Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет80/169
Дата19.08.2022
өлшемі2.14 Mb.
#459982
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   169
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

8. Кредиттік оқыту жҥйесі 
Қазақстанның жоғары білім берудің стратегиялық міндеті 
ұлттық білім беру жүйесінің жетістіктерін сақтай отырып оны 
әлемдік білім беру үдерісінің қазіргі заманғы болашағы бар 
бағыттарына сәйкес келтіру болып табылады. Бұл ұлттық білім 
беру жүйесін жетілдіру мен әлемдік білім беру кеңістігіне 
ықпалдасуды жүзеге асыру үдерістерінен тұрады. Мұның барлығы 
ұлттық білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес 
қазақстандық білім беру жүйесінің «мӛлдірлігін» және оның 
дамыған елдердің жүйесімен бірігуін қамту, студенттердің және 
профессор-оқытушылар құрамының академиялық мобильдігіне 
жету мақсатында реформалау мен модернизацияны талап етеді. 
Осыған сәйкес 2003 жылдан бастап еліміздің жоғары оқу 
орындарында 
және 
магистратурасында 
кредиттік 
оқыту 
технологиясын ендіру басталды.
Кредиттік оқыту жүйесінің Қазақстанның жоғары оқу 
орындарында ендіру үдерісі шетелдік тәжірибені зерттеу, салыстыра 
талдау және жинақтау арқылы, білім сапасын тӛмендетпей, ұлттық 
менталитетті ескере және қолда бар жасалғандарды тиімді қолдана 
отырып білім беру жүйесіне түбегейлі ӛзгерістер енгізуді талап 
етті. Осыған орай, білім берудің парадигмалары ӛзгерді. 
Кредиттік жүйеде білім берудің жаңа парадигмасы «оқу - қалай 
оқығаныңа қарай», «ӛзін-ӛзі дамыту», «ӛмір бойына оқу» болып 
ӛзгерді. Жаңа жүйеде оқытушы студенттерге ӛздігінен білім 
алудың түрлі әдістері мен жолдарын кӛрсете отырып, студенттің ӛз 
бетімен жасайтын танымдық әрекетінің ұйымдастырушысы болып 
табылады. 
Кредиттік оқыту жүйесі дараландыру, білім беру траекториясын 
таңдау, оқу үрдісін реттеу шеңберінде және білім кӛлемін кредит 
түрінде екенін ескеру негізінде ӛзіндік білімді құрау және 
шығармашылық білімді игеруге бағытталған білім беру жүйесі.
Қазақстанның жоғары оқу орындарында кредиттік жүйенің 
ендірілуі әлемдік білім беру саласындағы беталыстарды ескеруді 
қажет етеді. Алғаш рет «кредит-сағат» термині Гарвард 
университетінің ректоры По мырзамен 1867 жылы ӛтілген 
материалдың кӛлемін фиксациялауға енгізіліп, ал ХХ ғасырдың 80 


197 
жылдарынан еуропалық елдерде бір ЖОО-нан екіншісіне білім 
алушының ауысуы кезінде сынақ бірліктерін белгілеу мен 
салыстыруға қолданды. Одан кейінгі кредиттік жүйенің дамуы 
әлемдегі жетекші елдердің министрлерінің Сарбон мен Балон 
декларациясын үлкен масштабтағы студенттер мобильдігін қолдау 
құралы ретінде қабылдауымен жүзеге асты. 
Кредит (сredit, credit-hour) - латын тілінен аударғанда «сену», 
«сенім» дегенді білдіреді. Кредиттік технологияда оқыту 
жүйесіндегі кредит -тындаушының, оқытушының оқу жұмысы 
кӛлемінің ӛлшем бірлігі. Бұл кредит академиялық кезең 
ағымындағы тыңдаушының апталық аудиториялық жұмысының 
бір академиялық сағатына тең. Әрбір лекциялық, практикалық 
(семинарлық) және студиялық сабақтың академиялық сағаты 
міндетті түрде студенттің ӛзіндік жұмысының (СӚЖ) 2 байланыс 
сағатымен (100 минут) толықтырылады 
Кредиттік оқыту жүйесі дегеніміз - жеке оқу жоспарын 
студенттің тікелей араласуымен, жұмыс оқу жоспарына сәйкес әр 
студенттің жеке оқу жоспарын жасауда студенттің пәндерді еркін 
таңдауына, әр студенттің және оқытушының кредит бойынша 
еңбек шығынын есептеуге негізделген білім беру жүйесі. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғары базалық білім 
стандартында «кредиттік оқыту жүйесі бойынша студенттердің 
оқытушының басшылығымен жүргізетін ӛз бетінше жұмысы - 
аудиторияда және аудиториядан тыс жүргізетін оқытудың түрі», - 
деп атап кӛрсетілген. 
Кредиттік оқыту жүйесі бірізді емес оқыту жүйесіне жатады. 
Бірізді емес оқыту жүйесіне - оқу үрдісін жекелей жоспарлау 
арқылы жүйелі түрде ұйымдастыру тәсілі кіреді. Ал, бірізді оқыту 
жүйесі деп (линейная система обучения) - оқытудың логикасына 
сәйкес білім алушы кәсіптік білім бағдарламасындағы пәндерді 
жүйелі түрде берілген сағаттық кӛлем негізінде белгілі уақытта 
оқытуды айтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет