184
әрекетін сыртқы ортаның жүйке жүйесіне әсер етіп, оған тітіркенуі
деп санады да психика мен сананы зерттеуден бас тартты.
Мұғалімнің рефлексиялық қызметінің мақсаты: педагогикалық
әрекеттің негізгі компоненттерін есіне түсіріп,
олардың мәнін,
алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдей алу,
қолданылған әдіс пен құралдардың тиімді не тиімсіз болғанына
байланысты өзіндік көзқарасын білдіру. Орындалып өткен әрекеттің
нәтижесін зерттеу. Тек қана сонда ғана алдағы жұмыстарда дұрыс
мақсат қойып, алға қарай шығармашылықпен жылжудың жобасын
жасау мүмкін болады.
«Рефлексия» - адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы
ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық
және анық есеп беруі немесе өзі
әрекет барысында басшылыққа
алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы.
Бұдан басқа да рефлексия жайында айтылған философиялық ойлар
негізінен «адамның өзіне бағытталған зерттеу жұмысы», «өзіңнің
ақылың мен рухыңды өзіңнің бақылауың » дегенге келіп саяды.
Психологиялық мұғалімнің шығармашылығын дамытудың
қысқаша формуласын
«тәжірибе + сол тәжірибенің рефлексиясы
= даму» түрінде ұсынады. Г. С. Сухобская мен Ю. В. Кулюткин
екеуі бірлесе жазған педагогика оқулығында бұл үрдісті сипаттай
отырып, оның мұғалімнің кәсіби
әрекетінің өн бойында мына
төмендегідей жағдайда байқалатындығы айтылды: біріншіден
– мұғалімнің оқушының ойын,
сезімдері мен іс-қимылдарын
түсіну бағытындағы әрекеттесуінде; екіншіден – оқушылардың
жас
ерекшеліктері, даму мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту
үрдісінің мақсаттарын анықтау мен жобалауда; үшіншіден – оның
өз
әрекетін, сол әрекеттің субьектісі ретіндегі өзін талдауда. Тек
сонда ғана мұғалімнің педагогикалық әрекетінде шығармашылыққа
жол ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: