45
Педагогика ӛзін-ӛзі тәрбиелеу және ӛзін-ӛзі жетілдіру процесін
зерттейді.
Ӛздігінен білім алу – адам білімін, дағдысын, біліктілігін
тереңдету мақсатындағы іс-әрекеті.
Ӛзін-ӛзі тәрбиелеу- қоғам талабына
сәйкесті адам бойында
жағымды сапаларды қалыптастыру және теріс сапалардың
алдыналуға мақсаттты түрде бағытталған іс-әрекет.
Педагогика нақты адаммен, дара тұлғамен, топпен, ұжыммен,
оны қалыптастыруды мақсат етiп қоя отырып, тiкелей
байланысатын бiрден-бiр ғылым.
Педагогикалық iс-әрекеттi
жемiстi жүзеге асыру үшiн, педагогикалық ғылым мен практика сӛз
жоқ бӛтен ғылыми бiлiмдерден барлық қажеттiлiгi мен
құндылығын таңдап алуы керек. Тағы да К.Д.Ушинскийге
жүгiнсек: «Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегiсi
келсе, онда ол бәрiнен бұрын оны барлық жағынан бiлуi керек».
Бұл бiлiмдер педагогиканың әдiснамасын жасау, кешендi
педагогикалық зерттеулер жүргiзу үшiн әртүрлi оқу-тәрбие
жүйелерi қызмет
етуiнiң мақсатты бiлiм мазмұны, формасы,
әдiстерi мен құралдары мәселелерiн шешу, оқу әрекетiнде олардың
ӛзара әсерi мен сабақтастығын жүзеге асыру үшiн қажет.
Әрдеңгейлi бiлiм беру жүйелерi, олардың қызметiндегi
сабақтастық – бұл үздiксiз бiлiм берудiң бiртұтас жүйесiнiң белгiсi.
Мұндай жүйенi жасауға деген қажеттiлiк бүгiнгi күнi ерекше
кӛкейтестi және қоғамның әлеуметтiк- экономикалық дамуынан
туындап отыр. Рухани, әлеуметтiк, мәдени аймақта даму
тенденциясы адамның жеке бiлiмдiк
қажеттiлiгiнiң динамикасына
байланысты пайда болуда.
Қазіргі кезде жоғары білімнің даму тенденциялары
Әлем елдеріндегі білім берудің даму мәселелеріне арналған
кӛптеген зерттеулердің нәтижелері әлемдегі жоғары білім берудің
даму заңдылықтарын бӛлуге мүмкіндік береді.
Бірінші заңдылығы – жоғары білімнің жалпылығының күшеюі.
Жиырмасыншы ғасырдың соңғы қырық жылында бүкіл әлемде
студенттердің санының едәуір ӛсуі байқалды:
Екінші заңдылығы – жоғары білім берудің жһандануы.
«Жоғары
білім
берудің
жаһандануы»
термині
қазіргі
педагогиканың жаһандану мәселелерімен
байланысты ұғымдық-
терминологиялық аппаратында пайда болды, ол ХХ ғасырдың
үшінші жартысында әлемдік әлеуметтік мәдени мәселесінде
46
алғашқы орынға шығып, адамзат құндылықтарының шкалаларын
қайта құруға бастау болды.
Жаһандану тенденциясы ғылымға да ӛзгеріс енгізбей қоймады.
Зерттеушелірдің белгілеуінше,
дифференциалды білімдердің
күрделі ӛзара әрекеттесетін ғылыми жүйеге бірігуін белгілейді, ал
болашақта жеке ғылымдардың синтезі В.И.Вернадскийдің «бірегей
ғаламдық ғылым» туралы ойы жүзеге асады.
Жаһандану шынайы құбылыс ретінде білім беруде кӛрініс
таппай қоймады, Кәсіби білім беруде кӛбіне оның жаратылыстану
ғылыми және арнайы кәсіби білім аксиологиясы, кәсіби білім
экологизациясы, маманның биосфералық жауапкершілігі және т.б.
кӛріністерін белгілейді. Білім берудегі жаһандану тенденциясын
қарастырғанда мультимәдениетті білім беру тұырымдамасы ӛзекті
орын алады, оның аясында
білім берудің мазмұнының
интеграциясы жүзеге асырылады, Білім берудің барлық ұлттық
жүйелері ӛзінің ішкі міндеттерін шеше отырып, жалпы мәдени
кеңістікті мультимәдениет, ӛзара
байытылған кеңістік ретінде
құрайды.
Зерттеушілер белгілегендей, қазіргі таңда кӛпдеңгейлі
ағылшын саксон білім беру жүйесінің әлемдік экпансиясы және
жаһандық білім беру мегажүйелері байқалады. Бірқатар
зерттеушілер бұл тенденцияны жоғары білімнің «вестернизациясы»
деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: