ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғыл
ымының қалыптасу жолдары
3-ТАРАУ. Ұлттық әдебиетттанудың 1970-1990 жылдардағы даму арналары
Қазақ әдебиеттануы өзінің ға- сырларға созылған тарихи жолында 1970 жылдардан бастап даму, өркен- деу кезеңіне нақты қадам басты. Негiзiнен алғанда ұлттық әдебиетта- нудың туып, қалыптасқаннан кейiн- гi даму дәуiрi – жекелей жан-жақты қарастырылатын мәселе. Оның бас- ты бағыттары мен әдіснамалық мәселелері Ж. Смағұловтың «Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы» (1999), «Ұлттық әдебиеттану әлемі» (2005) монографиялары, Т. Кәкішев пен Ж. Смағұловтың «Әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері» ат- ты оқу-әдістемелік құралы (2006), С. Жұмағұловтың «ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиет- тану ғылымы (1956-1991)» моногра- фиясы (2008), А. Ісімақованың «Алаш әдебиеттануы» (2009) атты еңбегі және ұжымдық «Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы» (2008, 2009) атты екі томдық академиялық ба- сылымдардарда біршама қарасты- рылды. Н. Жұбанышпековтің. «Про- блемы сравнительно – тиологиче-
ского изучения литературы» (1995), М. Маданованың «Путь Ауэзова в страну Бальзака» (1997), «Актуаль- ные вопросы литературной компа- ративистики» (1999) атты еңбекте- рі методологиялық ізденістерініне барлау жасады. Осы зерттеулердегі ой-тұжырымдарға сүйене отырып, ұлттық әдебиеттану ғылымының 1970-1990 жылдардағы басты арнала- рын айқындауға болады. Сондықтан ұлттық әдебиеттанудың қалыптасу кезеңiндегi табыстары ендiгi даму дәуiрiндегi алғашқы қадамдарындағы жетiстiктерiне қандай дәрежеде негiз бола алғанын дәлелдеу мақсатында ғана қарастырамыз.
Қазақ әдебиеттану ғылымының 1950-1960 жылдардағы қиын-қыс- таулы жолындағы талқыдан өткен, әдеби-тарихи, әдеби-теориялық, сын- шылдық-эстетикалық ой-пiкiрдi өр- кендетуге бiлiмi мен бiлiктiлiгi, ғы- лыми сауаттылығы мен табандылығы жоғары әдебиетшi, сыншы ғалымдар жасағы қалыптасқан едi. Олар өзiнiң туып-қалыптасу дәуiрiн толығымен
аяқтап, 1970 жылдардан бастап даму кезеңiне қадам басқан қазақ әдебиеттануының алдына заман ал- ға тартқан күрделi де, көкейкестi мәселелердi шешуге жұмыла кiрiстi. Ол ғалым С. Қирабаев жазғандай:
«1956-1966 жылдар аралығындағы он жыл ішінде жүз елуден астам сын және зерттеу кітаптарының жарық көргенін айтудың өзі жеткілікті. Мұндай өнімділік бұрынғы әдебиет даму кезеңдерінің ешбірінде бол- ған емес. Қазақ әдебиеті сыны мен әдебиеттану ғылымының осы дәуірде қарқында дамуы, ең алдымен қо- ғамдық ой-пікірде еркіндік тууымен байланысты болды» [81, 3]. Шынын- да да «жылымық жылдары» аталып жүрген осы кезеңде ұлттық ғылыми- зерттеушілік ой-пікір өз тарихындағы
«пролеткультшылдық», «тұрпайы со- циологизм» секілді қате теориялар ықпалында жіберген кемшіліктерін енді батыл түрде түзетуге бет алды. Оның негізгі қадамдарі осы қазақ әдебиеттануының даму дәуірі атап отырған кезеңде жүзеге асты.
1970-1980 жылдары ғылыми- зерттеу жұмыстарының темiрқазы- ғына толық айналған маркстiк- лениндiк әдiснама ықпалында болса да ұлттық әдебиеттi тарихи, тео- риялық тұрғыдан тексеру жұмыс- тарында табысты қадамдар жасала бастады. Әдебиеттiң тарихи кур- сының мәселелерiне және жеке да- рындар туралы көптеген моногра-
фиялар, ғылыми-зерттеу еңбектер, мақалалар жарық көрдi. Осыған сай жекелеген жанр түрлерiнiң қазақ әдебиетiнде өсiп-өркендеу жолда- ры да монографиялық тұрғыда жан- жақты сөз болып теориялық мәнде нақты ғылыми тұжырымдар жасауға қол жеттi. Әдебиет теориясының кеңес дәуiрiне тән жалпы қисын- қағидаларына сай жазылса да ұлт- тық әдеби-теориялық ой-пiкiрдiң қалыптасуына үлес болып қосылған еңбектер көбейе түстi. Ұттық по- эзия, проза, драматургияның, әде- биет сынының туу, өсу-өркендеу, қалыптасу жолдарының тарихы ғылыми сипатта кеңiнен қарасты- рылды. Олардың iшкi жанрлық түрлерi, атап айтқанда лирика, по- эма, роман повесть, әңгiме, трагедия, комедия, юмор мен сатиралар ар- найы зерттеу нысанасына түстi. Бұл жылдардағы ұлттық әдебиеттанудың жан-жақты өркендеуiне Б. Кенжеба- ев, М. Қаратаев, Х. Сүйiнiшәлиев, С. Қирабаев, М. Дүйсенов, Т. Кәкiшев, Р. Бердiбаев, З. Қабдолов, М. Базар- баев, Т. Нұртазин, З. Ахметов, С. Ор- далиев, Н. Ғабдуллин, Т. Қожекеев, Ө. Нарымбетов, М. Мырзахметов, Х. Әбдiбаев, Ш. Сәтбаева, Р. Нұр- ғалиев және т.б. көптеген әдебиетшi, сыншы дарындар зор үлес қосты. Бұл ғалымдардың ғылыми-зерттеу ең- бектерiн тiзбелей кәрсетуге, басты- бастыларына жекелей тоқталуға бо- лар едi. Бiрақ бiрiншiден ол көп орын
алады, екiншiден, ғылыми ортаға та- ныс және бағасы берiлген. Сондықтан да бұл еңбектердiң маркстiк-ленин- дiк әдiснамаға бой құрған тұста- рынан кiнә iздеу немесе ғылыми- зерттеушiлiк ой-пiкiрге осындай үлес қосты деп әр қайсысын салыстыра салмақтап жату артық. Әрi-берiден соң бұл ғалымдардың көпшiлiгiнiң ғылыми шығармашылығы мақсат- ты түрде зерттелетiн уақыт та алыс емес. Тарих табалдырығын аттаған ХХI ғасырдың алғашғы жылдарын- да-ақ осы ғасырымыздың 1970 жыл- дарынан бергi қазақ әдебиетта- нуының тарихи және әдiснамалық мәселелерiн зерттеу нысанасына алынды. Бұл жолдағы алғашғы қа- дамдар басталып та кеттi. Ол С. Жұ- мағұловтың «ХХ ғасырдың ІІ жар- тысындағы қазақ әдебиеттану ғы- лымы» аталатын монографиясында жүзеге асты. Сондықтанәдеби-көркем сынның осы 1970-1980 жылдардағы жай күйi мен кескiн-келбетiне де тоқталып жатуды жөн көрмедiк. Себебi, оның көптеген мәселелерi Т. Кәкiшевтiң «Қазақ әдебиетi сынының тарихы» (1994) атты еңбегi мен ғылыми мақалаларында, Д. Ыс- қақовтың «Сынсонар», «Сын шын болсын», «Сын өнері», «Сынталқы» секiлдi еңбектерiнде кеңiнен қарас- тырылғандықтан қайталап жату орынсыз. Әрине, нақтылай түсетiн және әдiснамалық тұрғыдан та- разылайтын жайлар да жоқ емес.
Олар арнайы тексерiлетiн мәселелер болғандықтан және бұл саладағы бiлгiр ғалымдарынан асыра айту мүмкiн еместiгiнен жалпылама сөз ету артық болады деп ойлаймыз. Сол себептен де қазақ әдебиеттануының қалыптасу және даму жолына жал- пы алғанда үлес болып қосылған жағдайлардан гөрi, iргелi iзденiс ретiнде танылатын мәселелерге көз салған абзал.
Қазақ әдебиетi тарихын дәуiрлеу көп томдықта 1959 жылғы ғылыми конференция шешiмi бойынша жү- зеге асқанымен, ұлттық әдебиет- тану ғылымы тарихында қашан да болсын игерiлмей жатқан «тыңды» көтерушi болып келген Б. Кенже- баев өз ғылыми зерттеу бағыты бо- йынша iзденiстер жасауды тоқтатқан жоқ. Ғалым өзінің «Көне әде- биет туралы» атты еңбегінде қазақ әдебиетінің тарихының арғы баста- улары туралы концепциясын енді батыл түрде жүзеге асыра бастады. Кітаптағы «Ертедегі тіл, әдебиет ескерткіштері», «Қазақ әдеби тілі- нің тарихы жайлы», «Жүйелі үлгі,
«Қазақ әдебиеті тарихының жүйе- сі» аталатын проблемалық мақала- лары ұлттық ғылыми ой-пікірдің зерттушілік бағытын жаңа арнаға бұрды. Ол ғылыми-зерттеушiлiк ой- пiкiрге соны бағыт-бағдар сiлтеп, тарихи, ғылыми және әдiснамалық мәнi зор еңбектер жазып, ғылыми мектебiн қалыптастыра бастады.
Ежелгi түркi жазба ескерткiштерi- нен бастап Бұқар жырауға дейiнгi қазақ әдебиетi тарихының мәселе- лерi ғалымның «Ертедегi дәуiрдегi әдебиет нұсқалары», «Қазақ әде- биетiнiң тарихын дәуiрлеу», «Қис- са-сүл әнбия», «Диван лұғат ат түрiк», «Кодекус куманикус» «Мұ- хаббатнаме», «Әдебиет тарихын зерттеудiң кейбiр мәселелерi», «Қа- зақ хандығы тұсындағы әдебиет» деген зерттеулерiнде ғылыми тұр- ғыда жүйелене бастады. Бұлар қазақ әдебиетi тарихының ертедегi дәуiрлерiн зерттеу мәселесiн нақты қойды да, қостап-қолдаушыларға ғана емес, мақсатты түрде шұ- ғылданушыларға кең жол ашты. М. Мағауиннiң «Қобыз сарыны» (1968) еңбегiнiң жарық көруi мен кандидаттық диссертациясы ғылыми ортада жаңа серпiлiс туғызды. ХV- ХVIII ғасырларда жасаған ақын- жыраулар поэзиясы, яғни қазақ хандығы тұсындағы әдебиеттiң идеялық, көркемдiк, тарихи сипаты айқындалып, қазақ әдебиетiнiң тари- хы үш ғасырға молайды.
Көне түркi жазба ескерткiште- рінiң ұлттық әдебиетiмiзге қарым- қатынасы, Алтын Орда дәуiрiндегi әдеби мұралар арнайы зерттелiп, ежелгi дәуiр әдебиетiнiң жекелеген үлгiлерi жариялана бастады. 1967 жы- лы «Ертедегi қазақ әдебиетi» хрес- томатиясының жарық көруi оны жоғарғы оқу орындарында жеке пән
ретiнде оқыта бастау мәселесiмен қатар, бұл концепциясының ғылы- ми орынға бастағанын да дәлелдей- дi. М. Жолдасбековтің «Көне түркі ескерткіштері және олардың қазақ әдебиетіне қатысы» аталатын зерттеуі (1969), Х. Сүйiнiшәлиевтiң «Қазақ әдебиетiнiң қалыптасу кезеңдерi» (1969), Б. Кенжебаевтың «Қазақ әдебиетi тарихының мәселелерi» (1974), «Ғасырлар толғауы» (1977) атты ғылыми-зерттеу мақалалар жи- нағының жарық көруi, бұл концеп- цияның ғылыми дұрыстығын, жаңа- шылдығын, өзектiлiгiн, практикалық қажеттiгiн нақты көрсетiп бердi.
ҚазМУ-дің Б. Кенжебаев бастаған ғалымдары қазақ әдебиетi тарихы- ның ерте дәуiрiн бiрде жинақтай, бiрде жеке бiр әдеби мұраның таби- ғатын ашуды мақсат тұта отырып, төл тiлiмiзге аудару жұмыстарын қолға алды. Ұлттық ғылыми-зерт- теушiлiк ой-пiкiрдiң бұл бағыттағы iзденiстерi Ә. Қоңыратбаевтың қа- зақ эпостарының ертедегi нұсқалары туралы, М. Жолдасбековтiң «Орхон- Енисей» ескерткiштерi жайындағы, А. Қыраубаеваның «Мұхаббатнаме»,
«Қисса-сүл әнбияны» зерттеген, Ш. Ыбыраевтың «Қорқыт ата кiта- бының» поэтикасына арналған ғы- лыми мәнi зор зерттеулерiнде терең- дей түстi. А. Қыраубаеваның «Қис- са Рабғузи, Мұхаббат-наме идеия- лық-көркемдік ерекшеліктері» атты зерттеуі орта ғасырлардағы Алтын
Орда дәуіріндегі әдеби мұралар- дың ғылыми тұрғыда тексерілуіне жол ашты. Мысалы, осы 1970 жыл- дардың басынан-ақ фарабитану ілімінің ірге тасының қалануы дә- лел болады. Әл-Фирабидің түркі жұртына, оның ішінде қазақ халқына қатысын тұңғыш танытқан А. Ма- шановтың «Әл-Фараби» (1970), А. Көбесовтің «Әл-Фараби» (1971), Н. Төрекұловтың «Әл-Фарабидің әдеби мұрасы» (1975), М. Бура- баевтың «Аль-Фараби и разные нау- ки и культуры стран Востока» (1975) және тағы да басқа зерттеулер мен мақалалар жарық көрді. Фарабитану саласында ғылыми іс-шаралар өткізу жұмыстары шұғыл қолға алынды. 1973 жылы Алматыдағы Азия, Аф- рика елдері жазушыларының V кон- ференциясы ұлы ғалымға арналса, 1975 жылы ЮНЕСКО көлемінде өткізілген «әл-Фараби және шығыс елдері әдебиеті мен мәдениетінің дамуы» атты конференция әлемнің
«екінші Ұстазы» атанған «Шығыс Аристотелінің» даңқын әлемге паш етті.
Бұл саладағы зерттеу жұмыстары күрделене және жүйелене бастады. Орта ғасырлардағы жазба мұралар мен жәдігерлер жеке жинақ болып жарыққа шығуына байланысты ғы- лыми тұрғыда жан-жақты зерделеу жұмыстары жүргізілді. Түркі дү- ниесінің әлемдік өркениетке қосқан әдеби-мәдени және ғылыми табыс-
тары тарихи тұрғыдан саралана бастады. Әл-Хорезми, Әбу әли ибн Сина, Әбу Райхан Бируни секілді ғалымдар мен «Шығыс жұлдыздары» аталған ақындар шығармашылығы кеңінен насихаттала бастады. Мәсе- ле – ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой- пікірдің осындай келелі мәселелерді зерттеуге толық дайындықта бо- луында. Маркстік-лениндік әдіснама- ның, оның «тұрпайы социологизм- ге» сүйенген әдебиеттің таптығы қағидасының құрсауынан аз да болса еркіндік алған ұлттық әдебиеттану бар мүмкіншілігінше өткен кезең- деріндегі қателіктерін, тіпті кейде ақылға симайтын жаңсақтықтарын нақты түзете бастады.
Бұл А. Игүнекидің «Құдатғу бі- лік», М. Қашқаридің «Дивани лұғат ат-түрік», С. Бақырғанидің «Ақи- қат сыйы» секілді еңбектерінің төл әдебиетімізге қарым-қатынасы мәсе- лесін шешіп берді.
Жоғарғы оқу орындарында жеке пән ретiнде жүргiзiлiп, оқу бағдар- ламалары түзiлдi, оқулықтар жа- зылды. Бұл iске маркстік-лениндік әдіснама мен кеңестік идеология шырмауында көбіне-көп тартыншақ- таумен келген Ғылым академиясы- ның ғалымдары да араласа баста- ды. Олар «ХV-ХVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982), «Ерте дә- уiрдегi қазақ әдебиетi» (1983) де- ген жинақтар шығарды. Бұл Б. Кен- жебаевтың «Әдебиет белестерi»
(1986), Н. Келiмбетовтiң «Қазақ әдебиетiнiң ежелгi дәуiрi» (1986), М. Жолдасбековтiң «Асыл арна- лар» (1986), Қ. Өмiрәлиевтiң «VIII- ХII ғасырлардағы түркi әдеби екерткiштерi» (1986), А. Қыраубаева- ның «Ғасырлар мұрасы», Х. Сүйiнiш- әлиевтiң «Ғасырлар поэзиясы» (1987) секiлдi қазақ әдебиеттану ғылымына үлес болып қосылған ғылыми еңбектерiне жалғасты. Оларда ежелгi дәуiрдегi көне түркi жазба ескерткiштерiнiң ұлттық әде- биетiмiздiң арғы бастаулары екенi ғылыми негiзделiп, оны дәуiрге бөлудi осы ерте кезеңнен бастап жүйелеу қажеттiгi толығымен дә- лелдендi. Соның нәтижесiнде ұлт- тық әдебиетiмiздiң тарихы хроно- логиялық тұрғыдан алғанда ежелгi дәуiрдегi әдебиет, ХV-ХVIII ғасыр- дағы әдебиет, ХIХ ғасырдағы әде- биет, ХХ ғасыр басындағы әдебиет, қазақ совет әдебиетi деген дәуiрлер- ге жүйелендi де, он екi ғасыр болып толықты. Бұл дегеніміз – ұлттық ғылыми-зерттеушiлiк ой-пiкiрдiң жи- ырма жылғы тарта дау-дамайға түсiп келген концепцияны толық жүзеге асырған үлкен табысы едi.
Қазақ әдебиеттану ғылымы өзi- нiң қалыптасу кезеңiнде төл әде- биетiмiздiң ұлттық танымға сай та- рихи бастауларын анықтап алуы, сөз жоқ, ғылыми мәнi зор жаңалық болып табылады. Себебi, бұл қа- зақтың ұлт, халық ретiнде толық
танылуын, әдебиетi мен өнерiнiң, ғылымының өсiп-өркендеуiн Ресейге
«өз еркiмен қосылғаннан» берi қарай ғана қарастырып келген, тiптi Қазан төңкерiсiне дейiн «үш пайызы ғана хат танитын сауатсыз едi» деудi оңды- солды насихаттаған европацентристiк көзқарастың, нигилистiк пиғылдағы пiкiрлердiң iрге тасын шайқалтып- ақ тастады. Ғылыми-зерттеушiлiк ой-пiкiр ендi қазақ халқының төңке- рiске дейiн «надан», «тағы», «тузе- мец» болмағанын дәлелдеуге бағыт ала бастады. Оның бiр көрiнiсi Т. Кәкiшевтiң қазақ әдебиетi сыны- ның туу, қалыптасу тарихын зертте- ген еңбектерiнен байқалды. Ғалым ұлттық сыншылдық-эстетикалық ой-пiкiрдiң бастауларын халық фольклорынан берi тарамдата баян- дап, негiзгi арналары төңкерiске де- йiн-ақ айқындалғанын, ғасырларға созылған туу үдерісін бастан кешiрiп үлгергенiн ғылыми саралап шықты. Жоғарғы оқу орындарында жеке пән ретiнде жүргiзу дәрежесiн алып бердi. Қалыптасу жолындағы әрбiр кезеңi, методологиялық мәселелерi мен тео- риясы, жанрлық iшкi түрлерi жекелей зерттеле бастауына жол ашты.
Ғылыми-зерттеушiлiк ой-пiкiрдiң ұлттық мақсаттағы таным-бiлiкке тереңдей бой ұруы 1980 жылдары толыса түстi. Кеңестiк идеологиялың iрiп-шiрiгенi сондай, кейде маркстiк- лениндiк әдiснаманы тек қалқан ретiнде ұстай отырып жазылған
еңбектер мен түрлi әдеби жинақтар бойкөрсетебастады. Рас, олосыкезең- де молынан жарияланған ғылыми және сыни еңбектердiң барлығында болды десек қателесер едiк. Көптеген еңбектер бұрынғы айтылғандарды толықтыру, тереңдету мақсатында жарияланып отырылды. Бұл, әсiресе әдебиетшi, сыншы ғалымдардың өз зерттеулерiнiң екi-үш томдықтарын шығаруы барысында байқалды. Ал ұлттық әдебиеттануға сол қыспақта тұрған қиын кезеңде аз да болса үлес боп қосылған тың қадамдар өрiс ала бердi. Төңкерiске дейiнгi әдебиет өкiлдерiнiң шығармалары молы- нан жариялана бастады. Мысалға 1965 жылғы «Үш ғасыр жырлай- ды» атты жинақтың, «Алдаспан» антологиясының (1971), ендi «Бес ғасыр жырлайды» (1984) деген ат- пен толығып шығуы көп жайды аңғартады. Абайтану, шоқантану, ал- тынсаринтану жеке iлiм саласы бо- лып қалыптасып бiттi, тек маркстiк- лениндiк әдiснамаға қайшы келетiн кейбiр мәселелерiн нақтылау ғана қалды. Сәкентану мен әуезовтану, сәбиттану iлiмi жан-жақты дами бас- тады. Абай, Ыбырай, Мұқтар, Сәбит тағылымдары аталатын ғылыми жи- нақтардың шыға бастауы оған айқын дәлел.
Фольклорлық мұраны әдебиеттiң таптығы, халықтығы қағидасымен бағалау бәсең тарта бастады. Оған қоғамды демократиялық жолмен
қайта құруды қолға алған уақыт та- лабы қатты әсер еттi. Соның әсерiнен қазақ фольклорының көп томды- ғын академиялық баспа тұрғысын- да шығару iсi қолға алынды. Бұрын тиым салынған халық ауыз әдебиетi үлгiлерiн жариялау, зерттеуге көңiл аударылды. Басқа елдер фолькло- ристикасындағы дәлелденген мето- дологиялық iзденiстердi ұлттық фольклордан көп қиналмай-ақ iздеп тауып, бiр iзбен келе жатқан ұлттық фольклортану бар-жоғын түгелдеуге бет бұрды. Халық ауыз әдебиетiндегi жанр тұрақтылығын зерттейтiн па- ремиологияда, тұтастай тексеретiн кешенді және жүйелi әдiстерде, се- миотика саласында соны iзденiстерге ден қойды. Р. Бердiбаев, Б. Уақатов, О. Нұрмағанбетова, Б. Адамбаев, С. Қасқабасов, Е. Тұрсынов, Ш. Ыбы- раев, Т. Сыдықов, т.б. жекелеген жанрлар табиғаты мен көркемдiк кес- тесiн, шығу тарихын арнайы қарас- тырды. Ұлттық фольклортанудың туу, қалыптасу тарихы да зерттеу нысанасына алынды. Бұрын ол көп томдықтағы ғылыми шолу мен 1972 жылғы «Қазақ фольклористикасы» деген зерттеулер жинағында ғана айтылған едi. «Қазақ тарихи жыр- ларының мәселелерi» (1979), «Қазақ фольклорының типологиясы» (1981),
«Қазақ фольклористикасының тари- хы» (1988) атты ұжымдық моногра- фиялар ұлттық фольклортанудағы айтарлықтай табыс болды.
Көне түркi жазба ескеркiштерi мен орта ғасырлық әдеби мұра үлгiлерi төл тiлiмiзге аударылып, рухани қа- зынаға қосылды. Ұлттық әдебиеттiң арғы бастаулары ретiнде тұтастай қарастырудан гөрi ендi жалқыдан жалпыға қарай зерттеу заңдылығына сай жекелеген үлгiлерi арнайы тексерiле бастады. Алғашқыда тiлшi- ғалымдар Ғ. Айдаров, Ә. Құрыш- жанов, М. Томановтардың «Көне түркi жазба ескерткiштерiнiң тiлi» (1971), А. Ибатовтың «Хұсрау-Шы- рын» поэмасының сөздiгi» (1974) секiлдi еңбектерiнде тiл бiлiмi ғы- лымы тұрғысынан сөз болған едi. Ал әдеби мұра ретiнде зерттеу нысана- сына алына бастаған «Махаббатна- ме» (1985,1986), «Оғызнаме» (1986),
«Қорқыт ата кiтабы» (1986), «Құтты бiлiктiң (1986) қазақша жеке кiтап болып басылып шығуы, Қ. Өмiр- әлиевтiң «VIII-XII ғасырдағы көне түркi әдеби ескерткiштерi» (1985) мен
«Cөз атасы» (1987) атты жинақтың жарық көруi ежелгi дәуiр әдебиетiн зерттеудегi соны қадамдарды таныт- қаны анық.
Ғылыми-зерттеушiлiк ой-пiкiр Алаш арыстарының әдеби мұрасын жариялау мен зерттеуге тайсақтай бергенiмен, XIX ғасырдағы және XX ғасыр басындағы «ескiшiл, кері- тартпа» атанған ақындар туралы қате көзқарастан айыға бастады. Оған алғаш Б. Кенжебаев өзiнiң «XX ға- сыр басындағы қазақ әдебиетi»
(1976) еңбегiнде жол ашты. Ақмолла, Ә.Кердерi, М. Қалтаев, Н. Наушаба- ев, Ш. Жәңгiров, М. Ж. Көпеевтерге орынсыз тағылып келген «ескiшiл, дiншiл, кiтаби» ақындар деген атақтан арашалап алып, ағартушы дарындар екенiн ғылыми бiлгiрлiкте дәлелдеп бердi. Ол келдi де қате бағаланып келген басқа да ақын- жыраулар шығармашылығына оң көзбен қарай бастауға әсер еттi. Бұл жолдағы алғашқы қадам деп
«Бес ғасыр жырлайдының» 1989 жылғы екiншi басылымын атар едiк. Жинақта арада отыз жылдай уақыттан соң Дулат, Шортанбай, Мұрат, Шәкәрiм, М. Ж. Көпеевтердiң және бұрын қалыс қалған тағы да жетi ақынның енгiзiлуi, өмiрбаяндық мәлiмет пен кеңестiк идеологияға нұсқан келтiре қоймайтын туын- дыларының берiлуi құптарлық құбы- лыс едi. Ол бiрiншiден, осы дарын- дар шығармашылығының моногра- фиялық тұрғыда зерттеле бастауына кең жол ашты, екiншiден, төңкерiске дейiнгi әдебиет тарихының ақтаңдақ беттерiнiң түзетiле бастауын жүзеге асырды.
Қайта құру, қоғамды демокра- тияландыру, ұлттық сана-сезiмнiң өсуi жағдайында қазақ әдебиеттану ғылымы соны iзденiстер жасады. Ол қазақ фольклоры мен әдебиетiнiң сан ғасырлық даму жолын ақиқат тұрғысынан қарауға кесiрiн тигi- зумен келген, маркстiк-лениндiк
әдiснамаға сай жоққа шығарған қа- те көзқарастар мен тұжырымдарды, өрескел бұрмалаушылықтарды қайта қарауды талап еттi. СОКП Орталық Комитетiнiң 1946 жылғы «Звезда»,
«Ленинград» журналдары туралы» және тағы басқа қаулы-қарарларының күшiн жоюы, Қазақстан Компарти- ясын да өзiнiң ғылыми ой-пiкiрге тежеу салған құжаттарының зиянды шешiмдерiн түзетуге мәжбүр еттi. Соның нәтижесiнде Алаш арыстары Ә. Бөкейханов, Ш. Құдайбердиев, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Дулатовтардың шығармашылық мұрасы толығымен ақталды. В. И. Лениннiң «әр ұлтта екi түрлi мәдениет болатыны туралы» қағидасының әдiснамалық тұрғыдан да, ғылыми және теориялық жағы- нан да қате екенi дәлелдендi. Олар- дың шығармаларын жариялау, зерт- теу жұмыстары шұғыл қолға алынды.
«Әдебиет пен өнер мәселелерi бой- ынша 1930-1940 жылдар кезеңi мен 1950 жылдар басындағы қабылдан- ған қаулыларды зерттеу жөнiндегi Қазақстан Компартиясы ОК-нің ко- миссиясының қортындысы» шықты (15 желтоқсан, 1989). Бұл қорытынды мақсатты түрде назардан тыс қал- дырылған, негiзсiз шеттетiлген фольклорлық мұра үлгiлерiн, тиым салынған және ғылыми айналым- нан алынып тасталған зерттеу ең- бектердi, орынсыз ғайбатталған жекелеген көөркем шығармаларды
ақтап бердi. Ш. Бөкеев, Ғ. Қарашев, С. Торайғыров, М. Ж. Көпеев, Н. Орманбетұлы, т.б. шығармашы- лығы туралы бiржақты көзқарасты түзеттi. Әдеби мұраны ұлттық таным- бiлiкке сай тарихи және ғылыми зерт- теуге зиянын тигiзiп, тар құрсауда ұстап келген алты бiрдей партия- лық қаулы-қарардың күшiн жоюы, маркстiк-лениндiк әдiснаманың қате қағидаларын тас талғанын шығарды. Бұл қайта құру мен жариялылыққа сай қоғамдық-саяси ой-көзқарастың өсуi, ұлттық сана-сезiмнiң кемел- денуiнiң тегеурiндi әсерi ғана емес, өзiнiң ұлттық ғылым ретiндегi қа- лыптасу жолын аяқтап, даму жолын бастаған қазақ әдебиеттануының талай қиын-қыстау мен шырғалаң- дарды бастан өткiзген күресiнiң де жемiсi едi. Ол ендi өз тарихындағы
«ақтаңдақтарды» жоюға онша көп қиналмастан-ақ батыл кiрiстi. Оған талай жылдар бойы қалыптасған iс- тәжiрбиесi де, ғылыми тарихи, әдеби- теориялық, сыншылдық-эстетикалық тұрғыдағы зерттеу әдiс-тәсiлдері де мол едi.
Ақыл-парасатқа азаттық берiлуi, ғылыми-зерттеушiлiк, сыншылдық ой-пiкiрдiң қате қағидалар ықпа- лынан еркіндікке шығуы, саясат пен идеологияға тәуелдi болудан құтылуы арқасында бар-жоғын тү- гелдеп, орын алған қателiктердi жою бағытында ұлттық мүддеге сай та-
рихи шындыққа негiзделген зерттеу еңбектерi жазу қолға алына бастады. Халқымыздың ғасырлар бойы күткен азаттық күнi туған, егемендiк алып тәуелсiздiкке жеткен кезден бастап
қазақ әдебиеттану ғылымы да өзiнiң жетпiс жыл бойы маркстiк-ленин- дiк әдiснама құрсауында жiберген қателiктерi мен олқылықтарын жою- ға бет алды.
Достарыңызбен бөлісу: |