Зерттеу мәселесінің көкейкестілігін
бағалаудың өлшемдері мен параметрлері
р/с Көкейкестілік
өлшемі
Көкейкестілік параметрлері
Зерттеушінің
дәлелдемелері
Дәлелдеменің
сенімділігі
1
2
3
4
Педагогикалық
мәселенің
әлеуметтік
дәлелі
Мәселенің
ғылыми дәлелі
Педагогикалық
ой-пікірдің
өткен және
қазіргі
уақыттағы
даму тұрғысын
мәселені
тарихи-тал-
дау түрінде
негіздеу
Қазіргі білім
беру үдерісі
практикасы
тұрғысынан
мәселені
негіздеу
Зерделеніп отырған педагогикалық
құбылыстың өзектілігін қандай
жаңа әлеуметтік алғышарттар
күшейте түседі?
Бұл – мәселенің ресми құжаттағы
көрінісі.
Бұл мәселені шешу қоғамның
қандай әлеуметтік сұранысын
қанағаттандыра алады?
Мәселенің қазіргі теориядағы
көрінісі, мәселені ғылыми зерде-
леу дәрежесі.
Мәселе қандай өзекті мәселелерді
шешумен байланысты?
Бұл мәселенің шешімін табу
ғылымның қандай қажеттіліктерін
қанағаттандыра алады?
Мәселені басқа ғылымдардың да-
муы тұрғысынан қалай негіздеуге
болады?
Бұл мәселе қашан және қалай
түсіндірілді?
Қазір осы мәселе неге өзекті бо-
лып табылады?
Мәселенің бүгінгі күнгі жаңалығы
қандай?
Аталған мәселе практиктердің на-
зарын неліктен аудартты?
Бұл мәселені шешу практиканың
қандай қажеттілігін
қанағаттандыра алады?
Аталған мәселе бойынша қандай
жетістіктер бар, нені талдау қажет?
[198, 62-66].
2-тарау. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты
168
Ғалымдардың пайымдауынша, бұл матрицаны диссертациялық жұ мыс-
ты дайындау мен сараптамадан өткізудің түрлі кезеңдерінде пайдалануға
болады. Бұл зерттеу мәселесінің өзектілігін бағалау логикасы негіздеменің
құрылымын анық көруге мүмкіндік туғызады.
Шындығында, мәселені шешу зерттеу тұғырларын таңдауға тәуелді,
ал бұл таңдау зерттеушінің дүниеге көзқарасымен, ғылыми мектептің
тәжірибесімен, дәстүрлерімен анықталады. Біздің аспиранттармен және
док торанттармен жүргізген жұмыс практикасы мәселені таңдау, шешу
тұ ғырларын анықтау ізденушіден танымдық, кәсіптік, өмірлік және мен-
таль дік тәжірибенің қажетті деңгейін, ал ғылыми жетекшіден немесе ке-
ңес шіден ғылыми мектеп идеяларының аясында жаңа ұстанымдық дең гей-
дегі бағытты зерделеуде әдістемелік көмек көрсетуді талап етеді. Әдіс на-
ма шы Е.В. Бережнова педагогика саласындағы диссертацияларда жиі кез-
де сетін тәсілдерді көрсетеді: зерттеу нәтижелеріне сүйенетін автор лардың
еңбектері туралы ескертулер; ғылыми қағидаларды таңдауда зерт теу дің
тұжырымдамалық негізін құрушы мемлекеттік және қоғамдық инс ти-
туттарға көңіл аудару; басқа зерттеушілерден алынған мәліметтерді пайда-
лана отырып өз зерттеу нәтижелерін дәлелдеуі [26, 33-39].
Педагогикалық зерттеу сапасын бағалаудың келесі параметрі педа го-
гикалық зерттеу нәтижесіне қойылатын талаптар ретінде ұсынылатын се-
німділік және зерттеу негізділігі болып табылады. Сенімділік және зерттеу
негізділігі көрсеткіштері төмендегіше көрінеді:
– теория жеткілікті тексерілген фактілер мен мәліметтерге құрылған;
– тұжырымдама әдіснамалық және фактологиялық негізделіп, ғы лы-
ми ізденіс нәтижелері мен нақты материалдарға талдау тұрғысынан дә лел-
денген;
– идея әртүрлі зерттеу әдістерін қолдана отырып дәлелденген және
нақты әдіснамалық негізге ие;
– идея практиканы талдаудан, қызмет тәжірибесінен (озат педагоги-
ка лық тәжірибені жалпылау) туындайды;
– зерттеудің кешенді әдістемесі қолданылған, зерттеудің әртүрлі әдіс-
тері арқылы алынған өзара тексеру, деректерді сәйкестендіру қамтамасыз
етілген;
– зерттеу нәтижелеріне өзіндік талдау және өзіндік тексеру қолда-
ныл ған.
Теориялық және практикалық маңыздылық – бұл зерттеудің ғылыми
аппаратының төмендегідей сұрақтар жауап беретін компоненттері:
Зерттеуден алынған теорияларда, тәсілдерде, ұсыныстарда, ұста ным-
дар да бар жаңа нәтижелер қалай өзгереді?
Нәтижелер бұрыннан бар терминологиялық қатарға және ұғымдар маз-
мұнына қалай ықпал етеді?
169
2.6. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің сапасын бағалау өлшемдері
Алынған нәтижелер теорияның немесе олардың жекелеген ережелерінің
қандай даму болашағын ашады?
Теориялық маңыздылығын анықтаушы – барынша нақты матрица мүм-
кіншілігі (ережелерді енгізу үшін терминдерді анықтау).
Жасақталған идея, амалдар, әдістер негізінде:
– жаңа болжам, тұжырымдама ұсынылғаны (идеялар жиынтығы);
– белгілі бір үдеріс теориясы (толықтырылған, тереңдетілген) жасал-
ғаны;
– заңдылықтар айқындалғаны, ұстанымдар тұжырымдалғаны;
– мәселенің заманға сәйкестендіріліп, кеңейтілгені;
– себептер түсіндіріліп, заңдылықтар тағайындалғаны;
– бұрын ұсынылған болжамға, пікірталастық көзқарастың дұрыс ты-
ғына дәлелдемелер бары және т.б.;
– жаңа ұғымдар енгізілгені, белгілі ұғымдарға өзгеріс жасалғаны;
– дидактика үшін бейімделгені (тәсілдер, ұстанымдар, әдістер);
– проблеманы, міндеттерді шешу үшін алғышарттар жасалғаны ай-
қын далды.
Дидактикалық зерттеудің мәнмәтіндегі сапалық бағасы мен тиімділігін
қарастыру зерттеудің іргелілігін, педагогикалық зерттеудің өзге, филосо-
фия, психология, физиология, экономика, саясаттану және т.б. білім сала-
ларымен кірігу дәрежесін көрсетеді. Зерттеудің теориялық маңыздылығы
ғылыми зерттеудің нәтижесінде алынған қорытындылардың қолда бар
тұжырымдамаларға, идеяларға, білім беру мен тәрбие саласы әдістеріне
әсерін көрсететін ҒЗЖ-ның критерийі болып табылады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы – оқу үдерісіне, оқыту әдіс те-
месіне, оқытуға және т.б. ететін (немесе ықпал етуі мүмкін) ықпалы.
Жұмыстың практикалық маңыздылығын анықтауда мынадай сұрақтарға
жауап берілуі керек:
Зерттеу нәтижелерін практикада қолданудың жолдары, тәсілдері қан-
дай?
Зерттеу нәтижелері қайда қолданылады және олардың тиімділігі қан-
дай?
Қандай енгізу материалдары (бағдарламалар, құралдар, әдістемелер,
ұсыныстар және т.б.) қолданылып отыр?
Нәтижелерді тағы қайда қолдануға болады?
Білім беруді басқаруда, ұйымдастыруда, мазмұнын жетілдіруде қандай
ұсыныстар, кепілдемелер ұсынылуы мүмкін?
Практикалық маңыздылық өлшеміі ақиқатқа айналған немесе зерт теу-
дің нәтижесінің практикаға енгізілуінің көмегімен көрінетін пайда бола-
тын өзгерісті анықтайды. Қолданбалы мәнділік қызығушылық танытатын
тұлғалардың саны мен категориясына, зерттеу нәтижелерінің болжалынған
2-тарау. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты
170
әлеуметтік-экономикалық тиімділігіне, оған дайындық дәрежесіне, ендіру
масштабына тәуелді. Сөйтіп, зерттеудің теориялық және практикалық
мән ділігінің ерекшеленген деңгейлері зерттеу нәтижесіндегі қажеттілік
дәрежесін анықтау негізінде жатады.
Теориялық маңыздылықтың неғұрлым кең тараған параметрлері:
– жаңалық;
– тұжырымдамалық және дәлелдік;
– болашағының болуы.
Педагогикалық-психологиялық зерттеу нәтижелерінің қолдануға және
ендіруге дайындық критерийлері төмендегіше айтылуы мүмкін:
1) жұмыс нәтижелері ендіруге дайын, нормативтік материалдар, бағ-
дар ламалар, әдістемелік құралдар дайындалған;
2) жұмыс нәтижелері ендіруге негізінен дайын, педагогикалық-пси хо-
логиялық нұсқаулар, әдістемелік ұйғарымдар жасақталған;
3) нәтижелер ендіруге дайын емес.
Диссертациялық зерттеулерді пікір берушілердің, сарапшалардың ба-
ға лауынан басқа ғылыми жобаларды бағалау белсенді түрде жүргізіледі.
Оларға гранттық қаржыландыруға берілген жобалық сұраныс бойынша
экс перттік қорытынды қызметтері шығарылады.
Беделді пікір дайындау үдерісі бірнеше амалдардан тұрады, оның
ішінде ғылыми зерттеуді жүргізу қажеттілігін негіздеуді авторлық баға-
лау да бар. Гранттық сұраныста зерттеу тақырыбы, оның мақсаттары, мін-
деттері көрсетіледі, бірінші кезекте болжанатын негізгі теориялық және
прак тикалық ережелер және нәтижелер тұжырымдалады. Негіздеменің мін-
детті элементі осы тақырыпқа байланысты мәселелер қарастырылған жа-
рия ланымдарға қысқаша талдау болу керек.
Сарапшылар автордың сұранысын зерделейді және алдағы талдау үшін
неғұрлым болашағы бар көкейкесті тақырыптарды іріктейді. Сонымен
қатар олар зерттеушінің осы тақырып бойынша еңбектермен қаншалықты
таныстығын ескереді. Сонымен бірге автордың ғылыми жұмысының түпкі
нәтижелерін және оның бұдан бұрынғы белгілі еңбектерден қаншалықты
айырмашылығы бар екендігін нақты сипаттауын бағалайды. Конкурста
жеңіске жеткен жобалар ағымдағы және қорытынды жұмыстарын жа са-
ғаннан кейін бағаланады.
Магистрлік және докторлық диссертацияларды, жобалық сұраныстарды,
оларды жүзеге асыру сапаларын бағалау критерийлері ғылыми қауымдастық
– рецензенттер, оппоненттер, эксперттер, сонымен қатар ғылыми-зерттеу
жұмыстарын орындаушылар тарапынан ғылыми қызмет құралын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |