3
КІРІСПЕ
Қазақстанның халықаралық білім
беру кеңістігіне біртіндеп
кірігуі жүзеге асырылуда, бұл ӛз кезегінде жоғары білім беру
жүйесін реформалаудың түйінді бағыттарын нақтылауды қажет
етіп отыр. Тез ӛзгеретін технологиялар заманында оның басты
ұстанымы «ӛмір бойы білім алу,
адамның сапалы кәсіби және
ғылыми дайындығы, ӛз бетінше іздене білуі және ӛзін-ӛзі
жетілдіруге қабілеттілігі болуы қажет».
Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға дейінгі білім
беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты –
білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың
тұрақты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз
ету арқылы адам капиталын дамыту деп кӛрсетілген.
Жоғары педагогикалық білім берудің қазіргі кезеңдегі ең ӛзекті
мәселесі – бәсекелестікке қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие
бола алатындай кәсіби мамандар дайындау. Бұл жоғары оқу
орындарында
білім сапасын арттыру, әлемдік білім кеңістігінің
тәжірибелерін игеру арқылы ғана жүзеге асатындығы белгілі. Осы
ретте еліміздегі жоғары оқу орындарының бағдарламалары белгілі
дәрежеде халықаралық талаптарға сәйкестендіріліп, жоғары білім
берудің мемлекеттік стандарттары оқытудың кредиттік жүйесіне
бағытталып жасалынуда.
Қазіргі таңда білім берудің мақсаттарының жиынтығы
негізгі
құзыреттіліктерді қалыптастыруды кӛздейді. Осы негізде жоғары
оқу орнында білім беруде болашақ
педагогтардың кәсіби
құзыреттіліктерін педагогикалық пәндерді оқыту барысында
қалыптастыру бүгінгі күннің негізгі талабы болып табылады.
1. Болашақ
мамандарды
психологиялық-педагогикалық
даярлау жүйесінде «Педагогиканы оқыту әдістемесі» пәні
ерекше орын алады. Бұл пән арқылы студенттер теория
мен
тәжірибенің
бірлігін,
оқытушы
мен
білімалушылардың іс-әрекетін, педагогикалық қызметтің
мәнін,
құрылымын, педагогикалық қызметтің әдістемесін
меңгереді. Сонымен қатар, педагогиканы оқытудағы
технологияларды, колледждерде, жоғары оқу орнында
педагогиканы
оқытудың мазмұны, формалары мен
әдістерін игеруге мүмкіндік алады. Педагогика және
психология мамандығы бойынша біліктілік мінездемесіне
4
сәйкес жоғары оқу орындарында педагогикалық пәндерді
оқыту әдістемесінің негіздері меңгеріледі.
«Педагогиканы оқыту әдістемесі» оқулығы мазмұндық және
әдістемелік жағынан педагогиканың мынадай салаларымен:
«Педагогикалық мамандыққа кіріспе», «Педагогиканың
жалпы
негіздері», «Дидактика», «Тәрбие теориясы», «Педагогика тарихы»,
«Педагогиканың ғылыми зерттеу әдістері» және т.б. тығыз
байланыста
берілген.
Оқулықта
педагогиканы
оқытудың
әдіснамалық және жалпы теориялық мәселелері қарастырылды.
Соның негізінде педагогиканы оқытудың жеке пән ретінде
ерекшеліктеріне назар аударылып, теориялық және практикалық
сабақтарды ӛткізу әдістемесі мен жаңа технологиялары, негізгі
тақырыптардың әдістемелік сипаттамасы беріліп отыр.
«Педагогиканы оқыту әдістемесі» оқулығында педагогика
ғылымының құрылымы мен мазмұны, негізгі кӛзқарастарды
(аксиологиялық, мәдениетке сәйкестік, жүйелілік және т.б),
педагогиканы
оқыту
технологиясын
тұлғалық-бағдарлы
парадигмасы негізінде талданды. Студенттердің ӛздік жұмысын
ұйымдастыру
ерекшеліктері,
кредиттік
оқыту
жүйесінде
педагогиканы
оқыту
әдістемесінің
ерекшеліктеріне,
технологиясына кеңінен орын берілді.
«Педагогиканы оқыту әдістемесі» оқулығы 5В010300
«Педагогика және психология» жоғары кәсіптік білім беру
мамандығының «Педагогиканы оқыту әдістемесі»
пәнінен Абай
атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Білім»
тобындағы мамандықтар бойынша Оқу-әдістемелік секциясы
жасаған типтік оқу бағдарламасына сай әзірленді.
Осы оқулық «Педагогиканы оқыту әдістемесі» пәні
мазмұнының міндетті минимумына және даярлау деңгейіне
қойылатын мемлекеттік талаптарды іске асыруға арналған жоғары
кәсіптік білім беру оқу орындарының жұмыс оқу бағдарламаларын
және пәннің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге негіз болып
табылады.
Оқулықты дайындау барысында автордың жарияланған
ғылыми
еңбектері, оқу процесінде кеңінен қолданыс тауып, оң
пікірге ие болған оқу құралдары, баспа беттерінде жарияланған
ғылыми мақалалары мен бандамалары, осы пәннен оқылған
лекциялардың материалдары пайдаланылды.
Автор