Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет67/147
Дата28.11.2023
өлшемі6.41 Mb.
#484771
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   147
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

5.4 Электрлік аспаптар

Сызықтық өлшемдерді өлшеу үрдісі сызықтық шамаларды электрлік сигналдарға айналдыру жолымен жүргізіледі, аспаптың мақсатты тағайындалуына қатысты өз кезегінде тағы да сызықтық шамаға немесе есептік құрылғының сигналына немесе механикалық шамаға айналады, бөлек элементтерді автоматты бақылау, реттейтін немесе тіркейтін құрылғыларға орналастырады. Өлшенетін сызықтық шама электрлік шамаға электро-механикалық түрлендіргіштердің көмегімен айналдырылады, олардың сезімтал элементтері бақыланатын өлшеу объектісін өздерінің айлабұйымдарымен сипайды.


Сызықтың шаманың электрлік шамаға айналуы, оның келесі электр аспаптарымен өлшенуі механикалық немесе оптикалық өлшеу аспаптарымен салыстырғанда, көптеген артықшылықтары бар, атап айтқанда, өлшеу орны мен нәтижені алу орнын өшіруге, компьютер жадына енгізуге, өңдеуге және сақтауға байланысты өлшеу нәтижелерін электрлік шамалар ретінде пайдалануға болады, эксплуатациялауға және қолдануға ыңғайлы келеді.
Сызықтық өлшеулерге арналған аспаптар нәтижесі электрлік шама түрінде алынатын немесе электрлік беріліс құрылғысы бар құрылғылар болып табылады. Олар әрекет ету қағидасы бойынша мына түрлерге бөлінеді:
1. Электроконтактілік – бақыланатын шаманың анықталған өзгеруін жүйенің орындаушы элементтерімен басқаратын электрлік шынжыр контактілерін тұйықтау (ажырату) арқылы электрлік сигналға түрлендіреді. Контактілерді әдетте, вольфрамнан, ал металлдардан өте сирек дайындайды. Аспаптың қосылуы бақыланатын бұйымның өлшеміне қатысты өлшеу құрылғысының үзгіші іске қосылған кезде жүргізіледі. Егер рычагтың үзгіші контактілермен контактіге түспесе, онда бұйым шақтамада дайындалған. Егер бұйым шақтама өрісінің шегінен шығып кетсе, контактілер тұйықталады және шам жанады немесе қоңырау іске қосылады.
Түрлендіргіштер әрекет ету қағидасы бойынша 2 топқа бөлінеді.
1-топ – параллель соңғы өлшемдер мен калибр бойынша бөлінулері болмайтын дәл орнату винттерінің көмегімен орнатылады.
2-топ – саңылау бойынша бақыланатын бұйымның номиналды өлшемдегі бір калибрінің көмегімен нөлдік деңгейге орнатылады. Түрлендіргіштің көмегімен өлшенетін өлшемнің шектерін, ал оның шкаласы бойынша бақыланатын бұйымның нақты шамасын орнатады.
Кейбір шкалалы аспаптармен немесе қатты калибрлермен салыстырғанда бұл құралдармен бақылау жүргізудің артықшылықтары бар. Онда бақылау уақытын қысқартуға болады, қателігі аз өлшемді алумен бақылаушы аз шаршайды. Бұл артықшылықтар бақылау – өлшеу аспаптарын көпөлшемді етіп жасауға мүмкіндік береді, ондай аспаптарда электроконтактілік түрлендіргіштер бұйымды өлшеу жағдайына 1-рет орнатқанда автоматты түрде бірнеше өлшемді тексеретіндей етіп орналастырылған.
Импульстарды түрлендіргіш контактілерінен дәл релелерге беретін арнайы тілшелерге әсер ететін электромагниттерді қолдана отырып, автоматты бақылау-саралау аспаптары жұмыс істейді.
Бұл түрлендіргіштерді басқарушы импульстарды жетекке немесе беруші механизмге беру үшін басқарудың үйретілген жүйелерінде қолданады.
Барлық бақыланатын бұйымдардың жиынтығын есептейтін электроесептеуіштері бар сигнал шамдарын өлшеу шынжырларына қосу жолымен, өлшемді бақылау операциясымен бір уақытта технологиялық үрдістердің сапасын бағалауға арналған мәліметтерді алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   147




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет