Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


 Егер нақты ЖҰӨ әлеуетті ЖҰӨ-ге тең болса, онда



Pdf көрінісі
бет221/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   295
Экономикалык теория

36. Егер нақты ЖҰӨ әлеуетті ЖҰӨ-ге тең болса, онда:
A) Циклдік жұмыссыздық болмайды
B) Экономикада фрикционды жұмыссыздық болмайды
C) Құрылымдық жұмыссыздық болмайды
D) Циклдік жұмыссыздық орын алады
E) Табиғи жұмыссыздық болмайды
37. Тұтыну бағалық индексі 2000 жылы 120 %, ал 2002 жылы 150 
% болды. Осы жылдар аралығындағы инфляция қарқыны 
қандай:
A) 25 % B) 125 % C) 80 % D) 20 % E) 30 %
38. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – 6 %, нақты деңгейі – 18 
%, Циклдік жұмыссыздықты анықтаңыз: 
A) 12 % B) -12 % C) 24 % D) 3 % E) 1/3 %
39. Сұраныс әсерінен болған инфляцияға қатысы жоқ жағдай 
қайсы:
A) Шикізат және қуат көздерінің бағаларының өсуі
B) Жалпы сұраныстың артықшылығы
C) Бағалардың өсуі
D) Атаулы жалақының өсуі
E) Ақша массасының өсуі
40. Кейнсшілдік тұжырымдамаға сәйкес жұмыссыздық пен 
инфляция:
A) Тікелей тәуелділікпен байланысты
B) Кері тәуелділікпен байланысты
C) Байланысты емес
D) Экономикалық жағдайға байланысты тікелей немесе кері 
байланыста болуы мүмкін
E) Ұзақ мерзімде екеуі де қатар орын алады


274
14-т ақырып
МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫ ЖӘНЕ АҚША-НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ. 
ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ
Мақсаты: экономикадағы қаржы жүйесіне және оның құрылы-
мына тоқталып, ондағы мемлекеттік бюджет пен оның тапшылығын, 
мемлекеттік қарыз мәселесін талқылау, салықтардың экономикалық 
мәнін ашу, ақша жүйесінің құрылымын және несие-банк қатынас-
тарын қарастыру, сондай-ақ, мемлекеттің әлеуметтік саясатын да 
тоқталу.
Талқылау сұрақтары:
14.1. Қаржы жүйесі және мемлекеттік бюджет құрылымы.
14.2. Салықтардың экономикалық мәні, қызметтері, элементтері. 
Лаффер қисығы
14.3. Ақша жүйесінің элементтері және ақша агрегаттары
14.4. Несиенің мәні мен формалары. Қазақстандағы банк жүйесі
14.5. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты. Лоренц қисығы
Негізгі ұғымдар: қаржы, қаржы жүйесі, мемлекеттік бюджет
мемлекеттік шығыстар, мемлекеттік кірістер, трансферттік 
төлемдер, бюджет тапшылығы, мемлекеттік қарыз, салықтар, салық 
мөлшерлемесі, Лаффер қисығы, ақша жүйесі, ақша айналымы, ақша 
массасы, ақша агрегаттары, несие, банк, орталық банк, коммерциялық 
банктер, мемлекеттік әлеуметтік саясаты, Лоренц қисығы, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет