Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Макроэкономиканың зерттейтін негізгі мәселелері



Pdf көрінісі
бет156/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   295
Экономикалык теория

Макроэкономиканың зерттейтін негізгі мәселелері:
1. Экономикалық өсу;
2. Толық жұмысбастылық;
3. Экономикалық тиімділік;
4. Бағалар деңгейінің тұрақтылығы;
5. Табыстарды әділетті бөлу және әлеуметтік әділеттілік;
6. Сауда балансы;
7. Қоршаған ортаны қорғау.
Осындай мәселелер кез келген қоғамда бір-бірін толықтырып 
отырады және бір-біріне қарама-қайшы келіп отырады. Сондықтан 
қоғам алдағы қойған басымдық мақсаттарға байланысты негізгі 
макроэкономикалық мәселелерді шешуді осы тұрғыдан қолға алуы 
тиіс.
Сәйкесінше, негізгі макроэкономикалық мәселелерді зерттеу 
мемлекеттің қандай да бір экономикалық саясатын талдаусыз және 
жүргізусіз мүмкін емес. Кез келген мемлекет өз қарамағында негізгі 
макроэкономикалық мәселелерді шешудің өте бай құралдарын 
иеленеді. Макроэкономикалық талдау құралдары – бұл бір 
немесе бірнеше мақсаттардың орындалуын көздейтін және 
макроэкономикалық мәселелерді шешуге атсалысатын мемлекеттің 
экономикалық саясатының кешенді іс-шараларының жиынтығы. 
Жалпы алғанда, макроэкономи-калық саясат құралдарының мынадай 
түрлері орын алады:
1. Бюджет-салық (фискалдық) саясаты – мемлекеттің салық салу 
және мемлекеттік шығындар арқылы экономикаға әсер етуі;
2. Ақша-несие (монетарлық) саясаты – мемлекеттің елдің ақша, 
несие және банк жүйелері жолымен экономикаға әсер етуі;


193
3. Әлеуметтік саясат – ел азаматтарының әлеуметтік жағдайларын 
қорғау және қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуге 
бағытталған макроэкономикалық реттеудің маңызды бір бағыты;
4. Сыртқы экономикалық саясат – мемлекеттің ашық экономика 
жағ-дайында халықаралық сауда қатынастарына араласа отырып, 
ұлттық экономика-ның өсуі мен тиімділігін арттыру, халықтың өмір 
сүру деңгейін жақсарту мақсатында таза экспортты реттеуге араласуы.
Экономикалық саясаттың осындай түрлеріне біз алдағы тақырып-
тарда жеке-жеке тоқталып өтетін боламыз.
Макроэкономикалық талдау микроэкономикалық талдаумен 
тығыз байланысты, өйткені микроэкономикалық байланыстар 
макроэкономикалық құбылыстардың негізі болып табылады.
Сонымен, макроэкономика – бұл экономиканы біртұтас жүйе 
ретінде зерттейтін ғылым. Ол экономикада болып жатқан өзгерістерді 
түсіндіруге, нарықтық жүйенің қызмет етуін жақсарту бойынша 
экономикалық саясатты жүргізуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет