Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 2020 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет135/145
Дата05.12.2023
өлшемі3.8 Mb.
#485495
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   145
Ш.Таубаева ПЗ

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Қазіргі заманғы ғылыми білім беружүйесіндегі тұтас педагогикалық үдерісті си-
пат таңыз.
2. Педагогтарды ғылыми-зерттеу әрекетіне даярлау теорияларын бағалаңыз. 
3. Қазақстан Республикасы педагогтарының инновациялық құзыреттілігін қалып тас-
тыру технологияларына сипаттама жасаңыз.
4. Қазіргі дүниежүзіндегі педагогикалық білім беру мәселелерін жүйелеңіз.
5. Педагогиканың шетелдік тәжірибесінің қазіргі жағдайда біздің педагогикалық 
практика үшін маңызын негіздеңіз.
6. Зерттеу университеттерінің ғылымды дамыту тетіктеріне сипаттама беріңіз.
7. Педагогтің зерттеушілік мәдениетінің құрамдас бөліктерін атаңыз.


Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері
336
ЗЕРТТЕУШІ СӨЗДІГІ
ҒАЛЫМ – ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын әрі ғылыми және (немесе) ғылыми-
техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізетін жеке адам.
ҒЫЛЫМ – функциясы табиғи байлықтарды ұтымды пайдалану және қоғамды 
тиімді басқару мақсатында табиғат, қоғам және ойлау заңдарын зерделеу, болмыс туралы 
объективті білімді тұжырымдау және теориялық жағынан жүйелеу болып табылатын адам 
қызметінің саласы.
ҒЫЛЫМИ БОЛЖАМ – келешекте эксперименттік және теориялық тексеруді қажет 
ететін ғылыми негізделген жорамал.
ҒЫЛЫМ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА – әлемдік және ұлттық ғылымның 
жай-күйі мен даму үрдістерін талдауды, Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық 
әлеуетін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, ғылымды дамытудың басым бағыттарын 
негіздеуді қамтитын жыл сайынғы есеп.
ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ КОНСОРЦИУМЫ – ғылыми ұйымдар, жоғары оқу орындары 
және басқа да заңды тұлғалар, оның ішінде өндіріс саласында жұмыс істейтін басқа да заңды 
тұлғалар іргелі, қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу, технологиялық инновацияларды 
әзірлеу және жоғары білікті мамандарды даярлау үшін зияткерлік, қаржылық және өзге 
де ресурстарды біріктіретін бірлескен шаруашылық және ғылыми қызмет туралы шарт 
негізіндегі ерікті тең құқықты уақытша бірлестік. 
ҒЫЛЫМИ, ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША БАС ҰЙЫМ –
нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыруға арналған конкурстың 
қорытындылары бойынша мемлекеттік уәкілетті орган айқындайтын әрі іргелі және 
қолданбалы зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламасын іске асыруды 
сүйемелдеуді және орындалатын бағдарламаның шеңберінде орындаушы ұйымдардың 
қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын заңды тұлға.
ҒЫЛЫМИ, ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОБА МЕН БАҒДАРЛАМА – болжанған 
ғылыми-техникалық жұмыс мазмұнын қамтитын, жоспарланған жұмыстарды жүргізудің 
мақсаттары мен міндеттері, өзектілігі, жаңалығы, ғылыми-практикалық маңыздылығы 
мен орындылығы негізделген ғылыми, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық, 
маркетингтік зерттеулерді білдіретін құжат. 
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМ ЛЕ-
КЕТ ТІК САЯСАТ – мемлекеттің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметке 
қатынасын білдіретін, ғылым мен техника саласындағы әртүрлі ұйымдар қызметінің, 
ғылыми-техникалық жетістіктерді іске асырудың, жаңа технологиялар жасаудың, оның 
ішінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы негізгі басымдықтарын, 
мақсаттарын, бағыттарын, қағидаттарын, нысандары мен әдістерін айқындайтын әлеуметтік-
экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі.
ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЕСЕБІ – ғылыми-
техникалық жұмыстың іске асырылуы туралы ақпаратты, ғылыми, ғылыми-техникалық, 
тәжірибелік-конструкторлық, маркетингтік зерттеулерді, сондай-ақ жоспарланған жұ-
мыс тардың әрі қарай жүргізілуінің орындылығы туралы не аяқталған ғылыми, ғылыми-
техникалық жоба мен бағдарлама нәтижесі туралы ақпаратты қамтитын құжат.
ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ НӘТИЖЕСІ 
–ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті орындау барысында алынған және 
кез келген ақпарат жеткізгіште тіркелген жаңа білім немесе шешімдер, ғылыми әзірлемелер 
мен технологияларды өндіріске енгізу, сондай-ақ жаңа бұйымдардың, материалдар мен 
заттардың модельдері, макеттері, үлгілері.
336


337
Зерттеуші сөздігі
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ – бар білімді кеңейту және жаңа білім алу, 
ғылыми гипотезаларды тексеру, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын анықтау
жобаларды ғылыми жинақтау, ғылыми негіздеу мақсатында ғылыми ізденіспен, зерттеулер, 
эксперименттер жүргізумен байланысты жұмыс.
ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет 
нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және 
технологиялық жұмыстар шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет 
субъектілері тиісті ғылыми әдістермен және құралдармен жүзеге асыратын қолданбалы, 
іргелі, стратегиялық ғылыми зерттеулер. 
ҒЫЛЫМИ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ – ғылыми ұйымның балансындағы ғылыми зертханалық 
және инженерлік жабдық, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіріс, бірегей объектілер, сондай-ақ 
өзге де жылжымалы және жылжымайтын мүлік.
ҒЫЛЫМ КАНДИДАТЫ, ҒЫЛЫМ ДОКТОРЫ – ізденушілердің диссертациялар 
қорғауы негізінде берілетін ғылыми дәрежелер. 
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ – зерделенетін объектiлерге, құбылыстарға (процестерге) тән 
қасиеттерді, ерекшелiктер мен заңдылықтарды анықтау мақсатында қоршаған болмысты 
зерделеуге және алынған білімдi практикада пайдалануға бағытталған қызмет.
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР – ғылыми ұйымда, жоғары оқу орнында немесе ұйымның 
ғылыми бөлімшесінде жұмыс істейтін, жоғары білімі бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-
техникалық қызмет нәтижесіне қол жеткізетін және оны іске асыратын жеке адам. 
ҒЫЛЫМИ МЕКТЕП – жинақталған білімдердің танып-білінуі мен берілуі үдерістерінің 
бірлігін жүзеге асыратын ғылыми қызметтің ұйымдастырылуының әдісі мен нысаны.
ДИАЛЕКТИКАЛЫҚ ӘДІСНАМА – индукция мен дедукцияның, анализ бен синтездің, 
абстрактілік пен нақтылықтың, тарихилық пен логикалықтың бірлігі. Ғылыми зерттеулерде 
жеке пәндердің әдістерін дұрыс қолдану әдіснама ғылымына, яғни ақиқатты танудың 
диалектикалық заңдылығына сүйенеді. 
ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ – жаңа педагогикалық білімді қалып тас ты-
ра тын танымдық әрекет түрі, оқыту, тәрбиелеу мен дамудың объективті заңдылықтарын 
ашуға бағытталған үдеріс. 
ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ – ғылыми, ғылыми-техникалық, инновациялық 
және өндірістік қызмет барысында алынатын ғылымның, техниканың, технологиялардың 
ұлттық және шетелдік жетістіктері туралы мәліметтерді қамтитын ақпарат.
ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ – технологиялық, конструкторлық, эко но ми-
калық пен әлеуметтік-саяси және өзге де міндеттерді шешу үшін ғылымның, техника мен 
өндірістің барлық саласында жаңа білім алуға және оны қолдануға, осы зерттеулерді жүргізу 
үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттама әзірлеуді қоса алғанда, ғылымның, 
технологияның және өндірістің біртұтас жүйе ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 
бағытталған қызмет.
ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ УӘКІЛЕТТІ ОРГАН (БҰДАН ӘРІ – УӘКІЛЕТТІ ОРГАН) 
– ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында салааралық үйлестіруді және 
басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
ҒЫЛЫМИ ТАНЫМ – жаңа білім алу мақсатындағы ғылыми әдістерді пайдаланып, 
өзіндік мақсат көздей отырып зерттеу жүргізу.
ДЕДУКЦИЯ – білімнің көбіне жалпыдан кемірек жалпыға, жекеге қарай қозғалуы, 
салдардың алғышарттардан шығарылуы, ғылыми танымда дедукция индукциямен ажы-
рағысыз байланысты. Логика дедукцияны ой қорытындысының бір түрі деп қарастырады. 
ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК – азаматтың немесе заңды тұлғаның ғылыми-зерттеу, тә жі-
рибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың нәтижесінде алынған зияткерлік 
шы ғармашылық қызмет нәтижелеріне және азаматтық айналымға қатысушыларды, 


Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері
338
тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді дараландыру құралдарына ай-
рықша құқығы.
ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕР – ғылыми ұйымда немесе жоғары оқу 
орнында жұмыс істейтін, кәсіптік орта немесе жоғары білімі бар, ғылыми және (немесе) 
ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне қол жеткізуге және оны іске асыруға жәрдемдесетін 
жеке адам.
ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОР (ДОЦЕНТ), ПРОФЕССОР – ғылыми 
ұйымның немесе жоғары оқу орнының қолдаухаты бойынша уәкілетті орган беретін ғылыми 
атақтар.
ҚОЛДАНБАЛЫ ЗЕРТТЕУ – практикалық мақсаттарға қол жеткізу және нақты 
міндеттерді шешу үшін жаңа білім алуға және оны қолдануға бағытталған қызмет.
НЕГІЗДЕУ – ғылым әдіснамасы мен логикада білімнің әртүрлі нысандарын (болжам, 
теория, тұжырым) ақиқаттығы анықталған басқа пікірлер мен тұжырымдарға, теорияларға 
сүйену арқылы дәлелдеу.
ПАРАДИГМА (грек. paradigma – мысал, үлгі) – педагогикалық бірлестіктің (қауым-
дастық) педагогиканың дамуының әрбір кезеңінде қабылданған, жазбаша өкімдердің 
(пре дписание) белгілі жинағын педагогикалық проблемаларды шешу кезінде үлгі (стан-
дарт, қалып) ретінде басшылыққа алынатын теориялық, әдіснамалық және басқа 
нұсқаулар жиынтығы. «Парадигма» түсінігін америкалық тарихшы Т. Кун енгізді, ол 
ғылыми пән дамуындағы әртүрлі кезеңді бөліп көрсетті: препарадигмалық (парадигманың 
қалыптасуынан бұрын), үстемшілдік парадигма («қалыпты ғылым»), парадигма ауысатын, 
біреуінен басқасына өтетін, ғылыми революциядағы дағдарыс. 
ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ӘДІСНАМАСЫ – педагогикалық болмысты 
танып білу және өзгерту үдерістері мен формалары, әдістері, ұстанымдары туралы ілім.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗАҢ – білім құбылыстары, педагогикалық жүйе компоненттері 
арасындағы, оның өзін-өзі ұйымдастыру, даму және қызмет істеу механизмдерін көрсететін, 
объективті, маңызды, қажет, жалпы және тұрақты қайталанатын байланысты білдіретін 
категория. 
ПЕДАГОГИКАДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР – оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, құ-
рылымы, тетігі, педагогиканың теориясы мен тарихы, оқу-тәрбие жұмысының ұйым дас-
тырылу әдістемесі, оның мазмұны, ұстанымдары, әдістері мен ұйымдастырылу нысандары 
туралы қоғамдық тұрғыдан маңызды жаңа білімдер алуға бағытталған ғылыми қызмет 
үдерісі мен нәтижесі.
САЛАЛЫҚ-УӘКІЛЕТТІ ОРГАН – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет сала сын-
дағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу 
жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган. 
СИНЕРГЕТИКА (грек. synergeia – ынтымақтастық) – күрделі жүйелердің бей-берекет 
күйден реттелген күйге өту процесін зерттейтін және осы жүйе элементтерінің арасындағы 
белгілі бір байланысты ашатын ғылым.
СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР – стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған 
іргелі не қолданбалы зерттеулер.
ТАНЫМ – айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында белсенді бейнеленуін, 
танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімінің шындыққа қатысын, қоғамдық 
практика негізінде іске асатын таным үдерісінің заңдылықтарын, оның негізгі формаларын, 
әдістерін болжамдар мен теорияларды құру мен дамытудың принциптерін зерттейтін 
философия ғылымының саласы.
ТӘЖІРИБЕЛІК-КОНСТРУКТОРЛЫҚ ЖҰМЫСТАР – өнімді жасау немесе жаңғырту 
кезінде орындалатын жұмыстар кешені, тәжірибелік үлгілерге арналған конструкторлық 
және технологиялық құжаттаманы әзірлеу, тәжірибелік үлгілер мен пайдалы модельдерді 
дайындау және сынау.


339
Зерттеуші сөздігі
ТӘЖІРИБЕЛІК ӨНДІРІС – негізгі қызметі тәжірибелік үлгілер мен пайдалы мо дель-
дерді, жаңа өнімдер мен технологиялық процестерді дайындау және байқаудан өткізу болып 
табылатын ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының құрылымдық бөлімшесі немесе 
заңды тұлға. 
ТЕОРИЯ – практика мен тәжірибені қорыта келіп, әр алуан қоғамдық құбылыстар 
мен фактілерді түсіндіретін және оларға әсер ете алатын жалпы ғылыми ұстанымдарды 
білдіретін ілім.
ТҰҒЫР – педагогикалық нысананы зерттеудегі тәсілдер жиынтығы. Сондықтан 
зерттеу мәселесінің әдіснамалық негізін нақтылауда немесе шешуде тұлғаға бағдарлы, 
аксиологиялық, іс-әрекеттік, құзыреттілік тұғырларын басшылыққа алуы тиіс.
ФИЛОСОФИЯ ДОКТОРЫ (РҺD), БЕЙІНІ БОЙЫНША ДОКТОР – тиісті мамандықтар 
бойынша докторантураның кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгерген және дис сер-
тация қорғаған адамдарға берілетін ғылыми дәреже. 
ІРГЕЛІ ЗЕРТТЕУ – табиғат, қоғам, адам дамуының негізгі заңдылықтары мен олардың 
өзара байланысы туралы жаңа ғылыми білім алуға бағытталған теориялық және (немесе) 
эксперименттік зерттеу [37; 52; 93; 198]. 


Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері
340


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет