген Тәжібаевтың еңбектеріне
жасалған қысқаша
талдаудың өзінен біз ғалым сол кездің өзінде әлеуметтік педагогиканың
табиғатқа сәйкестілік, мәдениетке сәйкестілік, гуманизм, әлеуметтілік
сияқтыұстанымдарын әдіснамалық, теориялық және тәжірибелік деңгейде
шебер
қолданып, осы ұстанымдар жүйесін педагогика мен психология
ғылымдарына енгізуге атсалысқанын аңғарамыз.
Кәсіби педагогиканың теориялық-әдіснамалық тұжырымдамасын, ин-
женер маман даярлау жүйесін ҚР ҰҒА академигі Сейтешев Ажес Петрович
пен оның шәкірттері ұсынды. А.П. Сейтешев ТМД елдерінде кәсіптік білім
берудің негізін салушы ретінде мойындалған. Оның
ғылыми мектебі кәсіптік білім беру технологияла-
ры, мамандардың қалыптасуының теориялары мен
ұстанымдары бағытында жұмыс істеді (В.В. Егоров,
Ы. Наби, Б. Абдыкаримов және т.б.).
А.П. Сейтешев болашақ инженер-педагогтардың
кәсібилігін қалыптастыруды зерттеудің әдіснамалық
тұғырларын сипаттай отырып, инженер-педагог-
тар дың кәсібилігін
қалыптастыруда ізгілік, ан тро-
по логиялық, креативтік, аксиологиялық, акмео ло-