Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 2020 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет66/145
Дата05.12.2023
өлшемі3.8 Mb.
#485495
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   145
Ш.Таубаева ПЗ

онда балалардың зерттеу іс-әрекетіндегі тәжірибесі анағұрлым арта түседі, 
өйткені баланың зерттеу іс-әрекетіндегі жинақталған тәжірибесі оның 
пәндік білімдік құзыреті, құзыреттілік жиынтығының қалыптасуына сеп-
тігін тигізеді. 
Оқушылардың зерттеу іс-әрекетін жалпы іс-әрекет пен оқу іс-әрекетінің 
бір түріне жатқызған психологтар қатарына В.В. Давыдов, Б.Д. Габай,
А.К. Маркова, А.Н. Леонтьев, Б. Эльконин, Г.И. Щукина жатады. Оқу шы-


141
2.3. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері
лардың танымдық белсенділіктерін арттырудың бір жолы деп көрсеткен 
психолог-зерттеушілер ретінде Д.Б. Годовкина, А.Н. Поддьяков, С.П. Ива-
новаларды атап айтуға болады. 
Оқушылардың зерттеу іс-әрекетін педагогикалық тұрғыдан қарастырып 
отырғандықтан, зерттеуші алдымен педагог-ғалымдардың аталмыш мәсе-
леге қатысты көзқарастарына тоқталады. Олай болса, жалпы оқытудың, 
яғни өскелең ұрпақ бойына адамзат жинақтаған тәжірибелер мен білімдерді 
берудің тиімді әдіс-тәсілдерінің қатарына жатқызып, оқушылардың өзіндік 
жұмыстарын ұйымдастыруда зерттеу іс-әрекетін қалыптастырудың жол-
дарын іздестіріп, аталмыш іс-әрекеттің нәтижесі оқушылардың білімінің, 
икемдік-дағдыларының қалыптасуымен байланысты екенін көрсеткен пе-
дагогтардың бірі – П.И. Пидкасистый. Ол өз еңбегінде оқушылардың өзіндік 
жұмыстары олардың танымдық белсенділіктерін арттыруға бағытталып
ғылыми таным әдістері арқылы ұйымдастырылуы керек дейді және ол 
жұмыстардың түрлерін төмендегідей ажыратады:
– мұғалімнің жетекшілігімен оқулықтағы берілген мәтінді оқып, 
түсіне отырып, оқулықта көрсетілген әдістер арқылы бақылау және 
тәжірибе жасау, осының нәтижесінде жаңа білімдер жинақтау;
– мұғалімнің алдын ала беретін бағытынсыз оқушылардың өз бетімен 
жинақтайтын білімдері: 
1) оқу арқылы – шағын мақалалар мен басылымда жарияланған мә лі-
меттерді жинақтау арқылы білімін толықтыру;
2) бақылау арқылы – тиісті тақырыпқа байланысты заттар мен 
құбылыстарға бақылау жасап, қорытынды жазу; 
3) тәжірибе арқылы – өте қарапайым және күрделі құрылғыларды 
қажет ететін тәжірибелерді жүргізу.
Бұл көрсетілген білімді жинақтау тәсілдері автордың ойынша, оқу шы-
ларға ғылыми білімді, ғылыми зерттеу әдістерін меңгеруіне үлкен қадам жа-
сауға алғышарт бола алады, алғашында бұл таным нысаны ретінде көрінсе, 
оқушы бұл білімді толық меңгергенде оқушының танымдық іс-әрекетінің 
құралы ретінде қалыптасады деген ой айтады.
Оқушылардың осындай өздік жұмыстарының түрлерін ажыра-
тып, өзін дік ғылыми-шығармашылық жұмыстарына ерекше мән берген
М.И. Мах мутов бұл жұмыстардың жасалу жолдарына тоқталып, оның 
мазмұны мен жүзеге асыру жолдарын көрсетеді. Аталмыш жұмыстардың 
мазмұнына кіретін мәселелер: жергілікті жердің табиғаты, тұрғындары, ша-
руа шылығы, сол жерде мекендейтін аңдардың түрлері, олардың тіршілік 
тынысы. Ал жүзеге асырылу жолдары: оқушының эксперименті, экскур-
сия және фактілер жинақтау, мұрағаттарды зерттеу, жергілікті жердің тұр-
ғын дарымен әңгімелесу, баяндамалар дайындау, әдебиеттерден ақпарат 
алу, құрастыру және модельдеу. Сондай-ақ ол оқушылардың зерттеу іс-


2-тарау. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты
142
әрекеттері олардың басқа да іс-әрекеттерімен тығыз байланысты жүзеге 
аса тындығын, яғни оқушылардың теориялық білімдері тәжірибеде, түрлі 
экс пе римент барысында қолданылатындығын айтады. 
Жоғарыда айтылған ой «Оқытудың басқа да әдіс-тәсілдерін оқушы-
лар дың шығармашылық қабілеттері мен дербес дарындарын ашуға мүм-
кін діктері толық жете бермейтіндігіне арнайы тоқталып, оқытуда ғылыми 
танымның әдіс-тәсілдерін пайдаланған біршама тиімді. Оқушыларға дайын 
білімді бергеннен гөрі, олардың сол білімге өздері жеткені артық» деген 
С.А. Шапоринскийдің идеясымен сабақтасып, ұштасып жатыр.
Бұл пікірге дәлел ретінде тәжірибеде оқушылардың зерттеу жұмыстарын 
жүргізіп, оң нәтижелерге куә болған педагогтар Т. Ивочкина мен И. Ливерцтің 
жасаған қорытындысын ұсынамыз: «Оқушылардың зерттеу іс-әрекетімен 
айналысуының алғышарттары ретінде ең алдымен оқушылардың зерттеу 
іс-әрекетінің мәнін түсініп, олар үшін зерттеудің мақсаттары, міндеттері 
айқын болу керек, сонымен қатар оқушы зерттеуді өзінің дамуы, білімінің 
нақтылануына тиімді әсер ететіндігін сезіну керектігін айтады. Сондай-ақ 
оқушылардың зерттеу іс-әрекетін қалыптастыруда ынталандырудың маңызы 
зор, зерттеу жұмысын жүргізгендегі оқушылардың алған нәтижелері емес, 
сол нәтижеге жеткенше жүріп өткен кезең маңызды», – деп санайды. Сол 
кезеңнен өту барысында оқушылардың бойында келесі қабілеттер мен 
біліктер қалыптасып, дамиды деп есептейді:
– жаңалыққа деген құмарлық пайда болады;
– өз бетімен жұмыс істей алады;
– тиісті ақпарат көздерін тани біледі;
– бір құбылысты немесе затты басқа қырынан қарай алады;
– жаңалықты өз бетімен түсіндіріп, дәлелдеп үйренеді;
– бұрын өзіне белгілі заңдылықтарды салыстыра отырып талдайды;
– қарапайым эксперименттер жүргізеді;
– бір затты немесе құбылысты жан-жағынан қарастырады;
– ғылыми әдістер мен тәсілдерді қолданады;
– мәселенің шешімі ретінде бірнеше жол табу, ең тиімдісін таңдап ала 
алады;
– өзін-өзі және зерттеу жұмысын бағалай білу.
Аталған авторлар оқушылардың өздік жұмысы қатарына жатқызып 
жүрген оқушылардың іс-әрекеттерінің жүзеге асырылуы ғылымда қа лып-
тасқан зерттеу әдістерінің қолайлы түрлерін пайдалану арқылы жүзеге асады 
және де жалпы түрде педагогикада оқушылардың оқу-зерттеу іс-әрекеттері 
деген терминмен беріледі. Ол былайша анықталады: оқушылардың зерт-
теу іс-әрекеті – оқушылардың қандай да бір өзекті мәселелерді мұғалімнің 
көмегімен, ғылымның сол мәселеге қолайлы әдістерін пайдалана отырып 
атқаратын іс-әрекеттерінің бір түрі. Бұл іс-әрекеттің нәтижесі: оқушылардың 


143
2.3. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері
өзіндік ізденіске деген дағдылары, белсенділіктері, жаңа білімді игеруі, 
теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана алуы сияқты қабілетттер.
Көрсетілген нәтижелерге қол жеткізетін оқушылардың зерттеу іс-әре-
кеттерінің жүзеге асуын олардың шығармашылық әрекет етуімен тығыз 
бай ланыстырған А.В. Леонтович: «Оқушылардың зерттеу іс-әрекеті нә ти-
жесінде оқушылар теориялық материалды меңгеру, мәселені көре білу, бол-
жам жасай білу, зерттеудің әдістемесін игеру, жалпылау, жинақтау, талдау, 
қорытынды жасай алу сияқты икемділіктерді игеретін шығармашылық ой-
лауды талап ететін іс-әрекет», – деп көрсеткен. 
Зерттеу іс-әрекеттерін жоғарғы сыныптардағы оқушылардың ғылыми-
зерттеу жұмысының дәрежесіне көтерген зерттеушілер де бар. Атап айтатын 
болсақ, ертеректе бұл мәселемен М.Г. Ярошевский және т.б. айланысқан бол-
са, соңғы уақытта бұл зерттеушілердің ізін А.П. Тряпицына жалғастыруда. 
Олардың ойынша, жоғары сынып оқушыларының ғылыми-зерттеу жұ мыс-
тары ғылымның зерттеу әдістерін пайдалана отырып жүргізіледі, оның 
мақсаты: ғылымға жаңалық енгізу емес, ғылымдағы бар білімді зерттей оты-
рып, ғылымды жаңа идеялармен толықтыру. Ғылыми-зерттеу іс-әре ке тінің 
нәтижесінде оқушылардың жоғары оқу орындарындағы зерттеу жұ мыс-
тарына дайындығы қалыптасады, олар ғылыми терминологиямен танысады.
Жоғары сынып оқушыларының ғылыми-зерттеу іс-әрекетін дұрыс қою 
мақсатында аталған зерттеушілер еңбектері оқушыларға арналған тақырып 
таңдауға көмек бола алады. Ғалымдар зерттеу іс-әрекетімен айналысу ба-
рысында дұрыс бағыт беретін ғылыми жұмыстардың бірізділігі негізінде 
құрастырылған кестелер мен қосымшалар, өз мүмкіндіктері мен білімдерін 
анықтауға арналған сауалнамалар да ұсынған. 
Біздің ойымызша, аталған әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып, мұ-
ға лімдер мен жоғары сынып оқушылары зерттеу іс-әрекетін дұрыс бағытта 
ұйымдастыра алады. Осыған байланысты жоғары сыныптардағы ғылыми-
зерттеу жұмыстарын атқаруға әр оқушының дайындығы болуы керек. 
Оқушылардың зерттеу іс-әрекетін қалыптастырудың өзектілігін көрсететін 
себептер оқушылардың бойында қалыптасатын білім, білік, дағдылардың 
көрсеткішімен тығыз байланысты. Көптеген ғалымдар қазіргі уақытта 
оқушылардың зерттеу іс-әрекеттерін түрлі бағытта ұйымдастыруды көздеп 
отыр. 
Атап айтатын болсақ, зерттеу іс-әрекетін дарынды оқушыларды оқы-
тудың бір тәсілі ретінде қарастырған Ү.Б. Жексенбаева өз еңбегінде:
«Зерт теу – дарынды балаларды оқыту негізі. Онсыз баланың әлеуеттік 
қабі ле тін ашу, дамыту мүмкін емес», – деп оқу үдерісі барысындағы зерт-
теу тек дарынды оқушылардың жасай алатын жұмысы екендігін дәлелдей 
ке ле, дарынды оқушылардың ізденушілік қабілетін қалыптастыру зерт- 
теуге оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырыла-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет