Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет128/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   295
Экономикалык теория

АС (average costs) = ТС / Q.
Орташа шығындар үшке бөлінеді:
1. Орташа тұрақты шығындар – өнімнің бір бірлігін өндіруге 
жұмсалған жалпы тұрақты шығындар және ол жалпы тұрақты 
шығындарды өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады:
АFС = FС / Q.
2. Орташа өзгермелі шығындар – өнімнің бір бірлігін өндіруге 
жұмсалған жалпы өзгермелі шығындар және ол жалпы өзгермелі 
шығындарды өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады:
АVС = VС / Q.


156
3. Орташа жалпы шығындар – орташа тұрақты және орташа 
өзгермелі шығындардың қосындысы:
ATC = AFC + ATC.
Шекті шығындар – бұл өнімнің келесі бір бірлігін өндірумен 
байланысты өндіріске тартылған қосымша шығындар. Бұл шығындар 
жалпы және өзгермелі шығындардың өзгерісін туындатады және осы 
шығындар өзгерісінің өнім көлемінің өзгерісіне қатынасы ретінде 
анықталады:
МС (marginal costs) = ∆TC / ∆Q, немесе МС = ∆VC / ∆Q.
Шекті шығындардың өнім өндіру көлеміне тікелей қатысы 
болғандықтан, олар тұрақты шығындарға әсер етпейді. Сол себепті, 
қосымша тұрақты шығындар әрқашанда нөлге тең болады: МFC = 0
Төмендегі кестеде шекті шығындарды есептеудің жолы көрсетіл-
ген. Мысалы:
Өндірілген 
тауарлардың саны, 
дана
Жалпы шығындар, долл.
Орташа шығындар, долл.
42
4 200
100
43
4 257
99
44
4 312
98
45
4 365
97
Шекті шығындар
4 257 – 4 200 = тауардың 43-данасына 57 доллар жұмсалды
4 312 – 4 257 = тауардың 44-данасына 55 доллар жұмсалды
4 365 – 4 312 = тауардың 45-данасына 53 доллар жұмсалды
8.3. Фирманың табыстары және оның түрлері
Табыс – бұл фирманың өнімнің белгілі бір көлемін сатудан 
түскен жалпы түсімі. Жалпы түсім нарықтағы тауардың бағасына 
және өткізілетін өнімнің көлеміне тәуелді болып табылады. Алайда, 
фирманың табыстарын пайдамен шатастыруға болмайды.
Фирма табыстарының негізгі үш түрі болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет