Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)


Тегіс цилиндрлік қондырулардың өзараауыстырымдылығы



бет37/147
Дата28.11.2023
өлшемі6.41 Mb.
#484771
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   147
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

2.5. Тегіс цилиндрлік қондырулардың өзараауыстырымдылығы

Бір-біріне қондырылатын екі тетіктің біріктіруінде қапсыратын (тесік) және қапсырылатын (білік) беттерді ажыратамыз (2.9-сурет). Өлшемдер де осыған сәйкес қапсыратын және қапсырылатын деп бөлінеді.


Қапсыратын және қапсырылатын өлшемдер айырмасы біріктіру сипатын (қондыру) анықтайды.
Қапсыратын өлшем қапсырылатын өлшемнен үлкен болған жағдайда тетіктер саңылаумен орнатылады (еркін қозғалыс, люфт).
Біріктіруге дейін қапсырылатын өлшем қапсыратын өлшемнен үлкен болған жағдайда қондыру керілісті болады (қатаң ажыратылмайтын біріктіру).
Номиналды өлшем – есептеулер үшін негізгі өлшем, қапсыратын және қапсырылатын беттер үшін ортақ, жобалау процесінде қабылданған, сызбада қойылатын тетік немесе біріктіру өлшемі. Номиналды өлшемді тәуірірек көретін сандар қатарынан алған жөн. Диаметр D әрпімен белгіленеді.

Нақты өлшем – бұйымның шынайы өлшемі. Тетіктің номиналды өлшемін абсолюттік дәлдікпен орындау мүмкін емес.
Нақты және номиналды өлшемдер айырмасы қателік деп аталады.
Шекті өлшемдер (ең үлкен және ең кіші) арасында нақты өлшем ауысып отырады. Тесік Dmax , Dmin үлкен әріптермен, білік dmax, dmin кіші әріптермен, белгіленеді. Нақты өлшем мен шекті өлшемдерді салыстыру негізінде тетіктің жарамдылығы бағаланады.
Жоғарғы шекті ауытқу ES, es – ең үлкен шекті және номиналды өлшемдердің алгебралық айырмасы. Төменгі шекті ауытқу EI, ei – ең кіші шекті және номиналды өлшемдердің алгебралық айырмасы. Тесік үшін ES = Dmax – D, EI = Dmin – D, білік үшін es = dmax – D, ei = dmin – D.
Номиналды және сызықтық шекті өлшемдер және олардың ауытқулары сызбада миллиметрмен (мм), өлшем бірлігінсіз, бұрыштық өлшемдер және олардың ауытқулары градуспен, минутпен және секундпен өлшем бірліктері көрсетіліп қойылады. Шекті ауытқулар шақтама кестелерінде микрометрмен көрсетіледі. Ауытқулардың абсолюттік мәндері тең болса, оларды бір рет көрсетеді. Нөлге тең ауытқулар сызбада көрсетілмейді, оң мәнді ауытқулар өлшемнің жоғары жағында, ал теріс мәнді ауытқулар төмен жағында орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   147




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет