Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)


Стандарттарды жасау әдістемесінің негізгі ережелері



бет21/147
Дата28.11.2023
өлшемі6.41 Mb.
#484771
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   147
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

1.13. Стандарттарды жасау әдістемесінің негізгі ережелері


Әрбір стандартты жасаудың мақсаты өнеркәсіп қажеттілігі мен күтілген экономикалық және техникалық тиімділікке негізделеді. Бұл үшін алдын ала теориялық және өндірістік мәліметтер, шетел тәжірибесі талданады, өнеркәсіптің даму тенденциялары және болашақ қажеттіліктері бекітіледі.
Мемлекеттік стандарттау жүйесі стандарттарды жасаудың 6 кезеңін белгілейді:
1 кезең. Техникалық тапсырманы құру және стандартты жасауды ұйымдастыру. Бұл кезеңде стандарт шығарушылар шығармашылық тобы құрылады. Топқа берілген техника немесе өндіріс саласының мамандары, стандарттау және метрология қызметтерінің қызметкерлері кіреді. Топ стандартқа енетін техникалық тапсырмадағы стандарттау өніміне қойылатын талаптарды қалыптастырады. Мысалы, жаңа буын тұрмыстық радиоаспаптарына стандарт жасалып жатыр делік. Топқа радиоэлектроника, акустика саласы мамандары, стандарттау және медицина қызметкерлері кіреді. Техникалық тапсырмада техниканың габаритіне, салмағына, дыбыс шығару параметрлеріне, эргономикалық көрсеткіштеріне, пайдалану қауіпсіздігіне және т.б. қойылатын талаптарды қалыптастыру қажет.
2 кезең. Стандарт жобасын (бірінші редакциясы) жасау және оны пікір берушілерге жіберу. Топ стандарттың бірінші нұсқасын жасайды да, конструктивтік сын және ескертулер алу мақсатымен оны тәуелсіз сарапшыларға таратады. Сарапшылар ретінде радиоаспаптар саласы мамандары, медицина қызметкерлері және потенциалды тұтынушылар саналады.
3 кезең. Пікірлерді талдау және стандарт жобасының соңғы (екінші және келесі) редакцияларын жасау. Сарапшылардан алынған пікірді талдаудан кейін, талдау негізі мен ескертулерді ескере отырып, топ стандарттың соңғы мәтінін жасайды.
4 кезең. Стандартты дайындау, келістіру және оны бекіту. Бұл кезеңде жаңа стандарттың жобасын дайындау және барлық мүдделі жақтармен келісу жүргізіледі. Бұл денсаулық сақтау, индустрия және жаңа технологиялар министрліктері, нақты өнеркәсіп кәсіпорындары және т.б. болуы мүмкін. Келісуден соң стандарт Мемстандартқа бекітуге жіберіледі.
5 кезең. Стандарты қарастыру, бекіту және тіркеу. Стандарт Мемстандартта қарастырылады, бекітіледі және тіркеледі.
6 кезең. Стандарттың шығарылуы. Мемстандарт тапсырысымен баспада баслып шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   147




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет