Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011


-кесте  «Құзыреттілік» ұғымдарына берілген ғалымдардың



Pdf көрінісі
бет21/119
Дата30.12.2023
өлшемі1.89 Mb.
#488339
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   119
jusipova-pedagogikalyk-sheber

1-кесте 
«Құзыреттілік» ұғымдарына берілген ғалымдардың 
анықтамаларындағы мәні
Авторлар
Қабілет
Білім
Білік, дағды
жиынтығы
Тәжірибе
Әрекет 
тәсілдері 
В. П. Шапалов
Құзырет-
тілігі
М. М. Чошанов
құзыреттілік
Б. Т. Кенжебеков құзыреттілік
М. Ж. Жадрина
құзыреттілік
Ш. Т. Таубаева
құзыреттілік құзыреттілік
құзырет-
тілік
К. Ж. Аганина
құзырет-
тілік
А. В. Хуторской
құзыреттілік
қ ұ з ы р е т -
тілік
Сонымен, құзыреттілік дегеніміз – адамның өз кәсібіне сай 
игерген әрекет пен өнімді қызмет түріндегі білім жиынтығын 
маңызды қасиеттермен біріктірілген білік және саналы дағдылар 
тәсілдері арқылы тәжірибеде қолдана білу қабілетінің сапасы.


73
Жоғары оқу орнындағы педагог құзыреттілігін қалыптастыру 
бүгінгі кәсіби тұрпатты маман даярлаудағы қоғам сұранысы мен 
қажеттіліктерінен туындап отыр.
Жоғары оқу орнындағы педагог мынадай құзыреттіліктің 
түрлерін иреуге тиіс:
Арнайы құзыреттілік - өзінің кәсіби қызметпен жоғары деңгейде 
айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін 
қабілет.
Әлеуметтік құзыреттілік бірлескен кәсіптік қызметпен 
айналысу қабілеті (ұжыммен, топпен) қызмет ету, басқару кәсібінде 
қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін қолдана білу.
Білім беру құзыреттілігі – білім беру қызметінде кәсіби білімді, 
білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық 
және білім беру қызметінде субьектілік пен креативтіліктің дамуына 
ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік психологияның 
негіздерін қолдана білу қабілеті.
Осы аталған құзыреттіліктерге ортақ белгілер мыналар:
- іргелі және интеграциялық білімнің жоғары деңгейі;
- жинақталған іскерлік, дағды қабілеттерді меңгеру;
- кәсіби педагогикалық қызметтің жаңашыл әдістері;
- инновациялық технологияны меңгеру;
- шығармашылық шеберлік.
Сонымен, қорыта келгенде, құзыреттілік дегеніміз – адамның 
өз кәсібіне сай игерген әрекет пен өнімді қызмет түріндегі білім 
жиынтығын маңызды қасиеттермен біріктірілген білік және саналы 
дағдылар тәсілдері арқылы тәжірибеде қолдана білу қабілетінің 
сапасы.
Жоғары оқу орнындағы педагог құзыреттілігі педагогикалық 
қабілеттер негізінде және құзыреттілік түрлерінің жиынтығынан 
тұрады десек, В. А. Сластенин: «Педагогтың кәсіби құзыреттілігі 
педагогикалық - іс-әрекетті атқару үшін қажетті теориялық 
және практикалық дайындығы және ол мұғалімнің кәсіби 
профессионализімі» деп сипаттайды.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігі ұғымы мұғалімнің жеке 
мүмкіндіктерін білдіреді, ол педагогикалық ситуацияларды дербес 
және тиімді шешуге ықпал етеді. Ол үшін мұғалім педагогикалық 
теорияларды және оны практикада қолдануды білуі керек.


74
Ғалым В. А Мижериков бойынша, мұғалімнің педагогикалық 
құзыреттілігі дегеніміз кәсіби іс-әрекетті орындаудағы теориялық 
және практикалық дайындықтарының бірлігі. 
Педагогикалық құзыреттілік – педагогтың кәсіби көрсеткіші; 
педагогтың дайындығы және «қабілеттенуі» арқылы, іс-әрекеттерді 
меңгерудің әдістері мен құралының шынайылығында, алға қойған 
міндеттерді шешу мүмкіндігінде көрінетін нәтиже.
Жоғары оқу орны оқытушысының кәсіптік-тұлғалық 
құзіреттіліктері Энциклопедиялық сөздікте былайша жіктеледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет