Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет28/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   295
Экономикалык теория

3. Әлеуметтік қажеттіліктер: сүйіспеншілік, махаббат, достық, 
кейбір топтардың мүшесі болу, өзара мүдделі адамдардың қарым-
қатынасы, т.б.
4. Өзін-өзі сыйлау мен қадірлеуге деген қажеттіліктер: мақсатқа 
жету, өзін таныту, басқа адамдардың сый-құрмет көрсетуі, қоғамда 
өз орнын табу, т.б.
5. Өзін-өзі мадақтауға деген қажеттіліктер: өз қабілеттіліктерін 
іске асыру, өз мүмкіндіктерін дамыту және оларды белсенді түрде 
қолдану, өзара түсіністік, т.б.
Қажеттіліктерін осындай жіктемесін олардың басқаша түрлерімен: 
материалдық және рухани қажеттіліктер, рационалды және 
иррационалды қажеттіліктер, абсолюттік және ақиқат қажеттіліктер, 
нақты, жете түсінілген, жете түсінілмеген, қате түсінілген және басқа 
да қажеттіліктермен толықтыруға болады.
Саналы түрде жете түсінілген қажеттіліктер еңбекке деген ынта-
жігерді тудырады. Мұндай жағдайда қажеттіліктер өзінің нақты 
нысанына ие болады.
Қоғамның кез келген қажеттілігі игіліктер арқылы қанағат-
тандырылуы тиіс.
Игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыратын құралдар; 
өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық қызметінің объек тісі. 
Олар шексіз (мысалы, ауа, күннің нұры, жел энергиясы) және шек теу лі 
көлемде болып келеді. Шектеулі көлемдегі игіліктерді экономикалық 
игіліктер деп атайды. Яғни, экономикалық игіліктер – экономика-
лық қажеттіліктерді қанағаттандыра алу қасиетіне ие материалдық 
және материалдық емес заттар мен қызметтер. Ал экономикалық 
игіліктердің ерекше түріне тауар немесе қызмет көрсету жатады. 
Тауар немесе қызмет көрсету – нарықтық экономикалық жүйеде 
сатылатын және сатып алынатын материалдық және материалдық емес 
экономикалық игіліктер. Адамдардың экономикалық қажеттіліктері 
көбінесе игіліктерді өндіру мүмкіндігінен асып кетіп отырады. 
Сондықтан да, жетпеген тұтынушылық игілікті өндіру үшін жанама 
экономикалық игілік – ресурстар қажет.
Ресурстар – бұл қандай да бір экономикалық қажеттілікті 
қанағаттандыруы тиіс экономикалық игіліктерді (тауарлар мен 


37
қызметтерді) өндіруде қолданылатын ресурстардың барлық түрлері 
немесе басқа игіліктерді өндіруде қолданылатын игіліктер. Сондықтан 
оларды өндіріс факторлары деп атайды. Қазіргі уақытта, олардың 
негізгі түрлеріне еңбек, капитал, жер, кәсіпкерлік қабілет және ақпарат 
жатады.
Экономикалық теорияда өндіріс факторларын талдаудың маңызы 
өте зор. Осыған сәйкес, өндіріс факторларына деген екі ғылыми 
көзқарас қалыптасқан: олар – маркстік және маржиналистік.
1. Маркстік тұжырымдама өндірістің үш факторын бөліп көрсетеді: 
1) адамның еңбегі; 2) еңбек заттары; 3) еңбек құралдары. Адамдардың 
еңбек үдерісінде өңдеуге түсетін табиғат заттарын еңбек заттары 
деп атайды. Олардың екі түрі орын алады, біріншіден, табиғаттың 
тікелей берген заттары (балық, мұнай, газ, т.б.), екіншіден, өңдеуге 
түскен еңбек заттары (шикізат). Еңбек құралдары деп адамдардың 
солардың көмегімен еңбек затына ықпалын білдіретін құралдарын 
айтады. Еңбек құралдарына машиналар, станоктар, жабдықтар, құрал-
саймандар, өндірістік ғимараттар, жолдар және басқалары жатады. 
Еңбек заттары мен еңбек құралдары бірігіп жиынтығында өндіріс 
құрал-жабдықтарын құрайды. Ал өндіріс құрал-жабдықтарын және 
өндірістік тәжірибесі бар, еңбек құралдарын іс-әрекетке икемдеп 
қосатын адамдарды қоғамның өндіргіш күштері деп атайды.
2. Маржинализм тұжырымдамасы бойынша, өндіріс факторлары 
төртке бөлінеді: 1) еңбек; 2) капитал; 3) жер; 4) кәсіпкерлік қабілет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет