Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 Педагогиканы оқытудың диагностикалық негізі



Pdf көрінісі
бет42/169
Дата19.08.2022
өлшемі2.14 Mb.
#459982
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   169
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

 
4. Педагогиканы оқытудың диагностикалық негізі 
Оқыту үрдісінің ажырамас бір бӛлігі диагностика болып 
табылады. Диагностиканың кӛмегімен белгіленген мақсат, 
міндеттердің табысты орындалуы анықталып барады. Ол болмаған 
жерде дидактикалық процесті тиімді басқару мүмкін емес. 
Диагностика – бұл дидактикалық үрдістің нәтижесін анықтау.
«Диагностика» түсінігінің мәні «білім, ептілік және дағдыларды 
тексеру» түсінігімен салыстырғанда едәуір терең әрі кең. 
«Тексеру» нәтиженің тек кӛрсеткіштерін ғана аңдатады, не 
себептен болғаны жӛнінде дерек бермейді. Ал диагностикалауда 
нәтиже ӛзіне қол жеткізген әдіс-тәсілдермен бірге қарастырылады, 
дидактикалық процестің бағдар-бағытын, ілгерілі не кері қозғалысы 
анықталады. Диагностика ӛз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау 
мен бағаны, жинақталған статистикалық деректер талдауын
дидактикалық процестің жүрісін, бағытын және жобілім 
алушынуын қамтиды.
Білім берудегі диагностиканың міндеттері:
• білім алушылардың даму барысына және нәтижелеріне талдау 
жасау (білім алуға әзірлігі, психикасының қызметі, дамуы);
• оқыту үрдісінің барысын және нәтижелерін талдау (білімнің 
кӛлемі және тереңдігі, білім, іскерлік, дағдыларды қолдана білуі, ой 
жұмысының негізгі тәсілдерінің болуы, шығармашылық іс-әрекет 
тәсілдерін білу);
• тәрбие барысын және оның нәтижелерін талдау (тәрбиелік 
деңгейін, адамгершілікке сенімін, адамгершілігін). 
Диагностика нәтиже мен процесті бірге зерттейді. Білім 
алушының еңбегі Педагогтің еңбегімен бірге талданып, білім 


109 
алушының мүмкіндігі, қабілеті және икемділігі зерттеледі. 
Педагогтің жұмысына ықпал еткен жағдайлар ескеріледі. Тексеру 
білім алушының «оқығым келмейді» деген пікірімен санаспайды. 
Ал диагностика онымен санасады, білім алушының оқуға ынтасын 
арттыру тәсілдерін табады.
Диагностика арқылы білім алушылардың білім, іскерліктері 
тексеріліп бағаланады, сандық мәліметтер талданады, бағыттар 
айқындалып, одан арғы жұмыстар болжанады. Диагностика үшін 
кӛптеген әдістер және әдістемелер қолданылады. Мысалы, дәстүрлі 
тексеру, бағалау әдістерімен қатар тест әдісі, білім алушылардың 
оқуға керекті психикалық сапаларын, атап айтсақ, есті, зейінді, 
ақыл-ойды, т.б. зерттеу, жеке білім алушылармен жұмысты жобілім 
алушыу әдісі қолданылады. Қазіргі мектепте қолданылатын 
диагностика педагогикалық қатынастар жүйесіндегі білім алушыны 
(сыныпты) жан-жақты зерттеуге мүмкіндік беретін әдістер мен 
әдістемелердің жиынтығы.
Дәстүрлі тексеру әдістері диагностика арқылы ізгілікке қызмет 
етіп, мектепте жақсы қарым-қатынас орнатады. Диагностика білім 
алушыларды 
«орташа», 
«үздік» 
деп 
бӛлмей, 
олардың 
мүмкіндіктерін анықтайды. Диагностикалық қорытындылар дәл, 
толық болу керек. Барлық Педагогдер гуманистік идеяларды 
мойындағанда ғана диагностика арқылы әрбір білім алушы туралы 
ақпараттар жиналып, оның қабілетін, дарындылығын дамытуға 
қолайлы жағдай жасалады.
Білім 
алушылардың 
білімдерін 
тексеру, 
бағалаумен 
байланысты әлі шешілмеген мәселелер кӛп. Гуманистік 
педагогикада бірінші орында оқу тәрбие процесінің барысы және 
нәтижелері туралы ақпараттар алудың тәсілі, Педагогдер мен білім 
алушылардың бірлескен еңбегінің нәтижелерін кӛтеру жолдарын 
табу үшін талдайтын диагностика тұрады. Диагностика керекті 
ақпаратты алудың қосымша тәсілі ретінде тексеру және бағалауды 
қолданады. 
Кешенді тексеру арқылы білім алушылардың әр түрлі 
пәндерден алған білімдерін қолдана білуі анықталады. Жетістікті 
тестілеу – бақылаудың әділ әдісі, соңғы уақытта бастауыш сатыға 
кӛптеп еніп жатқан тест. Тест ағылшын сӛзі, қазақшасы сынақ, 
тексеру. Тестілеу - білімді меңгеру деңгейін анықтау үшін 
қолданылатын тапсырмалардың жиынтығы. Үлгерім тестілері 
жетістікті тестілеу - білім алушының оқыту және тәрбие арқылы 


110 
қандай деңгейге жеткенін анықтау. Дұрыс құрылған тестілер 
кӛптеген талаптарды қанағаттандырып, оларды орындауға кӛп 
уақыт кетпейді, сұрақтары қысқа, нұсқа болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет