Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет247/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   295
Экономикалык теория

Талқылау сұрақтары:
15.1. Халықаралық сауда және оның негізгі теориялары;
15.2. Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты;
15.3. Төлем балансы және валюта бағамы;
15.4. Қазақстанның әлемдік экономикадағы қазіргі орны мен рөлі;
15.5. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі.
Негізгі ұғымдар: әлемдік нарық, халықаралық еңбек бөлінісі, 
абсолютті артықшылықтар, салыстырмалы артықшылықтар, Хекшер-
Олин дәлелдемесі, жаһандану, сыртқы сауда, экспорт, импорт, сыртқы 
сауда балансы, протекционизм, еркін сауда саясаты, төлем балансы, 
валюта бағамы, девальвация, ревальвация, 
15.1. Халықаралық сауда және оның негізгі теориялары
Қазіргі әлемдік нарық өзіндік күрделенген жүйе ретінде ұлттық 
шаруашылықтар арасындағы қалыптасқан сауда-саттық қарым-
қатынастары-мен сипатталады. Бұл жерде тауарлар мен қызметтер, 
жұмыс күші, капиталдың түрлері, технология, валюталар сатылуы 
және сатып алынуы мүмкін. 
Әлемдік нарықтың қалыптасуы мен дамуы: халықаралық еңбек 
бөлінісімен (ХЭБ) тығыз байланысты. ХЭБ бірнеше факторлармен 
анықталады. Ол әлем елдерінің өндірістік шарттарының алуан 
түрлілігі жағдайында дамиды. Әлем елдерінің табиғи ресурстарға, 
капиталға, еңбек ресурстарына, технологияға және тағы басқаларына 
әртүрлі иелік етуі (мысалы, бір ел пайдалы қазбаларға өте бай, ал 
басқа бір елде олар мүлдем тапшы болуы мүмкін) олардың өндірістік 
мүмкіндіктерінің бірдей болмайтындығына алып келеді. Адамдар 
өнімнің барлық түрін өндіргісі келеді, бірақ бұл кейбір жағдайларда 
тиімсіз және мүмкін емес болып табылады.


306
Осындай мәселелерге бірінші болып классиктер Адам Смит пен 
Давид Рикардо көңіл бөлді. А.Смит: «кез келген өнімді кез келген 
елде өндіруге болады, бірақ олардың шығындары өте жоғары және 
сапасы төмен болуы мүмкін, сол себепті, елдер өндірісі арзанға түсетін 
тауарлар мен қызметтердің түріне маманданғаны дұрыс», деп жазды. 
Олай болса, қазіргі әлемдік нарық сыртқы сауданың тиімділігімен 
түсіндіріледі. Смитше, әлемдік сауданың тиімділігі қандай да бір 
елдің өндіріс шығындары деңгейінде басқа бір елге қарағанда 
абсолютті артықшылыққа ие болуынан көрініс табады. Осылайша, 
А.Смит абсолютті артықшылықтар теориясын қалыптастырды. 
Ал Д.Рикардо болса, өзінің әйгілі салыстырмалы артықшылықтар 
теориясын дамытты. Айталық, Қазақстанға Қырғыз Республикасына 
қарағанда бидай мен мата өндірісі арзанға түседі. Егер бұлай болса, 
онда Қазақстанға Қырғыз Республикасымен саудаласудың мүлдем 
қажеті жоқ.
Алайда, салыстырмалы шығындар теориясына сәйкес екі ел 
арасындағы сауда тиімді болып табылады. Айталық, Қазақстанда 
бидайдың 1 бірлік құны матаның 1,5 бірлік құнына тең. Ал Қырғыз 
Республикасында бидайдың 1 бірлігі матаның 2 бірлігіне тең. Егер, 
Қырғыз Республикасына бидай шығарсақ, онда оның құнына матаның 
2 бірлігін алуға болады. Олай болса, матаға қарағанда бидайды 
Қазақстанда өндірген аса тиімді болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет