277
4.3. Заманауи әдіснамашы ғалымдар
арнап зерттеудің әдіснамалық сипаттамасы, курстық, дипломдық, ма гистр-
лік жұмысты орындаудың әдіснамасы мен әдістемесі туралы көлемді ең-
бектер ұсынды.
Қазіргі уақытта зерттеу нәтижелері мен білім беру үдерісінің нә-
тижелерін шынайы бағалауға үлкен мән беріледі. Осыған орай ғалымдар
педагогикалық болмыстың эмпирикалық нысандарын сандық және са-
палық бағалау әдістемелерін жасап ұсынуда. Ресей Білім академиясының
Білім беруді дамыту стратегиясы институтында педагогикалық өлшемдер
әдіснамасы зертханасында осы бағытта іргелі зерттеулер жүргізілуде. Зерт-
хана жұмысын ұйымдастырушы – Н.Н. Найденова.
Найденова Наталья Николаевна – педа го гика
ғы лымдарының докторы,
профессор, Ресей Білім
ака демиясының педагогикалық ком па рати вистика
орталығының меңгерушісі. Ол мек теп оқу шы ла ры-
ның білімін тексерудің автомат тан дырыл ған жүйе-
сінің авторы. Педагогикалық өлшемдер мәсе лелері
бойынша тағылымдамадан өтті (халықаралық зерт-
теу лердің PIRLS, TIMSS, PISA, CIVIC).
Н.Н. Найденованың ғылыми жұмысының негізгі
бағыттары: білім беру сапасын өлшеу, халықаралық
салыстырмалы зерттеулер және түрлі елдердегі тес-
тілеу әдіснамасы, мультиплексті бақылау-өлшеу материалдарын дайындау,
құзыреттілік пен жалпы функционалдық сауаттылықты өлшеу,
тестілеу
мен сауалнаманың нәтижелерін бағалау әдіснамасы; мониторингтік зерттеу
әдіснамасы; кәсіптік және бейіндік білім берудегі өлшемдер және т.б.
Н.Н. Найденова «Оқимын. Жазамын. Ойлаймын» атты түйіндік құ-
зы реттіліктерді жалпы функционалдық сауаттылық бойынша өлшеудің
авторлық тұжырымдамасын жасады. Білім беру сапасын бағалауға «Эва-
люация» ұғымын, өлшеудің мультиплекс әдісін, жалпы функционалдық
сауаттылық тұжырымдамасын ендірді.
Этнопедагогика
саласының әдіснамасы да же-
тілдірілуде, ғылыми тәжірибебөлісу күшеюде. Про-
фессор К.Ж. Қожахметованың еңбектеріне педаго-
гика ғылымдарының докторы Шавад Мадов-Хаджи-
евич Арсалиев бірнеше рет сілтеме жасаған болатын.
Арсалиев Ш.М.-Х. 1958 жылы дүниеге келген.
Шешен мемлекеттік университеті тарих фа куль те-
тінің деканы, Шешен Республикасының ғы лымға
еңбегін
сіңірген қайраткері, профессор. Пе даго-
гикалық Халықаралық академияның ака де мигі.
Ғалым «Заманауи этнопедагогиканың әдіс на масы»