Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 2020 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет49/145
Дата05.12.2023
өлшемі3.8 Mb.
#485495
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   145
Ш.Таубаева ПЗ

1-тарау. Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
106
барысында көрінеді. Дидактикалық зерттеулер педагогикалық ғылымды 
және педагогикалық тәжірибені байланыстыратын органикалық байланыс 
болып табылады. Ол ғылым мен өндірісті біртұтас етіп байланысты ра тын 
құрылымдық буындарға сәйкес келеді. Олар: 1) әдіснамалық зерт теулер; 
2) іргелі зерттеулер; 3) қолданбалы зерттеулер; 4) тәжірибе-құрас ты-
рушы жұмыстар (жобалау және жаңа өнімді сынау); 5) ойлап табу жә не 
ра ционалдық қызмет; 6) тікелей өндірістік қызмет. Дидактикалық әдіс-
на малық, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіліп, тәжірибелі құ-
рал дар жасалады. Дидактикалық зерттеулер пәні алға қойған мақсатқа 
ба ғы натын оқыту үдерісінің мазмұнында, өту барысында, жабдықтары 
мен ұйымдастырылуында көрінетін кез келген саналы дидактикалық қыз-
метті білдіреді. Дидактика өзіне тән танымдық қызметті орындайды. Осы 
педагогикалық тұжырымдаманың (әлеуметтік, психологиялық, фи зиоло-
гия лық, кибернетикалық және т.б.) негізінде жатқан аралас ғы лым дардың 
деректеріне талдау жасау.
Дидактикалық зерттеуді әдіснамалық негіздеуге ғалымның қатынасын 
талдаудан байқағанымыз, ол материалистік диалектиканың заңдары мен 
категорияларын дидактика мәселесін зерттеу үдерісін ғылыми жағынан 
қамтамасыз ету үшін қолданды. Оқу құралдарында зерттеудің жалпы 
ғылыми және арнайы әдістері ұсынылады, зерттеу түріне байланысты зерт-
теу кезеңдері ашылады. Дидактикалық зерттеулер әдісіне: оқыту практи-
касын бақылау, сауалдар қою, рейтинг, алдыңғы қатарлы педагогикалық 
тәжірибені жинақтау, бағдарлама, оқулықтар, модельдеу, эксперимент, т.б. 
тәжірибе түрінде тексеру жатады. Дидактика мәселесін тиімді тексеру шар-
ты: жүйелі тәсіл, аралас ғылымдар әдісін қолдану (психология, әлеу мет-
тану, т.б.), математикалық статистика мен логика, оқытудың түрлі аспек-
тілерін кешенді түрде зерттеу. 70-жылдары дидактикалық зерттеулерде оқу 
материалының көлеміне, қарқынына, оны бүкіл оқу жылында және сабақ 
барысында қолдануға баға беру үшін сан әдістеріне мән берілді.
Академик Ю.К. Бабанский өзінің «Педагогикалық зерттеулердің тиім-
ділігін арттыру мәселесі» (1982 ж.) атты кітабының «Дидактикадағы зерт-
теу әдістерін таңдау» деген ІІІ тарауында мынадай әдістердің жиын тығын 
ұсынады: педагогикалық бақылау әдістері, әңгімелесу, сұхбат алу және 
сауалнама, рейтинг және өзін-өзі бақылау, «педагогикалық консилиум», 
диагностикалық бақылау жұмыстары, педагогикалық эксперимент, пе да-
гогикалық зерттеулердің теориялық әдістері (салыстырмалы-талдау әдіс-
тері, абстрактіден нақты әдіске өту, модельдеу, т.б.). 
Кейбір авторлар (В. Оконь және т.б.) салыстырмалы-тарихи зерттеу 
әдістерін ұсынады (тарихи әдістер, салыстырмалы әдістер), бақылау әді сі, 
дидактикалық эксперимент әдісі зерттеудің қиындығын көрсетеді. Дидак-
ти калық зерттеудегі қиындықтарға: 1) «өлшенетін» және «өлшенбейтін» 


107
1.6. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің логикасы мен тұжырымдамасы
құбылыстарды бөліп көрсету; 2) зерттелетін пәндерді бірдей қамту және 
белгіленбеген көрсеткіштерге сай мүшелеу; 3) қандай да бір үдерісті сан-
дық және сапалы сипаттауға бағытталған зерттеу; 4) зерттеуді дайын дау-
дың баяу қарқыны, тұжырымдамалар жасау, т.б. жатады (1990 ж.). Ди дак-
ти калық зерт теулер түсіндіру, болжау, практикалық және бағалау қыз ме тін 
орын дай ды. Бұл қызметтер арасындағы байланыс дидактикалық зерттеуде 
нақты болады.
Тұжырымдама – бұл ғылыми, техникалық және де басқа түрлі әре-
кет тердің жетекші ойы, ұстанымы (В.М. Полонский). Тұжырымдама ма-
териалы ұсынылатын идея негізіне салынған жүйе ретінде берілуі керек. 
Оның үстіне тұжырымдама белгілі бір құбылысты түсінудің тәсілі, оған 
көзқарастар жиынтығы, үдерістердің жетекші идеясы, әрекеттің негізгі 
түпкі мақсаты болып табылады. Тұтас алғанда тұжырымдама әдіснамалық 
қызмет атқарады және ойлау әрекетінің ерекше тәсілі іспетті [198].
Дидактикалық зерттеулердің тұжырымдамалары. Философия мен пе-
дагогикада әдіснамалық тұжырымдамалардың әртүрлі жіктемелері, әдіс-
на малық ұстанымдардың түсіндірмелері кездеседі. Бұл әсіресе «әдіс на-
ма лық тұжырымдама» ұғымына көбірек қатысты. Әдіснамалық мәсе лені 
жүйелі шешу белгілі бір гносеологиялық ұстанымдар базасында құ ры ла-
тын әдіснамалық тұжырымдамада беріледі. Әдіснамалық тұжы рым да маға 
тек философиялық ұстанымдар ғана ықпал етіп қоймайды. Әдіс на ма лық 
тұ жырымдамалар ғылыми білімді дамытуды құрудың теориясы бол ған дық-
тан, ол да сондай немесе басқаша дәрежеде ғылымға және оның тарихына 
бағ дарланады. 
Әдіснамалық тұжырымдама мен әдіснамалық мектептерді төмендегі-
ше жіктеуге болады: 1) гносеологиялық мектеп (П.В. Копнин, Э.В. Ильен-
ков және басқалар); 2) Қазақстанның философиялық мектебі (Ж.М. Әбділ-
дин, Г.Г. Ақмамбетов, Ә.Н. Нысанбаев, О.А. Сегізбаев, Д.К. Кішібеков,
В.А. Ким, М.М. Сужиков, А.Х. Қасымжанов және т.б.); 3) ғылымның ло-
ги калық-ма тематикалық әдіснама мектебі (С.Я. Яновская, А.А. Зиновьев, 
В.А. Смирнов және т.б.); 4) жүйелі-әдіснамалық тұжырымдама (В.Н. Са-
довс кий, И.В. Блауберг, Э.Г. Юдин, А.И. Уемов және т.б.); 5) ойлау әрекеті 
және ұйымдастыру – әрекеттік ойындар жүйесінің әдіснама мектебі
(Г.П. Щедровицкий және т.б.); 6) ақыл-ой мектебі (И.С. Ладенко және т.б.); 
7) ұйымдастырушылық басқару жүйесін тұжырымдамалық жобалаудың 
әдіснамалық мектебі (С.П. Никоноров және т.б.).
Тұтас тұжырым әртүрлі ғылымнан алынған білімді жай ғана құрастыра 
салудан түзілмейтінін естен шығармау керек. Тұжырымдама құбылыс кө-
рінісінің категориялық инструментарийін, яғни зерттеліп отырған фено-
мен нің мәні, функциясы, құрамы, құрылымы туралы түсінікті береді. Зерт-
теу ші ғылыми-педагогикалық жұмыстың сапасы тұжырымдамалық құ ры-


1-тарау. Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
108
лымға немен байланысты екеніне өзінің зерттеу пәнін көру призмасы тұр-
ғы сы нан жалпы ғылыми және педагогикалық категориялар арқылы өзінше 
тал дау береді.
Бірдей әдістемелік негізде жасақталған метатұжырымдама көзқарастар 
жүйесіне құрылымға инвариант, яғни нысанның сипатына тәуелсіз түр де 
енуі керек. Мұндай жұмыстардың мысалы автордың мұғалімнің зерт теу-
шілік мәдениетін қалыптастыру мәселесі бағытындағы докторлық диссер-
тациясын орындау барысында тұжырымдаманы қарастыру және зерделеу 
қызметі болып табылады [222] (5-кесте).
5-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет