Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 2020 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет45/145
Дата05.12.2023
өлшемі3.8 Mb.
#485495
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   145
Ш.Таубаева ПЗ

1-тарау. Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
98
– зерттеу жұмыстарында пайдаланылатын әдістермен танысып, олар-
ға өз бағасын беру;
– жинақталған материалдарды талдау және қорытындылау;
– зерттеу тақырыбы, оның өзектілігі, мақсаты мен болжамы, нәтижесі 
бойынша жетекшісінен немесе осы салада зерттеу жұмысымен айналыса-
тын мамандардан кеңес алу;
– педагогика ғылымының дамуы қажеттілігіне және практикасы-
на деген сұраныстарға негізделініп дайындалатын ғылыми мәселелердің 
өзектілігіне тиянақты, жүйелі талдау жүргізу керек.
Зерттеудің тақырыбы: зерттеу мәселесі қырларының анық, қысқа 
берілуі. Тақырып сол қоғамның объективті талаптарына, сұраныстарына 
жауап бере алатындай болуы керек. Зерттеу тақырыбындағы мәселе ше-
шімі қалтқысыз табылуы қажет, өте күрделі де қоғамдық маңызға ие бол-
ған мәселелермен ұштасқан әлеуметтік тапсырыс нақты тақырыптың не-
гіз демесін талап етеді. Зерттеу тақырыбын құрастыра отырып, біз мынадай 
сұраққа жауап береміз: келешекте айналысатын мәселеміз қалай атала-
ды?, тақырыпта бұрынғы білімнен жаңа білімге қарай қандай қозғалыс 
көрініс табады, яғни, бір жағынан, тақырып қандай кең ұғымдармен және 
мәселелермен сәйкестендіріледі, ал басқа жағынан, қандай жаңа танымдық 
және практикалық материалды меңгеру жоспарланған еді?
Тақырыпты дұрыс таңдау көп жағдайда оның орындалу сапасы мен 
нәтижесін анықтайды. Зерттеудің кез келген тақырыбы белгілі бір ғылыми 
бағытта орындалады. Ғылыми бағыт негізінде ғылым немесе ғылым кешені 
түсіндіріледі, техникалық, биологиялық, тарихи, педагогикалық және т.б. 
салаларда зерттеу жүргізіледі. 
Зерттеу нысаны – іздену аймағы. Мұндай нысандарға педагогикалық 
жүйе, құбылыс, үдеріс жатады. 
Зерттеу пәні – нысанның белгілі бір қыры, зерттеліп отырған құ бы-
лыстың таралу үдерісі, элементі, байланысы, қатынастарының жиынтығы.
Зерттеудің тақырыбынан оның мақсатына қойылатын талаптар туын-
дайды.
Таңдалған зерттеу нысаны мен пәніндегі қарастырылып отырған мә-
се ленің өзектілігін пайдалана отырып, оның мақсатын анықтауға болады. 
Зерттеу мақсаты әртүрлі әрекеттердің белгілі бір тетігі «мақсат – құрал – 
нәтиже» болып табылады. Мақсат – сезінілген бейне, пайдалы нәтиже, оған 
міндетті түрде қол жеткізеді. Ғылыми зерттеу өте күрделі, әр жағдайда өз ло-
гикасымен, зерттеу әдістерімен және ұйымдастырылуымен ерекшеленеді. 
Зерттеудің мақсаты: зерттеліп отырған мәселенің себеп-салдар бай-
ланыстарын және заңдылықтарын айқындау, теориясы мен әдістемесін 
ұсыну.
Зерттеудің болжамы: өзекті мәселенің теориялық және практикалық 
жағын талдау негізінде шешімін алдын ала болжау. Зерттеуші болжамын-


99
1.6. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің логикасы мен тұжырымдамасы
да жаңаны алдын ала көре алатындай болу керек. Зерттеу болжамы егер..., 
онда..., өйткені... деген сөздермен байланысып құрылады. 
Зерттеудің міндеттері: зерттеу мақсатының бөлшектенуі, зерттеу, 
анықтау, айқындау, қорытындылау, нақтылау, ұсыну, тәжірибелік жұмыста 
тексеру тұрғысында құрылады.
Ғылыми ізденістің тиімділігіне көбінесе зерттеу кезеңдерін дұрыс 
тізбектей орналастыра білу және олардың нақты қадамы шынайы нәтижеге 
жеткізуі, яғни зерттеу логикасы себепші болады.
Дидактикалық зерттеулер – педагогика ғылымы мен педагогикалық 
практиканы байланыстыратын тізбектің органикалық бөлігі. Дидакти-
ка – педагогика ғылымының қоғам дамуының белгілі кезеңдерінде ал ға 
қойылатын аса жауапты міндеттерді шешу барысында үнемі дамып оты-
ратын, білім беру мен оқытудың мазмұнын, құрылымын, оқыту заң ды-
лық тары мен ұстанымдарын, ерекшеліктерін, талаптарын, шарттарын, оны 
ұйымдастыру әдістері мен формаларын және технологиясын, оқыту нә-
ти желілігін зерттейтін құрылымы қалыптасқан маңызды да күрделі сала-
сы. Дидактиканың тарихи тамырларын зерттеу бүгінгі таңда жалпы орта 
білім беретін мектептегі пәндерді оқыту заңдылықтары мен ұстанымдарын 
жүйелеу, білім құрылымы мен мазмұнын жетілдіру, жаңа сапалы білімге 
қол жеткізу үшін құнды болып табылады.
Өзінің 300 жылдық даму тарихында оқытудың мәнін ашатын көптеген 
дидактикалық тұжырымдамалар пайда болды. Олардың бәрі де осы кезге 
дейін мектептерде білім беру мен тәрбиелеу тәжірибесіне үлкен ықпал етіп 
келді және әлі де ықпал ете береді. Дидактикалық тұжырымдаманың мәні 
мен мазмұнын сипаттау үшін оны жіктеу қажеттілігі туындайды. Мұндай 
жіктеудің негізі жалпы дидактиканың зерттеу пәні ретінде есептелетін оқу 
үдерісі болып табылады. Бұл жөнінде көптеген ғалымдар өз көзқарастарын 
білдірді. Осыған сәйкес, дидактикалық тұжырымдама үш топқа бөлінеді: 
дәстүрлі, педацентристік және қазіргі заманғы дидактикалық жүйе. Әр 
топтың өзіндік теориясы мен белгілі бір бағыттары бар. Солардың бірі
(Ч. Куписевич, П.И. Пидкасистый бойынша) дидактикалық зерттеулердің 
басты пәні сабақ беру үдерісі (дәстүрлі дидактикалық жүйе) және тәрбие 
үдерісі (педоцентристік жүйе) немесе оқыту үдерісі (дидактиканың қазір-
гі жүйесі) болатынына тәуелділігіне байланысты жүзеге асады. Басты рөл ді 
сабақ беру мәселесі алатын дәстүрлі жүйеге Я.А. Коменскийдің, Песта лоц ци-
дің, А. Беллдің, Д. Ланкастердің, И.Ф. Гербарттың тұжырымдамалары жатады.
Оқушы іс-әрекетіне басымдық берілетін педоцентристік жүйеге
ХХ ғасырдың бас кезіндегі Д. Дьюи, Г. Кершенштейнер және В. Лай тео- 
риялары жатады.
Қазіргі заманғы дидактикалық жүйеде оқыту мен оқу өзара бірлікте. 
Дидактикалық тұжырымдама шеңберінде бағдарламалап оқыту, мәселелеп 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет