Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 2020 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет65/145
Дата05.12.2023
өлшемі3.8 Mb.
#485495
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   145
Ш.Таубаева ПЗ

жұ мысқа дайындығының жүйесі». Болжамы: болашақ мұғалімдердің әлеу-
мет тік-педагогикалық жұмыстарға дайындығы кіріктірілген тұлғалық білім 
ретінде қалыптасуы мүмкін, егер дайындық жүйесінде үш блок үйлесімді 
жүзеге асырылса (ынталы-мақсатты, мазмұнды және үдерістік), онда жоғары 
оқу орнының педагогикалық үдерісінің кәсіби бағыттылығы әлеуметтің та-
лаптарына жауап береді деп есептеуге болады, өйткені болашақ мұғалім 
өзіндік әрекеттерінде әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың нысандары мен 
әдістерін оқушылармен жұмыс істегенде меңгереді (Г.Ж. Меңлібекова).
Енді болжамға негіздей отырып, біріншіден, зерттеудің нақты мін дет-
терін анықтау қажет. Ол үшін негізгі ғылыми әдебиеттерді оқып, оның зерт-
телу жайын анықтау шарт. Екіншіден, бар материалдарды жинақтау және 
оларды есепке алу (мәселенің тарихы мен теориялық жағдайын сипаттай-
тын әдебиеттер; мектеп және мұғалім тәжірибесін ескеру; педагогикалық 
құ жаттар; оқушылардың шығармашылық және оқу-тәрбие әрекеті; тәжі ри-
белік жұмыс және педагогикалық эксперимент) қажет. 
Барлық материалдарды жинақтап, оларды есепке алып, талдап, қо ры-
тындылау үшін келесілерді жүзеге асыру қажет: біріншіден, фак ті лерден 
идеяларға жылжу. Фактілер дәлелді және шынайы болулары тиіс. Фактілер 
теорияға негіз болу үшін ғылыми танымдық жағынан ескерілу қажет; екін-
шіден, эксперименттік тексеру және ұжымдық талқылау; үшіншіден, ғы-
лыми нәтижелерді жүйелеу, жазу. Зерттеу нәтижесі тұжырымдар мен қо ры-
тындыда беріледі. Бұл зерттеудің түйіні, теорияны байытатын ең маңызды 
нәрсе, оны нақты, негізделген түрде жазу қажет; төртіншіден, практикаға 
ен діру шарт, ол екі түрлі жағдайда жүзеге асады: тікелей нұсқау арқылы 
және ғылыми эксперимент арқылы. 


2-тарау. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты
140
Зерттеу міндеттері: зерттеу, анықтау, айқындау, қорытындылау, 
нақ тылау, ұсыну, тәжірибелік жұмыста тексеру тұрғысында құрылады.
В.И. Заг вязинскийдің пікірінше, психологиялық-педагогикалық зерттеудегі 
міндеттердің үш тобын атап өткен жөн. Ең жиі кездесетін бірінші то бы 
тарихи-диагностикалық деп аталады. Бұл тарих пен қазіргі заман мә-
се лелерін зерттеумен, сондай-ақ зерттеудің жалпы ғылыми және пси хо-
ло гиялық-педагогикалық дәлелдемелерін, түсініктерін анықтаумен және 
нақ тылаумен байланысты; екіншісі – теориялық-модельдік міндеттер тобы, 
бұл құрылымдық, оның қызметтері мен түрлендіру әдістерін анықтау, ашу-
мен байланысты, үшіншісі – тәжірибелік-түрлендіруші міндеттер то бы, 
бұл педагогикалық үдерістің, оның болжамдық түрленуін тиімді ұйым-
дастырудың әдістері мен тәсілдерін анықтау мен қолдану, сондай-ақ тәжі-
ри белік ұсыныстарды даярлаумен байланысты [84].
Зерттеу міндеттерін анықтайтын әртүрлі тәсілдер бар. В.П. Давыдовтың 
ойынша, бірінші міндет зерттелетін нысанның мәнін, табиғатын, құры-
лы мын анықтаумен, нақтылаумен, әдіснамалық деректемемен және т.с.с. 
бай ланысты; екінші міндет зерттеу пәнінің нақты жағдайын талдаумен
оның даму динамикасымен және ішкі қайшылықтармен байланысты; үшін-
ші міндет тәжірибелі тексерістің қайта жаңару әдістерімен байланыс ты; 
төртінші міндет зерттелетін құбылыстың, үдерістің тиімділігін, мүл тік-
сіздігін қамтамасыз етудің әдістері мен жолдарын анықтаумен, яғни жұ-
мыс тың қолданбалы қырларымен байланысты; бесінші міндет білім беру 
қыз меткерлерінің әртүрлі санаттары үшін зерттелетін нысанның дамуын 
бол жау немесе практикалық кепілдемелерді жетілдіру [66].
Зерттеудің болжамы: педагогика ғылымындағы өзекті мәселенің тео-
риялық және практикалық жағын талдау негізіндегі шешімін алдын ала бол-
жау. Зерттеуші болжамында жаңаны алдын ала көре алатындай болуы керек. 
Зерттеу болжамы егер ..., онда ..., өйткені ... деген ұғымдармен байланы-
сып құрылады. Жоғарыдағы ғылыми жұмыстың компоненттері бір-бірімен 
тығыз байланыста болуы қажет. Мысалы: егер кіші мектеп жасындағы 
ба лалардың зерттеу іс-әрекетіндегі тәжірибесін қалыптастырудың тео-
рия лық-әдіснамалық негіздері айқындалып және бастауыш мектептегі 
педагогикалық үдерісте жүзеге асыруға байланысты анықталған тұ жы-
рым дама мен үлгінің негізінде жасалған әдістемемен қамтамасыз етілсе


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет