Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 2020 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет133/145
Дата05.12.2023
өлшемі3.8 Mb.
#485495
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   145
Ш.Таубаева ПЗ

Ғылыми мектептердің типологиясы
Типология
1) орталық пен коммуникациясының 
байланысқа бағытталған құрылымы 
бар ғылыми мектеп (идеяның авторы, 
көшбасшы және оның оқушылары)
2) орталыққа және белгілі бір 
ортадағы байланысқа бағытталған 
құрылымы бар ҒМ (жеке-дара 
авторлық идея және алдыңғы 
авторлардың орнын біртіндеп 
иеленуі)
Мысал
Либиха мектебі
Физикадағы Эйнштейн мектебі
Типология
3) орталықтан ажыратылған және 
коммуникациясының байланысқа ие 
емес ҒМ (өз бетінше негізгі идеяны 
жасақтаушы және оны өз зерттеулері 
барысында жүзеге асырушы түрлі 
дәрежедегі ғалымдар кооперациясы)
4) орталықтан ажыратылған, алайда 
белгілі бір ортаға бағытталған 
байланысқа ие ҒМ (негізгі идея 
түрлі аймақтарда қалыптасады және 
жүзеге асады, ҒМ-ның ортақтығы 
әдебиет арқылы танылады)
Мысал
Математикадағы Бурбаки тобы
Ғылыми білімнің түрлі 
аймақтарындағы «жүйелі қозғалыс»
Зерттеуші ғалым Г. Лайтко өзінің «Ғылыми мектептің теориялық 
және тәжірибелік аспектілері» атты мақаласында Т. Кунның ғылыми 
мек тептің негізін қалауға қатысты идеяларды сипаттайтын бірнеше тер-
миндерінің жарамдылығы туралы жазады: біріншіден, парадигманың ар-
тықшылықтарға ие болуы зерттеудің алғышарты ретінде көптеген идея-
лардың қалыптасуына негіз бола алады; екіншіден, ол ғалымдардан құ рал-


329
4.6. Ғылыми мектеп пен ғылыми жетекші
ған топтарды біріктіре алмайды, себебі зерттеу түрлі мақсаттарға бөліп 
қарастырылған; үшіншіден, парадигмалық идея заманауи ғылымда да-
ра ланбауы қажет. Ғылыми мектептің соңғы сипаттамасы оның жалпыға 
ортақ қабылдануы үшін бәсекелестік пен зияткерлік дискуссияларда жиі 
талқыланғаны қажет екендігіне бағытталады. Демек, парадигмалық идея-
ны өзінің эвристикалық құндылығын жоғалта бастаған кезінде ғана қоғам 
қабылдай алады деген пікір айтылады.
С.М. Раппорт ғылыми мектептің қалыптасуын «ғылыми ойлаудың сти-
лі мен тәртібіне келісілген және мақсатқа ұмтылдырылған адамдардың
рухани бірлестігі» ретінде қарастырады. Бұл тұрғыдан ғылыми мектептердің 
маңыздылығы туралы пікірталастың жалғасып жатқандығын атап көрсет-
кен жөн. Осы мәселеге қатысты қоғам пікірінің жақсыдан жаманға неме-
се жаманнан жақсыға қарай құбылып отырғандығы анық байқалып отыр. 
Әсіресе осындай мазмұндағы пікірталастар ғылыми мектептің қалыптасуы 
мен дамуының негізінде жатқан ғылыми дәстүрлердің жалпы үрдісімен 
тығыз байланысты. Дәстүр ұғымына берген түсінігін философ В.С. Степин 
«парадигма» терминінің орнына «ғылымның негіздемесі» атты терминін 
қолдану арқылы берген. Ғалымның пікірінше, ғылымның негіздемесіне 
төмендегі бөліктер енеді:
– ғылымның идеалдары мен нормалары;
– әлемнің ғылыми бейнесі;
– философиялық-дүниетанымдық негіздеме. 
М.Г. Ярошевскийдің пайымдауынша, ғылыми мектептің негізінің қа-
лануына ықпал етуші себептерді тек зерттеушілік өнерге үйрету орталығы-
нан ғана емес, жалпы мәселені шешуде жасақталатын бағдарламаны жүзе-
ге асыруға ғалымдардың аса қажеттілігінен де іздеу керек екенін атап отыр.
Осыған сәйкес, егер де белгілі бір ғылыми мектептің дәстүріне көш бас-
шылардың көмегімен жасалған арнайы әдістемелер мен теориялар енетін 
болса, ал екіншілері теориялық бағыттылығының кеңділігімен ерекшеленіп 
жатады. Алайда оның жас ғалымдар мен тәжірибеден өтуші педагогтарды 
зерттеушілік қызметке бейімдеудегі қабілетін мойындаған жөн. 
Зерттеуші-педагогтің тұлғалық қалыптасу үдерісінде ғылыми мектеп-
тің алатын рөлі келесідей негіздемелермен айқындалады:
– ғылыми мектеп деген феноменнің өзі ғылыми дәстүрдің өркендеп, 
сабақтасуына жағдай жасайтын оқушылар мен зерттеушілердің болуын си-
паттайды;
– педагогтің зерттеушілік мәдениетінің қалыптасуы алдыңғы қатарлы 
оқытушылардың оқушыларының кейінгі зерттеудің жаңа бағыттарының 
жетекшісі болуына жағдай жасайды;
– зерттеушілік құралдың артықшылықтарын меңгеру білімнің дә-
лел ділігі мен негіздемелілігінң ережелері мен жалпы критерийлерінің «те-


4-тарау. Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
330
гістелу» жолы ретінде жүзеге асады. Сонымен қоса қолданылған ұғым-
дардың ортақ жүйесі, зерттеудің жалпы теориялық платформасы қалып та-
сады. 
Ғылыми мектептің жоғарыда көрсетілген типологиясы тарапынан 
мектеп жұмысындағы теориялық мәліметтің қомақты алаңы ретінде түрлі 
ғылыми мектептерде «оқушылармен» жүргізілетін жұмыстың кезеңдері 
мен технологияларын қорытындылау нәтижелерін алып көрсетуге болар 
еді. 
20-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет