Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет254/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   295
Экономикалык теория

Валюта «қоржыны» – орташа бағамы есеп айырысатын валюта өлшемін белгілеу 
кезінде негізге алынатын валюталар жиыны.


315
Сонымен, жаңа валюталық жүйе құбылмалы валюта бағамдарын 
енгізеді. Ұлттық экономиканың сыртқы экономикалық байланыстарға 
бейімделуі валюта бағамын өзгерту арқылы жүріп отырды. Аталмыш 
валюта жүйесінде валюта бағамдары нарықтық күштер арқылы 
құбылып қана қоймай, мемлекет арқылы да олар басқарылып отыра-
ды.
Сондықтан валюта бағамдарының тұрақтылығы ұлттық эконо-
миканы бірлесіп реттеу шараларына жүгінуі тиіс. Ал валютаның 
тұрақсыздығы экономикалық құрылымның бұзылуының көрінісі 
болып табылады.
Төлем балансының құрылымы
Төлем балансы белгілі бір уақыт аралығында шетелдік мемлекет-
терге төленген жалпы төлемдер мен шетелдік мемлекеттерден 
алынған жалпы төлемдер арасындағы айырманы білдіреді. Төлем-
дер ге алтын, тауарлар мен қызметтердің құны, туризмнен келген 
табыстар мен шығындар, капиталдың түрлері мен инвестициялар, 
пайыздарды, дивидендтерді және несиелерді төлеу жатады. Егер 
түсімдер төлемдерден асып кетсе, онда төлем балансының жағдайы 
активті болады немесе төлемдер түсімдерден асып кетсе, онда төлем 
балансы пассивті болып соңында оның тапшылығы орын алады.
Төлем балансының жағдайын валюта бағамы анықтайды.
Төлем балансының құрылымына келетін болсақ, ол ағымдық 
операциялар балансынан және капитал қозғалысы балансынан 
құралады. Ағымдық операциялар балансы өз кезегінде сауда 
балансынан, қызметтер балансынан және трансферттік төлемдер 
балансынан құралады. Ал капитал қозғалысы балансы ұзақ мерзімдік 
және қысқа мерзімдік капитал салымдарының келуі мен кетуін 
білдіреді.
Төлем балансының жағдайы ұлттық экономиканың әрекет ету 
сапасының аса маңызды көрсеткіші ретінде көрінеді. Мемлекет оның 
жағдайын мұқият қадағалап отырады. Шығындардың табыстардан 
артып кетуі ұлттық валютаның беделіне нұсқан келтіріп, оны 
құнсыздандырады. Ел қарызға тап болады, кейін оған қызмет көрсетіп 
қайтару керек болады. Ал табыстардың шығындардан жүйелі түрде 
артып кетуі ел үшін қолайлы болғанымен, ол басқа әріптес-елдердің 
төлем баланстарының тапшылығына алып келеді. 
Егер төлем балансы капиталды шетелден тарту есебінен 
жақсартылса, онда бұл болашақта бірқатар келеңсіз жағдайларға алып 
келуі мүмкін (қарыз, шетел инвестицияларына табыстарды қайтару). 


316
Сондықтан табыстар мен төлемдерді теңестіруді ең тиімді бағыт деп 
санайды.
Валюта бағамы оның ревальвациясы және девальвациясы арқылы 
төлем балансының жағдайына айтарлықтай әсер етеді. Оны төмендегі 
кестеден көруге болады. Ревальвация – бұл валюта бағамының басқа 
валютаға қарағанда көтерілуі. Девальвация – бұл валюта бағамының 
басқа валютамен салыстырғанда төмендеуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет