Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет188/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   295
Экономикалык теория

экономикалық дағдарыстар құрайды. Өндірістің бір экономикалық 
дағдарыс-тан екінші бір экономикалық дағдарысқа өту қозғалысын 
экономикалық цикл деп атайды.


232
Экономикалық цикл төрт фазадан тұрады: дағдарыс, тоқырау, 
жандану және өрлеу. 
1. Дағдарыс. Бұл фазада экономикалық дамудың көрсеткіштері 
күрт нашарлайды: өндіріс көлемі қысқарады, табыстар төмендейді, 
жұмысбастылық қысқарады, инвестициялық белсенділік төмендейді, 
бағалар құлайды, өндіргіш күштер біртіндеп істен шыға бастайды, 
негізгі капитал құнсызданады, жұмыссыздық өседі, кәсіпорындар 
жаппай жабыла бастайды, өндірістік қуаттар төмендейді. 
2. Тоқырау. Бұл фаза экономикалық дағдарыстың ең төменгі 
нүктесі болып табылады, яғни жаппай жұмыссыздық орын алады, 
жалақы мен пайыз мөлшерлемесі ең төменгі деңгейге жетеді, тауарлы-
материалдық қорлар қысқарады, өндіріс тоқтайды, бағалардың 
төмендеуі де тоқтайды.
3. Жандану. Бұл фазада негізгі капитал жаппай жаңартылады, 
жұмыссыздық қысқарады, жалақы, пайыз мөлшерлемесі және бағалар 
өсе бастайды, инвестициялық белсенділік пен тұтыну заттарына деген 
сұраныс артады. 
4. Өрлеу. Бұл фаза экономикалық дамудың шарықтау шегі болып 
табылады. Экономикалық өсу қарқыны жоғарылайды, өндіріс көлемі 
айтарлық-тай ұлғаяды, инвестициялар да артады, бағалы қағаздар 
бағамы өседі, пайда, жалақы, баға, пайыз сияқты көрсеткіштер ең 
жоғары деңгейге жетеді. 
Негізінен, экономикалық циклдің негізгі фазасын дағдарыс 
құрайды. Себебі мұнда циклдің негізгі белгілері көрініс табады. 
Дағдарыссыз цикл болмайды, ал дағдарыстардың үнемі кезеңділікпен 
қайталанып отыруы нарықтық экономиканың дамуына циклдік сипат 
беріп отырады.
Экономиканың циклдік дамуының графикалық көрінісі төменде-гі 
суретте көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет