Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет19/169
Дата19.08.2022
өлшемі2.14 Mb.
#459982
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   169
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

Оныншы заңдылық – жоғары мектептегі дараландыру. Бүкіл 
әлемде оқу жоспарлары мен бағдарламаларының құрылымында 
студенттердің ӛз бетімен жұмысының үлесі артуда.
Қарастырылып жатқан құбылыстың жоғары білім берудің 
ғылыми әдістемелік қамтылуының даму тенденциясын болжау 
үшін бірнеше салдары орын алады:
Біріншіден, ӛз бетімен жұмысты ұйымдастыру үшін «нәтижеге 
бағдарланған білім беру» моделі ӛзекті болады, себебі
студенттердің тиімді аудиториядан тыс іс әрекетін педагогикалық 
қамту үшін оқытудың мақсаттары бірмәнді және диагностикалық 
болу қажет.
Екіншіден, сан түрлі білім беру нәтижелерін бара-бар бағалау 
мәселесі алдыңғы орынға шығады. Егер студенттік аудиториядағы 
жұмыс барысында оқытушы оқу бағдарламасының «іс-шаралық» 
сипатын меңгеру барысы туралы кейбір ақпаратты игерсе, онда 
оның ӛз бетімен жұмысын бағалау оңай болмайды.
Ҥшіншіден, оқу материалының мазмұның дараландырумен 
байланысты мәселелер ерекше ӛзектілікке ие болады, себебі әрбір 
студентте түрлі даярлық деңгейі болады, оқу іс әрекетінің стилі
меңгеру темпі және басқа да тұлғалық параметрлер түрліше болып 
келеді.
Қазақстан Республикасында жоғары білім беру
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат Қазақстан 
Республикасының тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта оның 
демократилық және экономикалық дамыған мемлекет құруға 
бағытталған жалпымемлекеттік контекстінде сапалық қайта 
құрулар бағытында жүзеге асып келеді.
Осыған байланысты жоғары кәсіби білімнің дамуы қоғам 
дамуы мәселелерімен тікелей байланысты және ол келесідей 
әлеуметтік-экономикалық заңдылықтарға тәуелді:
- қоғамның нарықтық экономикаға кӛшуі, соның салдарынан 
ӛндіріс күштері мен ӛндіріс қатынастарының сипаттары ӛзгерді, 
ӛндіріс субъектілерінің әлеуметтік статустары ӛзгерді;
- ғылыми ӛндірістердің ӛсуі, олардыңтиімді ұйымдастырылуы 
үшін негізінен жоғары кәсіби білімді мамандар талап етілді;
- ғылыми және техникалық ақпараттың кӛлемі соңғы бес 
жылда екі есеге артты және ақпараттың әр үш жылда жаңаруы 
болжануда; 


51 
- ӛндірістік күштердің моралдьді ескіруімен туындаған 
технологиялардың тез ауысуы және мамандар біліктілік деңгейінің 
жетіспеушілігі;
- түрлі ғылымдардың тоғысында және білімнің пәндік 
салаларының синтезінде жүргізілетін ғылыми ізденістердің 
интегративті сипаты;
- қазіргі 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
белсенді пайдалану денелік және ақыл-ой еңбегіне негізделген 
ақыл-ой іс- әрекетінің құралы ретінде.
Қазақстандық білім беру реформасы «білім беру саласында 
қалыптасқан шынайы жағдайды және қоғам мен мемлекеттің 
болашақта дамуының мүмкін жолдарын ескере отырып, стратегия 
құру арқылы қоғамдағы динамикалық әлеуметтік-экономикалық 
ӛзгерістер жағдайында білім берудің сапалы реформасын жүргізуге 
болады. Мұндай стратегия тез ӛзгеретін шынайы жағдайға бейім, 
әрекеттің иілгіш тактикалық бағдарламасын жасау үшін негіз бола 
алу қажет.
Қазақстандағы білім беру жүйесінің модернизациясының басты 
бағыттарының мақсаты – жаһандануды ескере отырып, нарықтық 
экономика жағдайында оның сапалық қайта құрылуын қамтамасыз 
ету.
Қазақстанның білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың 
құқықтық негізін Конституция (1995 ж), ҚР «Білім туралы» Заңы 
(2007 ж.), ҚР Президентінің Бұйрықтары, Үкімет Қаулылары 
құрайды. Білім беру саласындағы приоритеттерді анықтайтын 
құжат «2010 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының дамуының 
стратегиялық жоспары» (2001 ж.), «2011-2020 жылдарға арналағн 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту бағдарламасы» 
(2010 ж.). Бұл құжаттарда кӛрсетілген идеология мен принциптер 
кең саяси мәселелер мен білім беру жүйесін реформалаудың нақты 
бағыттары бойынша Бағдарламаларды жасау жә»не енгізу үшін 
мүмкін жүйелі ыңғайларды анықтайды.
Бұл құжаттарда жоғары білім беру жүйесіне ерекше қоғамдық 
мәртебе беріледі және жоғары кәсіби мамандарды озық даярлау, 
жаңа жағдайдағы иілгіштік пен бейімділікті қамтамасыз етудегі 
ерекше сала ретінде танылады. Қазақстан Республикасының 2010 
жылға дейінгі білім берудің дамыту бағдарламасында келесідей 
міндеттер қойылды:


52 
- кең іргелі білімге ие, бастамашыл, еңбек нарығы және 
технологияның ӛзгермелі талаптарына бейімделуге қабілетті, жаңа 
формациядағы маман даярлау;
- жоғары білім берудің барлық жүйелерінің білім беру 
үрдісінің демократизациясы арқылы сапалы білім беру қызметтерін 
кӛрсету мотивациясын арттыру;
- халықаралық аккредитациядан ӛтуге жеке жоғары оқу 
орындарын дайындау, элитарлы жоғары оқу орындарын дамыту 
үшін объективті жағдайлар тудыру;
- жоо басқарудың жаңа принциптері мен практикасын 
қалыптастыру, стратегиялық жоспарлу және жоо автономдылығын 
арттыру жүйесін ендіру;
- студенттердің сапалы білім алуға құқықтарын нығайту, 
сапалы білім беру ӛызметіән кӛрсету үшін жоо жетекшілерінің 
жауапкершілігін анықтайтын механизмдерді ӛңдеу және ендіру.
Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін реформалаудың 
ӛзектілігі 
оның 
әлеуметтік 
қызметінің 
маңыздылығымен 
түсіндіріледі – қазіргі қоғамда білім беру әлеуметтік институт 
ретінде 
білімді 
ӛңдеу 
және 
жариялаумен 
түсіндіріледі.
Қазақстандағы 
білім 
беру 
жүйесін 
модернизациялаудағы 
максималды жетістікке білім беру саясатында кӛрсетілген үкіметтің 
барлық бағдарламалық тұрғылар білім беру жүйесінің әлемдік 
тәжірибесінде жинақталған барынша жағымды әлеует жинай алған 
жағдайда ғана жете алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет