Оқулық Астана-2017 Әож кбж қ Баспаға Е. А. Бөкетов



бет25/44
Дата12.03.2024
өлшемі1.3 Mb.
#495053
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44
Okulik XX kazak adebiet

«күннен тудым», Жоқ, сірә, мен қара құл,
күңнен тудым,

(Ж. Молдағалиев. «Мен қазақпын»)


деген секілді жарлы-жақыбайдан шыққанын мақтан етуді жырлауға өз әсерін тигізбей қалмады. Бұған қосарымыз, жанрлық түрлер мен Ж. Жабаевтан бастап Н. Ахметбе- ковке дейін қарастырылған он екі ақын-жыраудың шығармашылығына арналған бөлімдерде әдеби-тео- риялық тұрғыда талдау жасау аз. Соның әсерінен де болар халық ақындарын жекелей қарастырған бө- лімде ғылыми әдіснамалық және тео- риялық талдау мәніндегі зерттеуден гөрі монографиялық очерктік сипат басым түскен.


Шындығын айтқанда, қазақ әде- биеттануының осы көп томдықты шығаруда жаңаша қол жеткізген жетістігі деп ІІ томның бірінші (1961) және екінші (1965) кітаптарын атау
керек сияқты. І томның 1-кітабының тез арада жарық көруі көп жайды аңғартады. Қ. Жұмалиев концепци- ясын жақтаушылардың оны жыл- дам орнықтыруға жасаған әрекеті ме, әлде ұлттық танымға бой ұрған ғылыми-зерттеушілік ой-пікірді шек- теп қоюдың амалы ма, ол жағы бізге түсініксіз. «Қазақ әдебиеті тари- хының» екінші томының құндылығы қазақ әдебиеті тарихының әлі де болса бір шешімін таппай жүрген кезеңдерін маркстік-лениндік әдіс- нама тұрғысынан болса да жүйе- леп беруінде ғана емес, ғылыми- зерттеу нысанасында ағартушылық бағыттағы дарындар деп табылып, жеке-жеке қарастырылған ақын-жа- зушылар шығармашылығының мо- нографиялық тұрғыда тексерілуіне жол ашуында да еді. ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасыр басындағы және ХІХ ғасыр орта кезі мен соңындағы қазақ әдебиеті тарихының дамуы мен өркендеу жолдарына арналған бірінші кітаптың мәні зор. Бұқар жыраудан бастап Ә. Найманбаевқа дейінгі он алты ақын-жырау шығармашылығы ғылыми-зерттеушілік тұрғыда қарас- тырылып, әдебиет тарихындағы алатын орындары айқындалған. Алайда осы арқылы сол дәуірдегі әдебиет тарихын бір жүйеге салуда, хронологиялық тұрғыда даму жол- дарын анықтауда, «әрбір ұлтта екі түрлі мәдениеттің элементі бола- тынын тұжырымды материалдар




арқылы дәлелдей отырып тану, білу, кейбіреулерінің туындыларындағы қайшылықтарды аша отырып, маркс- шілдік сын көзімен пайдалану» ба- сты мақсат тұтылды. Сол себептен және бұрын көбірек зерттелгендіктен де Махамбет, Абай, Ыбырай, Шоқан шығармашылықтарына мол орын беріліп жан-жақты сөз болған. Ал Шернияз, Сүйінбай, Біржан, Ақан сері, Әсет шығармашылығын сөз етуде өмірбаянды деректер мен қалдырған мұрасының зерттелу деңгейін, өлең-жырларының тақы- рыптық, мазмұндық сипатын таны- ту жағы басым түскен. Керісінше,
«өмір құбылысын, әлеуметтік мәсе- лелерді феодалдық таптық көзқа- расымен түсінген» – Бұқар жырау,
«керітартпа көзқарас пен ескішіл идеядағы ағымның өкілі» – Дулат,
«ескішіл ақын, феодал табының мұңшысы, жаршысы, идеологы» – Шортанбайларға арналған тараулар үлкенді-кішілі мақала деңгейінен аспады. Олардың мұрасына 1959 жылғы конференцияда айтылған тұ- жырымдардан әрі тереңдеп бармау- дың салдарынан ескішіл-феодалдық ағымдағы қайшылығын ашу басты назарда болса да, қазақ әдебиетін дамытудағы үлестері бұрмалана тү- сіндірілді. Жалғыз дастанымен әде- биет тарихына енген Алмажан, не- месе әлеуметтік болмысты таптық тұрғыдан түсініп айтысқан Сүйінбай деңгейіндегі бағаға да ие бола алма-
уын замана қысымынан болды деп қана түсіну қажет. Бұдан ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің маркстік-лениндік әдіснаманың тап- тық, халықтық қағидасы бұғауын- дағы хал-ахуалы бір көрінсе, екіншіден, «тұрпайы социологизм» теориясындағы көзқарастан да әлі толық арылып бітпегені байқалады. Ол еңбекте қате бағаланған ақын- жыраулар тұлғасымен ғана шек- телмейді. Әдебиет тарихынан орын алмақ түгіл, аты да аталмай қалған М. Мөңкеұлын, немесе «Бес ғасыр жыр- лайды» жинағы бойынша санағанда ХVІІІ ғасырдағы Ақтамберді, Шал ақын бастаған алты ақынның, болма- са ХІХ ғасырдағы жиырмадан астам ақын-жыраудың шығармашылығын еске алсақ, бұған да болса шүкіршілік деп қазақ әдебиеттануы «тұрпайы со- циологизмге» бой алдыра отырса да ғасырлар мұрасын зерттеудегі қатып жатқан тоңды бұзды демеске бол- мас. Шындығында, ұлттық ғылыми- зерттеушілік ой-пікірдің кеңес дә- уіріндегі ғылым талаптарына сай болса да қазақ әдебиетінің бар-жоғын түгелдеуге деген ұмтылысының за- ман ыңғайына орай көрінген ізденісі еді деп бағалау орынды болмақ.
Міне, осы сипаттағы бағыт-бағдар ХХ ғасыр басындағы әдебиетке арналған осы томның 2-кітабында да көрініс тапқан. Екі түрлі мәдениет туралы қағида басшылыққа алын- ғандықтан, еңбекте ағартушы-де-




мократтық бағыттағы ақын-жазу- шылар шығармашылығы жан-жақ- ты қарастырылған. Олар туралы тарихи деректердің молдығы мен көбісінің шығармаларының жарық көруі зерттеушілерге ғылыми және теориялық тұрғыда терең талдаулар жасауға кең мүмкіндік бергені анық байқалады.Солайдейтұрғанымызбен, енді ғана зерттеу нысанасына түсіп, әдебиет тарихындағы орны белгілене бастаған Жаяу Мұса, Әріп, Балуан Шолақ, Бекет секілді ақындардың шығармашылығын сөз етуде био- графизм мен монографиялық очерк сипатына бой ұру басым. Қазақ аулындағы тап тартысын жырлаудағы
«шеберлігін» танытуға қарай көбірек ден қою, ағартушылығын танытуға ұмтылу маркстік-лениндік қағидалар шеңберінен шығармай қойған. Өнерпаздық, ақындық тұлғасы мен шығармашылық мұрасы кеңінен та- ныстырылған С. Торайғыров, С. Кө- беев, С. Дөнентаевтардың өзі екі түрлі мәдениет туралы лениндік қағиданы дәлелдеуге деген тұсаулы ой өлшемімен қарастырылды. Оның заман талабынан туындаған себептер де жоқ емес еді. В. Ленин көрсеткен
«буржуазиялық-ұлтшылдық» әдебиет- тің бағыт-бағдары мен сипатын танытуға ерекше көңіл аударылып отырылған кезеңде қалыптасып отырған әдіснама ықпалынан шығу еш мүмкін болмады. Содан да болар еңбекте «ескішіл, діншіл, ұлтшыл»
деп табылған ақын-жазушыларға жеке орын беруден көрі, олар ту- ралы атылар ой-түйіні мен берілер баға «ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті» аталатын алғашқы тарау- да тұжырымдалып тасталған. Онда бұлардың осы дәуір әдебиетінің өкілі ретінде орын ала алмау себептері бір түсіндірілсе, екіншіден «тұрпайы социологизм» ықпалында айтылған ой-пікір ғылыми әдіснамалық тұр- ғыда дәйектелді. Дегенмен еңбек- тің орта және жоғары мектепте осы дәуір әдебиетті өкілдерінің шы- ғармашылығын оқыта бастауға негіз болуы мен ғылыми зерттеу нысана- сына жан-жақты алуына жолбасшы болғанын жоққа шығаруға болмайды. Мысалы, «Оқу-ағарту жүйесі және баспасөз» атты тараудың тарихи де- ректерге негізделген танымдық си- паты ұлттық баспасөз тарихын зерт- теуде жаңа қадамдар жасауға негіз салды.
«Қазақ әдебиеті тарихының» ке- ңестік замандағы дәуіріне арналған ІІІ томның екі кітабы 1967 жылы жа- рық көрді. Олардың ғылыми-зерт- теушілік ой-пікірдің бағыт-бағдары мен жалпы сипаты өзімізде қазақша (1958), орысша (1960) және Мәскеуде 1960 жылы басылған «Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркіндегі» жүйеден көп ауытқи қойған жоқ. Кеңес дәуіріндегі әдебиетті іштей кезеңдерге бөлгенде «соғысқа де- йінгі бесжылдықтар дәуіріндегі




әдебиет» деген атау «30-жылдардағы қазақ совет әдебиеті» деген атпен ауыстырылған. Ал «Қазіргі дәуір әдебиеті» деген тарауда соңғы он жыл ішіндегі әдеби дамуға шолу жа- салуы тың ізденістердің нышанын ғана емес, еңбек шыққанға дейінгі уақыттағы социализм заманындағы әдебиеттің тарихи жолын жинақтап, қорытындылап шығуға деген мәні зор ұмтылысты да байқатады. Ал монографиялық портрет берілген қаламгерлерден ІІ томның 2-кітабына енгізілгендіктен Ж. Жабаев ғана алып тасталған.
ІІІ томында осы кеңес дәуіріндегі әдебиет мезгіл жағынан шартты түрде бес кезеңге жіктелінген де, олардың әрқайсысына шолу тарау- лар берілген. Олардан әр кезеңдегі әдеби процесс пен көркемдік да- мудың жалпы сипатты, жанрлық өсіп-өркендеудегі ізденістерді, та- рихи-әлеуметтік өзгерістер мен оқи- ғалардың көркем әдебиетке әсері, сол кезең әдебиетінің даму жолына үлес қоса алды деп есептелген ақын- жазушыларға, соны жаңалық әкелген туындыларға салыстырмалық тал- дау жасай отырып ғылыми тұрғыда саралау анық байқалады. Ғылыми шолу міндетін атқаратын тараулар болғандықтан, оған көрнекті да- рындар шығармашылығын таныту мүмкін еместігінен әр кезеңге сай топтастырылған он екі ақын-жа- зушының монографиялық портреті
жекелей сөз болады. «Сөйтіп шолу тарауларымыз бен монографиялық портреттеріміз бірін-бірі толықтыра, тереңдете отырып, әдебиет процесін әр қырынан тануға сөзсіз себін тигізіп көмектесуге тиіс» делінген мақсат толық орындалып шыққан. Әрине, маркстік-лениндік ілімнің қағидаларына сай. Сондықтан да болар, ғылыми шолуларда кеңестік идеологияның сынына ұшырап, жан- жақты әшкереленіп жатқан жеке басқа табынудың қазақ қаламгерлерінің тағдыр-талайына әсері толық ашы- лып көрсетілмеді. Керісінше, олар- дың шығармашылығындағы қателік- тер мен қайшылықтар да болғаны ұмыт қалмады. Басқаны былай қой- ғанда, революционер ақын деп ба- ғаланып отырған С. Сейфуллиннің
«Азия» өлеңінде марксизм-ленинизм қағидасына қайшы ұранға бой ал- дыруы болғанын, оны партиялық сын әділ де дұрыс сынағаны секілді асқан қырағылықтардың орын алуы әдебиетшіге де, ғылыми-зерттеушілік ой-пікірге де абырой әперер ізденіс- тер емес еді. Бейімбеттің де «ұлтшыл- дық» қателіктерге ұрынғанын іздеп тауып, «Қазаққа» деген өлеңін тал- дау арқылы дәлелдеу де партиялық сын мен коммунистік қырағылық- тың нәтижесі. Ешкім солай жаз деп қаламын қадағалап отырмағанымен, ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой- пікірде қалыптасып отырған бағыт- бағдар, қай жерімізден қателік та-




уып қалар екен деген секемшіл хал- ахуал әдебиетші-ғалымдарды осыған мәжбүр етті. Оның әдіснамалық жә- не идеологиялық тұрғыдағы себеп- тері де жоқ емес. Өйткені, бұл том- да ұлтшыл-буржуазияшыл әдебиет- тің бет-пердесін ашу үшін екі түрлі мәдениет туралы қағида басшылық- қа алынса, ерекше дәріптеліп отыр- ған әдебиеттің таптығы принципіне сай «тұрпайы социологизмнің» де белгілері сезілмей қалмады. Оған шолу – тарауларда алашшыл қа- ламгерлер мұрасына берілген ба- ға нақты дәлел. Сол себептен де бүл дәуірдегі әдебиет тарихы жарым-жартылай, оның өзінде маркстік-лениндік әдіснама қағи- даларына орай бұрмалана баян- далды, саясатқа дөп келмейтін тұстары ақтаңдақ күйінде қалды. Монографиялық портрет беріліп отырылған ақын-жазушылардың бір кезде буржуазиялық объекти- визмге салынуы, ескілікті аңсауы мен ұлтшылдық пиғылдағы сарынға ұрынуы, партияның сара жолын түсінбеушіліктерінің болуы секілді қателіктеріне ерекше көңіл бөлуінің бір себебі осында жатыр. Бұл сол кезеңдегі ғылыми-зерттеушілік ой- пікірдің партиялық тұрғыдан әділ, ғылыми жағынан терең, идеялық мәні дұрыс сипатта көрінген жаңа ізденісі болып табылғанымен, кеңес- тік дәуірдегі әдебиеттің көрнекті өкілдерінің шығармашылығының өзі
де идеологиялық тазартудан өткенін байқатады.
Марксизм-ленинизм ілімінің та- лап-тілегіне сай тұсауға түскен ғылыми-зерттеушілік ой-пікір төң- керіс пен кеңес өкіметін, социализм жеңістерін, тап тартысы мен колхоз құрылысын, т.б. тақырыптарды ша- быттана жырлаған туындыларды асыра дәріптеді. Олардың таптық сипаты мен еңбекшілер тұрғысынан алғандағы халықтығы, партия сая- сатына үн қосудағы мән-маңызы мадақталды. Соның салдарынан қазақ әдебиетінің бір кездегі ұран, үгіт, на- сихат, рапорт беру деңгейіне дейін төмендеген, «халықтар көсемін» суреттеуге тең таппай қиналған тұстарындағы шығармаларды ғылы- ми саралап, кемшілігін талдап бе- руге мүмкіндігі шектеулі болды. Олар үздік шығарма деп бағалана қоймағанмен, социализм кезеңінде гүлдене дамыды деп дәлелденіп отырылған ұлттық әдебиеттің жа- сампаз келбетіне шіркеу түсірмеу жағы көбірек назарда болды. Рас, төңкеріске дейінгі деңгеймен салы- стыра қарағанда кеңестік дәуірдегі әдебиетіміздің қарыштап дамығанын, жанрлық тұрғыда кемелденгенін, дүние жүзіне танылғанын жоққа шығаруға болмас. Бірақ ұлттық әде- биеттің көркемдік көкжиегін ке- ңіткен шығармалармен қатар, өмір шындығынан алшақ, тап тартысын арқау еткен, схематизмге құрылған,




идеологиялық шақыруларға үнқосуды ғана мақсат тұтқан туындылардың көбірек болғаны да жалған емес. Сондықтан да болар төңкерісті, пар- тия мен оның көсемдерін, халықтар достығын, т.б. жырлаған ұран-үгіт, насихат сипатындағы туындылар асыра бағаланып жатқан кезде, осы томға қайтсем де кіріп, әдебиет та- рихынан орын алып қалсам деген пендешілік талпыныстар да бол- май қалмады. Оған жол берілмеуін ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің, әдебиеттануға енді араласа бастаған жас күштердің ерлігі деп бағаласа да болады.
Біздің ойымызша, бұл томның тың ізденістер сипатын танытатын екі түрлі жаңашылдығын атап айту керек. Біріншісі - әр кезеңге арналған шолу тарауларда сол жылдардағы проза, поэзия, драматургияның даму жолын ғылыми тұрғыда саралануы. Осыған сай әр жанр түрін дамытуға үлес қосқан, бірақ монографиялық пор- трет беруге мүмкін болмаған ақын- жазушылар туралы қысқаша ғана танымдық мәндегі түсініктемелердің берілуі құптарлық қадам еді. Ал екіншісі – әр шолу тарауларда сол кезеңге сай «Әдебиеттану және сын» атты тараушалардың берілуі. Ең бастысы, кеңестік дәуірдегі ұлттық ғылыми-зерттеушілік және сыншылдық ой-пікірдің ізденістері мен іркілістері тарихи тұрғыда талқыға түсті. Рас, маркстік-лениндік
теория тұрғысынан ұлттық мүдде- ге сай көрініс тапқан қадамдары
«бірыңғай теориясының» ықпалына ұрыну деп бұрмаланғанымен, қазақ әдебиеттануының өткен жолын заман талабына қарай болса да таразыға са- луы алға басқандық деп тану керек. Ол бұл көп томдықтар арқылы қазақ әдебиеті тарихи курсы жасалғанын дәлелдеп қана қойған жоқ, соны тудырған ұлттық әдебиеттану ғы- лымы кемелденуде екенін көрсетіп берді.
Көп томдықтың жарыққа шығуы ұлттық әдебиеттануға талай жылдан бері қордаланып келе жатқан, әлі де болса шешуді талап ететін және оны маркстік-лениндік әдіснама тұр- ғысынан ғана қарастыруға мәжбүр болған көптеген мәселелердің бетін ашып берді. Ғылыми-зерттеушілік ой- пікір қолда бар мүмкіндікті пайдалана отырып, әр түрлі себептермен кеткен олқылықтардың орнын толтыруға ұмтылды. 1960 жылдардағы сын мен әдебиеттанудың өсу деңгейін, әр саладағы өзекті мәселелерге қол созғанын көрсететін біршама ғылыми еңбектер жазылды. Салыстырмалық тұрғыдан алғанда, зерттеу нысана- сына ХХ ғасырдың басынан бер- гі қазақ әдебиетінің мәселелері кө- бірек алынғанын байқау қиын емес. Оның ішінде жеке дарындар шығар- машылығын монографиялық тұр- ғыда зерттеу жұмыстарының ерек- ше қарқын алғанын атап айту керек.




С. Қирабаевтың «С. Сейфуллин» (1962), Е. Ысмайыловтың «Ақын және революция» (1964), Т. Кәкішевтің
«C. Сейфуллин» (1967) секілді ең- бектері мен көптеген зерттеу мақа- лалар сәкентану ілімінің негізі қалана бастағанын танытты. Жеке дарын- дар шығармашылығын осы кезге дейін қол жеткізген монографиялық очерк немесе портрет дәрежесінен тереңдете зерттеу шұғыл қолға алын- ды. Оған осы 60-жылдардың ішінде ғана жарық көрген М. Дүйсеновтің
«Ілияс Жансүгіров» (1965), «Ақын мұраты» (1967), Т. Нұртазиннің
«Б. Майлин творчествосы» (1966),
«Жазушы және өмір» (1960), Б. Ыс- қақовтың «C. Дөнентаев» (1966), Ы. Дүйсенбаевтың «С. Торайғыров» (1967), Б. Наурызбаевтың «Б. Май- лин прозасы» (1967), М. Қаратаевтың
«М. Әуезов» (1967), Т. Әбдірах- манованың «Ақын сыры» (1965) секілді монографиялары айқын дә- лел. Бұлар ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің кемелдене бастағанын ғана емес, жеке ақын-жазушылар мұрасын тұтас, толық және жан- жақты зерттеудің үлгісін көрсетіп берді. Идеялық-шығармашылық мә- селелері осы шақта жетекші болып отырған әдіснама талап-тілектері- не сай қарастырылғанымен, ұлттық әдебиеттануға үлес болып қосылған қорытындылар жасалғанын жоққа шығаруға болмайды. Ал шынына келгенде, қазақ әдебиетінің идея- лық-шығармашылық мәселелері әде-
биеттің таптығы, халықтығы, партиялығы қағидаларына тіке- лей байланысты еді. Осыған сай 20-30-жылдардағы қазақ әдебие- тінде идеялық-шығармашылық прин- циптердің орнығу процесі де арнайы зерттеле басталды. М. Қаратаевтың
«Қазақ прозасында социалистік реа- лизмнің қалыптасуы» (1965), Б. Кен- жебаевтың «20-жылдардағы қазақ совет әдебиеті» (1961), Т. Кәкішевтің
«Октябрь өркені» (1962), «Дәуір суреттері» (1967) секілді еңбектерінің жарық көруі заман талабынан туған еді. Олардан қазіргі көзқарасқа сай қате ой-тұжырымдар табу оп-оңай. Бірақ, қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолын маркстік-лениндік әдіснама қағидаларына орай болса да орнықтыру жолындағы ғылыми ізденіс ретінде көрінетін тұжырым- дарын жоққа шығаруға еш болмай- ды. Себебі, ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің басқа жолға бара алмаған тұсаулы кезеңіндегі хал-жағдайын түсіне отырып, басшылыққа алынған әдіснама негізінде болса да дамытуға жол бастағанын теріске шығара- тын болсақ, 1970-1980 жылдардағы көптеген ғылыми еңбектердің жа- зылуының барлығы дұрыс болып са- налмас еді.
Орайы келгенде айта кету керек, ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің ХХ ғасыр басындағы әдебиеттен әріге бармауының себептері де бар. Б. Кенжебаев 1959 жылғы конферен-




циядан соң іле-шала-ақ өз ұсыны- сын көпшіліктің ой-талқысына салу мақсатында «Қазақ халқының жаз- ба әдебиетінің тарихы қайдан, кім- нен басталады» («Қазақ әдебиеті», 1960, 22 шілде) деген ғылыми мәні зор мақаласын жариялаған бола- тын. Дайындалып жатқан ІІ томның 1-кітабында (1961) айтылады ғой деген тоқмейілсу көңіл ме, әлде да- улы мәселеден қашқақтау ма, ғалым ұсынысын қолдаған бірді-екілі мақала болмаса, кең көлемде талқылауға ат салушылар шыға қоймады. Қ. Жұ- малиев «Қате пікір қағидаға айнал- масын» («Қазақ әдебиеті», 1960, 29 шілде) атты қарсы мақала жазып, өз концепциясын қорғап қана қойған жоқ, әдіснамалық тұрғыда негіздеп тастады. Оны кейінде айтылғандай,
«Шын ғылым айтыстан тумақ. Осы тұрғыдан келгенде академик Қ. Жұмалиев әдебиеттануды кері кетірген жоқ, қайта әдебиетімізге негіз болған ежелгі жазба жәдігер- ліктердің тезінен зерттелуіне белгілі дәрежеде қозғау салды» (268, 224) деп көлгірси бағалаудың жөні жоқ. Бұны біз кемелдене бастады дей отырғанымызбен, ғылыми-зерттеу- шілік ой-пікірдің осы бағытта ізде- ністер жасауға мүмкіндігі бола тұрса да жан сала кіріспеген кемшілігін, әдебиетші-ғалымдардың «жоғарыға» жалтақтаудан аса алмағанын көрсету мақсатында айтып отыр- мыз. Міне, сондықтан да болар
қазақ әдебиетінің тарихи курсын жасауға арналған монографиялар жазу кейіндей берді. Оған 60-жыл- дары Қ. Жұмалиевтің «Қазақ әде- биеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі» (1960), Ә. Дербісәлиннің «Қазақтың Ок- тябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті» (1966) атты еңбектерден басқа монографиялардың болмауын айтсақ та жеткілікті.
Бұдан ғылыми-зерттеушілік ой- пікір әдебиеттанудың басқа сала- ларында соны қадамдар жасауға ұмтылысқа бармады деген ұғым тумайды. Көп томдықта (ІІІ том, 1-кітап) 30-жылдардағы әдебиеттану ғылымының табысы деп бағалан- ғанмен, не себепті қолданудан шыға- рылып қалғаны түсіндірілмеген Қ. Жұмалиевтің «Әдебиет теориясы» (1938), Е. Ысмайыловтың «Әдебиет теориясының мәселелері» (1940) секілді еңбектерден кейін қазақ әде- биетінің теориялық мәселелерін тұтас қамтыған іргелі зерттеу туа қоймаған-ды. Е. Ысмайыловтың
«Ақындар» (1956) монографиясы, Б. Кенжебаевтің «Қазақ өлеңінің құрылысы» (1955) атты кітапшасы болмаса, 1940-1950 жылдары ғылыми мақалалардан әріге бара қойған зерт- теу болмады .
Міне, қазақ әдебиеттануының кешеуілдеп қалған осы саласын зерттеу жұмысы қызу қолға алын- ды. Қ. Жұмалиев өзінің 1938 жылғы




«Әдебиет теориясын» маркстік- лениндік әдіснамаға сай толықтырып, 1960 және 1965 жылы қайта жазып шықты да, бұл іске қозғау салды. Ә. Тәжібаевтің «Өмір және поэзия» (1960), М. Дүйсеновтің «Әдебиеттегі мазмұн мен түрдің бірлігі» (1962), М. Хасеновтің «Ұнамды образ және типтендіру» (1966), А. Нұрқатовтың
«Идея және образ» (1962), «Абайдың ақындық дәстүрі» (1966), М. Базар- баевтың «Қазақ поэзиясындағы ең- бек адамының образы» (1961), Қ. Жұ- малиевтің «Стиль – өнер ерекшелігі» (1966) секілді зерттеулері әдебиетті теориялық тұрғыда тануда жақсы ізденістердің қолға алынғанын бай- қатты. Бұл жеке жанр түрлерінің қалыптасу жолын ғылыми саралаған Р. Бердібаевтың «Роман және за- ман» (1966), З. Қабдоловтың «Жанр сыры» (1964), С. Ордалиевтің «Қазақ драматургиясының очеркі» (1964), Т. Қожакеевтің «Қазіргі қазақ са- тирасы мен юморы» (1966) сияқты еңбектерге, басқа да ғылыми мақа- лаларға ұласты. Қазақ өлеңі туралы айтылған талдауларды жүйелей жә- не жаңаша пайымдай келе З. Ахме- тов «Қазақ өлең құрылысы» (1964) атты монография жазса, З. Қабдо- лов 1920 жылдардан бергі әдеби- теориялық ізденістерді жинақтай, қорытындылай келе «Әдебиет тео- риясының негіздері» (1970) атты еңбегін жарыққа шығарды. Егер бұлардың қатарына жеке шығар-
маларға, кейбір жанр түрлеріне арналған ғылыми мақалаларды қоссақ, әдеби-теориялық бағыттағы ой-пікірдің шын мәнінде шешуші қадамдар жасағанын көреміз. Бүкіл әлемдік әдеби теориялық ұғым- түсініктердің ұлттық әдебиеттануда игерілуі, нақты мысалдар арқылы дәлелденуі айтарлықтай табыс еді. Олардың жоғарыда аталған еңбек- терде маркстік-лениндік әдісна- ма қағидаларына икемделе түсін- дірілгенін, ғылыми сараланғанын кемшілік деп жату артық. Ғылыми- зерттеушілік ой-пікірдің ұлттық мүд- деге сай ізденістер жасауға деген мүмкіндігі болмаған уақытта кезеңдік табыс деп бағаламауға хақымыз жоқ. Осы тұрғыдан келгенде, қазақ әдебиеттануының 1960 жылдардағы бір жетістігі деп әдеби-көркем сын- ның өз бағыт-бағдары мен жанр- лық сипатын толық таныта алуы дер едік. Идеологияға жақын тұратын болғандықтан талай солақайшыл- дыққа барған сын «тұрпайы соци- ологизм» теориясынан бой тартты. Көркем әдебиеттің даму процесін ұдайы қадағалап, жақсы мен жа- манын таразыға салып отыратын жауынгерлік жолына қайта түсті. Аға буын сыншылар С. Мұқановтың
«Өсу жолдарымыз» (1960), Е. Ыс- майыловтың «Сын мен шығарма» (1960), «Жаңа белеске» (1962), Б. Кен- жебаевтың «Шындық және шебер- лік» (1966), М. Қаратаевтың «Ше-




берлік шыңына» (1963) секілді сын- мақалалар жинақтарының шығуы оған нақты дәлел. Бұларға С. Қи- рабаевтың «Өрлеу жолында» (1960), Р. Бердібаевтың «Әдебиет және өмір» (1964), Қ. Нұрмахановтың «Дәстүрлі достық» (1962), М. Базарбаевтың
«Әдебиет және дәуір» (1966), Б. Са- хариевтің «Уақыт тынысы» (1965), Х. Әдібаевтың «Уақыт және сурет- кер» (1967) сияқты кітаптарының үзеңгі қағыстыра жарық көруін сын- ның ұлттық әдебиеттанудағы жеке сала ретіндегі тұлғасын толық таны- та бастауы еді.
Егер осы айтылғандарға тек 1960 жылдарда ғана бұрын назардан тыс қалып келе жатқан басқа да тың мәселелерге қол созғанын байқататын еңбектерді атасақ, қазақ әдебиеттану ғылымы өзінің қалыптасу дәуірін біршама жақсы аяқтап келе жат- қанын көреміз. С. Талжановтың
«Көркем аударма туралы» (1966) монографиясы аударма теориясының тексеріле басталғанын дәлелдесе, ұлтаралық әдеби байланыстар мен қарым-қатынастар мәселесі С. Сейітов, Ш. Сәтбаева, К. Кереева-Қанафиева, Е. Ғабдіровтердің зерттеулері мен мақалаларында кеңінен сөз бола ба- стады. Сол сияқты қазақ әдебиетін оқытудың әдістемелік жолдарын тек- серген Ә. Қоңыратбаевтың, балалар әдебиетінің тарихын қарастырған Ш. Ахметовтің еңбектерінің тың жол салған жаңашылдығын, Ү. Сүбіхан-
бердинаның библиографиялық көр- сеткіштерінің тарихи құндылығын айтпай кетуге болмайды. Сонымен қатар, көп томдықта Ғ. Әбетов, Ә. На- рымбетов, Т. Кәкішевтер жасаған
«Әдеби өмір шежіресінен» қазақ биб- лиографиясының да біршама жүйе- леніп қалғанын көреміз.
Қорыта келгенде, қазақ әдебиет- тану ғылымы ізденістері мен іркі- лістері, жетістігі мен кемшілігі қа- тар түсіп отырған, маркстік-лениндік әдіснама қағидалары мен кеңестік идеология қыспағында бола отыр- са да ұлттық әдебиеттің тарихын, теориясын, фольклорын зерттеуде, әдеби көркем сынын қалыптасты- руда осындай табыстарға дейін қол жеткізе алған қалыптасу дәуірін аяқтады. Әдебиет туралы ұлттық ғы- лым ретіндегі қалыптасу кезеңі үшін айтарлықтай жеңіс саналатын осы ізденістері арқылы келешек даму жо- лында мәнді арналарға бастайтын мәселелерді шама-шарқынша шешіп алды.
Қорыта келгенде, қазақ әдебиет- тану ғылымы iзденiстерi мен iркi- лiстерi, жетiстiгi мен кемшiлiгi қа- тар түсiп отырған, маркстiк-лениндiк әдiснама қағидалары мен кеңестiк идеология қыспағында бола отыр- са да ұлттық әдебиеттiң тарихын, теориясын, фольклорын зерттеуде, әдеби көркем сынын қалыптасты- руда осындай табыстарға дейiн қол




жеткiзе алған қалыптасу дәуiрiн аяқтады. Әдебиет туралы ұлттық ғылым ретiндегi қалыптасу кезеңi үшiн айтарлықтай жеңiс саналатын
осы iзденiстерi арқылы келешек даму жолында мәндi арналарға бастайтын мәселелердi шама-шарқынша шешiп алды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет