193
3. Әлеуметтік саясат – ел азаматтарының әлеуметтік жағдайларын
қорғау және қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуге
бағытталған макроэкономикалық
реттеудің маңызды бір бағыты;
4. Сыртқы экономикалық саясат – мемлекеттің ашық экономика
жағ-дайында халықаралық сауда қатынастарына араласа отырып,
ұлттық экономика-ның өсуі мен тиімділігін арттыру, халықтың өмір
сүру деңгейін жақсарту мақсатында таза экспортты реттеуге араласуы.
Экономикалық саясаттың осындай түрлеріне біз алдағы тақырып-
тарда жеке-жеке тоқталып өтетін боламыз.
Макроэкономикалық талдау микроэкономикалық талдаумен
тығыз
байланысты, өйткені микроэкономикалық байланыстар
макроэкономикалық құбылыстардың негізі болып табылады.
Сонымен,
макроэкономика – бұл экономиканы біртұтас жүйе
ретінде зерттейтін ғылым. Ол экономикада болып жатқан өзгерістерді
түсіндіруге, нарықтық жүйенің қызмет етуін жақсарту бойынша
экономикалық саясатты жүргізуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: