274
игеруге бейім, күрделі ӛмірлік мәселелерді шешуде тез әрі иілгіш
бағдарға ие мамандарды даярлау ӛзекті болуда. Сондықтанда ХХІ
ғасырдағы ақпараттық қоғамда жас ұрпақты ӛмірге даярлауға
байланысты, Қазақстандық білім беру жүйесінің дамуында жүріп
жатқан инновациялық процестер педагог кадрларға қойылатын
талаптарды күшейтеді, олардың алдына жаңа күрделі міндеттерді
қояды.
Білім берудегі жаңа парадигма
педагогикалық іс-әрекетке
шығармашылық тұрғадан қарауды талап етеді. Ал бұл тек
педагогикалық құбылыстарды терең теориялық мағыналаудың
негізінде ғана жүзеге асады.
Дидактика болашақ мамандарды педагогикалық процесті
ұйымдастыру үшін қажетті оқыту теориясының қазіргі ғылыми
негіздерімен қаруландырады, олардың
педагогикалық ойлауын
қалыптастырады, шығармашылық қабілеттерін және тәжірибелік
біліктер мен дағдыларын дамытады.
Курстың мақсаты: Болашақ мамандарға жалпы орта мектепте
оқытудың теориялық негіздерін ашып беріп және оны мектеп
тәжірибесінде жүзеге асырудың жолдарын қарастырады.
«Дидактика» курсының
міндеттері:
оқыту
процесінің
әдіснамалық
негіздерімен,
оқыту
процесінің заңдылықтарымен,оқыту мазмұнымен таныстырады;
оқыту процесінің барысын және нәтижесін шартты
анықтайтын тәуелділіктерді ашу;
оқытудың жоспарланған мақсаты мен міндеттерін, білім
алушының ойлау іс-әрекетін белсендіретін тәсілдерін жүзеге
асыруды қамтамасыз ететін әдістер
мен ұйымдастыру формалары
және құралдарымен таныстыру.
Дидактика
курсын
оқу
бакалаврларға
оқытудың
гносеологиялық негіздерін, негізгі дидактикалық категорияларды,
оқытудың психологиялық - педагогикалық негіздерін меңгеруге
мүмкіндік
береді,
ӛзіндік
педагогикалыӛ
кӛзқарастарын
қалыптастыруға кӛмектеседі.
Дидактика курсының мазмұнында қазіргі заманғы жалпы орта
білім берудің дамуының тенденциялары, оқытудың мәні, білім беру
мазмұнын іріктеп алудың принциптері,
оқытудың заңдары,
заңдылықтары, принциптері, оқытудың әдістері, формалары,
құралдары, жалпы орта мектептің білім беру кезеңі, білім
275
алушылардың білім, білік, дағдыларын
бақылау мен бағалауды
жүзеге асырудың қырлары ашылады.
Студент
оқыту
процесінің
ілгері
идеяларын,
тұжырымдамаларын, заңдары мен заңдылықтарын білуі керек.
Дидактиканы оқыту барысында студент тӛмендегіні игеруі
қажет:
а) оқытудың әдіснамалық негіздерін білу;
ә) дидактиканың категориялары мен түсініктеріне негізделген
жетекші педагогикалық теорияларды білу;
б) педагогикалық теориялар мен мектеп тәжірибесінің
диалектикалық ӛзара байланысы жӛнінде білу;
в) таным теориясын білу;
г)
оқытудың мәнін, заңдылықтарын, принциптерін, мазмұнын,
түрлері мен әдістерін, білім алушылардың білім, білік, дағдыларын
бақылау және бағалауды білу;
д) жаңа педагогикалық технологияның мәнін білу;
Студенттің білігі болуы керек:
1) Сабаққа оқу материалын іріктеп алу.
2) Сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтау.
3) Сабақ жоспарының мәтінін құру білігі.
4) Білім алушылардың ойлау іс-әрекетін белсендірудің түрлі
тәсілдерін меңгеру.
5) Сабақта білім алқушыларды оқытудың тиімді әдістерін
таңдау білігі.
6) Сабақтың мазмұнын жасау.
7) Пәнаралық байланысты жүзеге асыру.
8) Оқытудың кӛрнекі, сӛздік, практикалық
әдістерін ұтымды
пайдалану.
9) Оқу
жұмысының жеке, топтық, жалпы сыныптық
формаларын үйлестіру.
10) Білім алушылардың білімдеріндегі кемшіліктерді табу
және жою.
11) Оқытудың түрлі формаларын пайдалана білу.
12) Оқытудың заңдылықтары мен принциптерін, теориялық
қағидаларды тәжірибеде іскер қолдану.
13) Сабақты талдай білу.
14) Оқу мотивтерін қалыптастыру.
15) Оқытудың
проблемалық
технологиясы
негізінде
педагогиканың сабақтарын құру.
276
16) Сабақта реттілікті сақтай білу.
17) Жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру.
18) Студент жалпы орта мектепте педагогикалық процесті
ұйымдастырудың дағдыларын меңгеруі керек.
Курсты оқу, дәріс, семинар,
практикалық жұмыстар,
студеттердің оқытушымен ӛзіндік жұмыстары (СОӚЖ) процесінде
жүзеге асады. Дидактика курсын нәтижелі меңгеру студенттің ӛз
бетімен ауқымды жұмысын кӛздейді.
Бакалаврлардың ӛз бетімен жұмысы жеке мәтіндерді бӛліп жазу
(конспектілеу), таблица, кесте құрастыру, рецензия мен аннотация
жазу, педагогикалық міндеттерді шешуді құрауды кӛздейді.
Дидактиканы оқу тест қабылдаумен аяқталады.
Дидактиканы оқу тӛмендегі педагогикалық пәндермен ӛзара
байланысты кӛздейді: педагогика, педагогикалық шеберлік,
педагогика тарихы, этнопедагогика.
Достарыңызбен бөлісу: