57
Жас ерекшелік педагогикасы оқу-тәрбие мекемелерінің
типтерін немесе жас ерекшелік топтарды
анықтауды сипаттайтын
оқу және тәрбие заңдылықтарын зерттейді. Мұнда мектепке дейінгі
педагогика, мектеп педагогикасы, ересектер педагогикасы деп
ажыратылады.
Мектепке дейінгі педагогика мектепке дейінгі кезеңдегі
балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін қарастырады.
Мектеп педагогикасы орта жалпы білім беретін мекемелердегі
оқу-тәрбие ерекшеліктерін қарастырады.
Ересектер педагогикасын зерттейтін салалар ішінде
жоғарғы
мектеп педагогикасы ерекше белгіленеді. Ол
студенттерге білім
беру мен тәрбиелеудің арнайы міндеттерін, жоғарғы оқу
орындарының педагогикалық үрдіс заңдылықтарын зерттейді.
Әлеуметтік педагогика тұлғаны әлеуметтендіру үрдісінің
заңдылықтарын зерттейді. Педагогиканың бұл саласы баланың
қалыптасуы мен дамуына әлеуметтік ортаның тәрбиелік ықпалын
зерттеумен айналысады (қоғам, мемлекет,
қоршаған орта,
әлеуметтік шындық).
Тҥзету педагогикасы арнайы педагогика ретінде ерекшеленеді.
Оған:
сурдопедагогика
(естімейтін-сӛйлемейтін,
нашар
еститіндерді оқыту мен тәрбиелеу), тифлопедагогика (кӛзі
кӛрмейтіндерді
және
нашар
кӛретіндерді
оқыту
мен
тәрбиелеу),олигофренопедагогика (ақыл-ойы кеміс балаларды
оқыту және тәрбиелеу), логопедия (тілінің кемістігі бар балаларды
оқыту және тәрбиелеу).
Этнопедагогика әртүрлі халықтардың педагогикалық кӛзқарас
ерекшеліктерінің адам дамуына ықпалын, халықтық тәрбиенің
заңдылықтарын зерттейді.
Салыстырмалы педагогика әртүрлі елдердегі оқыту мен
тәрбиелеудің заңдылықтары мен тұжырымдамаларын зерттеумен
айналысады.Салыстырмалы педагогиканы білу басқа елдердің озық
тәжірибелерін игеруге кӛмектеседі.
Педагогика
ғылымының ерекше тобын пәндік дидактика
немесе
жеке әдістеме құрайды. Оқытудың жалпы заңдылықтарын
білім беруде қолдану және нақты оқу пәндерін зерттеу.
Педагогиканың басқа да ғылыми салалары бар: әскери,
спорттық, кәсіби т.б. Әрбір бағыт педагогиканың бӛлігі болып
табылады.
58
Педагогика ғылым ретінде болашаққа қызмет етеді. Сондықтан
оның алдын болжауға және практиканы белсенді қайта ӛзгертуге
қабілеті, яғни адамды дамыту, тұтасымен алғанда адамзат қоғамын
дамытудың мақсатты нәтижесін кӛре білу ерекше маңызды болып
табылады.
Қазіргі кезеңде әлемдік қоғамдастық білім беруде
ізгіліктік
(гуманистік) идеяларды оның қоғамдағы әлеуметтік, педагогикалық
және экономикалық рӛлін кӛтеру арқылы жүзеге асыруға ұмтылыс
жасауда. Кезкелген қоғамның адамгершілік, интеллектуалдық,
ғылыми-техникалық әлеуеті білімдік
ортасының деңгейіне тікелей
байланысты.
Педагогика
білім беру туралы ғылым ретінде бүгінгі күні
іргелі,
Достарыңызбен бөлісу: