Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 2020 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет5/145
Дата05.12.2023
өлшемі3.8 Mb.
#485495
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   145
Ш.Таубаева ПЗ

1-тарау. Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
14
1
2
3
4
18 Нәтижелері
– өмір сүру сапасын барынша тиімді тәсілдермен 
арттыру;
– қоғамның материалдық-техникалық базасын 
жасақтаудағы айтарлықтай көмек;
– ғылыми-техникалық жасалым;
– қоғамдық қатынастарды жетілдіру;
– адамның жаңа сапаларын қалыптастыру;
– практикада тексерілген ұғым, категория, заңдар, 
болжамдар, теориялар, дүниенің ғылыми бейнесі 
сияқты танымның әртүрлі әдістері нәтижесінде 
алынған ғылыми білімнің нәтижелері. Олар алдын 
ала болжамды қоғам мен адамның талабына орай 
ақиқатқа айналдыруға мүмкіндік береді.
19 Инфра-
құрылымы
– нақты бір қызмет атқаратын отандық, шетелдік 
ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдары мен 
бөлімшелері;
– ғылыми-зерттеу жұмыстарының білім мен 
әдістерін ғылыми іс-әрекеттегі субъект ретіндегі 
жеткізуші ғылыми қызметкерлер, отандық, 
халықаралық ғылыми қауымдастықтар;
– ғылымды мемлекеттік ұйымдастыруға және 
басқаруға, ғылыми жобалар конкурстарын 
өткізуге жауапты мемлекеттік басқару органдары 
және т.б.;
– диссертациялық зерттеулерін қорғау арқылы 
нәтижеге қол жеткізетін ғылыми кадрларды 
дайындау;
– өз ықыластарымен және мемлекеттік, бизнестік 
тапсырыстар бойынша жасалған ұжымдық және 
авторлық жұмыстар;
– арнайы танымдық мақсаттардың, міндеттердің 
және құралдардың болуы;
– ғылыми жетістіктерді бағалаудың, тексерудің, 
талдаудың, марапаттаудың (медаль, сыйақы) түрлерін, 
белгілі бір санкциялардың болуын ойлап табу;
– ғылыми ақпарат және коммуникация жүйесі;
– отандық та, халықаралық та ерікті ғылыми 
қоғамдар.
20 Ғылыми тілі
Әрбір ғылыми жүйеге қажетті арнайы тіл: а) та-
би ғи; ә) жасанды (белгілер, символдар, мате ма ти -
калық теңдеулер, химиялық формулалар және т.б.).
Олардың арасындағы ерекшелігі: айтылатын сөзді 
алдын ала ойластыру, монолог, үлкен мазмұнды то-
лық тық және ойды айтып жеткізудегі ұжымның ішкі 
логикасы, түсініктілік және категориялық аппарат.
Жоғары дәрежеде толыққанды ойлау негізінде 
ақпараттылық, бірізділік пен дәл, нақты түсінудің 
ғылыми байланысын қамтамасыз етеді. 


15
1.1. Ғылым және ғылыми-педагогикалық зерттеу
1
2
3
4
21 Ғылымдар 
жүйесі
– табиғи;
– қоғамдық және гуманитарлық;
– техникалық.
22 Өзара 
әрекеттестік
– философиямен, оның ішінде «неге және 
ақиқаттың жетістігі қалай мүмкін болады» 
деген сауалдың аясында талқыланатын ғылым 
философиясымен;
– идеологиямен (қоғамдық идеяларымен және 
теориялар мен көзқарастар жиынтығымен).
23 Қалыптасу 
тарихы
– ерте дүниедегі қоғамдық практика талаптарымен 
байланысты пайда болу;
– қазіргі жүйеде қалыптасты: XVI-XVII ғ.
24 Даму дәуірлері – ғылымның дамуында оның құрылымын, 
таным ұстанымдарын, категорияларды және 
әдістерді, сол сияқты оның ұйымдастыру 
формасын өзгертуге әкелетін экстенсивтік және 
революциялық кезеңдер кезектесіп отырады.
25 Қазіргі 
жағдайы
– ғылыми әрекеттің көлемі әрбір 10-15 жылда 
көбейіп отырады, соған байланысты:
– жаңа ашылымдардың өсуі;
– ғылыми ақпараттың көлемі;
– ғылыми қызметкерлердің саны артып отырады.
Қазіргі өркениеттің инновациялық дамуының 
талаптарын орындауды мақсат тұтқан, сонымен 
қатар ғылымда жетекші рөлге ие «ғылым-техника-
өндіріс» жүйесін туғызған ғылыми-техникалық 
революция. 
26 Жаңа белгілері – тұрақты құбылыстарды зерделеп отыру дербес, 
қайталанбас құбылыстарға ғылыми назар 
аударуды еселей түседі;
– нанотехнологияны кең түрде өндірістік 
қолданудың күтілуі барлық адамзат үшін терең 
экономикалық және әлеуметтік әсерлі болмақ;
– дүниенің механикалық бейнесіне негізделген 
классикалық ғылым классикалықтан емес және 
классикалық емес кезеңнен кеінгі бейнемен 
толықты (кванттық үдерістерге бақылау мен 
бақылаушы ұстанымдарының әсері, кейбір 
космогондық теориялар және т.б. кезіндегі табиғат 
заңдарын өзгерту ұстанымдары және т.б.); 
– әлеуметтік-мәдени ақиқатты түбірімен 
өзгертетін микро- және мега әлемді тану бағытын 
тереңдету;
– классикалықтан тыс ғылым әлеуметтік-мәдени 
келісімді насихаттайды;
– жаңаның мәні абсолюттенеді; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет