111
жақсарады, белгілі жұмыс қарқынына үйренеді, ұнамды мінез, ерік
сапаларын дамытады.
Қадағалау түрлері, формалары және әдістері
Оқу процесіндегі
қадағалау әртүрлі, кӛп формалы бола келіп, сан қилы әдістермен
атқарылады. Педагогикалық тәжірбиеде қадағалаудың бірнеше
түрін атауға болады: алдын-ала, ағымдық,
мерзімдік, тақырыптық,
қорытынды және ӛтілген материал ізімен.
Алдын-ала қадағалау - әдетте, диагностикалық міндеттерге орай
жүргізіледі. Мұндағы мақсат – білім алушылардың оқуды бастауға
дейін игерген білім, ептілік, дағдыларының деңгей, дәрежесін
анықтау. Бұл жұмыс жыл басында не тақырыпты ӛту
алдынан
ӛткізіледі. Алдын-ала қадағалау нәтижесінің негізінде Педагог оқу
жұмыстарының тиімді түрлері мен формаларын таңдастырады.
Ағымдағы
(кҥнделікті)
қадағалау
–
оқу
барысында
ұйымдастырылып, білім, ептілік және дағдылардың қалыптасу
дәрежесін, сонымен бірге игерілген материалдың қаншалықты
терең және берік бекігенін анықтау үшін қолданылады. Бұл
қадағалаудың тиімділігі – білім алушылар біліміндегі кемшіліктер
мен олқылықтарды дер кезінде байқап,
бағдарлама ақпараттарын
меңгеруде кӛмек кӛрсетуге мүмкіндік береді. Күнделікті
қадағалаудың дұрыс жолға қойылуы білім алушылардың әр сабаққа
мұқият әрі тыңғылықты дайындалып жүру жауапкершілігін
арттырады.
Мерзімді
қадағалау
–
белгілі
уақыт
аралығындағы
жұмыстардың қорытындысын алуға пайдаланылады. Ол не тоқсан
не жыл жартысы аяғында жүргізіледі.
Тақырыптық қадағалау – тақырып, бӛлім материалдары ӛтіліп
болған соң ӛткізіледі.
Қорытынды қадағалау – оқу процесінің соңғы нәтижелерін
жинақтау үшін қолданылады. Ол пән бойынша бүкіл білім,
ептіліктер мен дағдылар жүйесін қамтиды.
Ӛтілген
материал, тақырып ізімен қадағалау – тақырып, курс,
бӛлім ӛтіліп, бірқанша уақыт озған соң қалдық білімді анықтау
үшін қолданылады. Мерзім үш айдан жарты жылға дейін не одан
кӛп созылуы мүмкін. Мұндай қадағалау оқу процесінің тиімділігін
соңғы нәтиже бойынша пайымдау талаптарына сәйкес келеді.
Қадағалау әрқилы формада жүргізілуі мүмкін. Формалық
жағынан мұндай жұмыс жеке-дара, топтық
және сыныптық болып
бӛлінеді.
112
Қадағалау барысында әрқилы әдістер де қолданылуы мүмкін.
Қадағалау әдістері дегеніміз – бұл білім алушылардың оқу
танымдық іс - әрекеттері мен Педагогдер жұмыстарының
нәтижелілігін айқындауға жәрдемші жол, тәсілдер.
Педагогикалық практикада ауызша, жазбаша,
тәжірибелік,
компьютерлі (машынды) қадағалау және ӛзіндік қадағалаулар
қолданылуда.
Достарыңызбен бөлісу: