Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)


Сынау әдістемелерін аттестаттаудың негізгі принциптері



бет78/147
Дата28.11.2023
өлшемі6.41 Mb.
#484771
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   147
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

Сынау әдістемелерін аттестаттаудың негізгі принциптері
Сынау әдістемесі сынау әдістерін қолдану тәртіптерін, қажетті сынау құралдарын, сынауға қойылған талаптарын, сипаттамаларын анықтау операциясының алгоритмін, операторлардың біліктілігін, сынау нәтижесінің шынайы және дәл бағалап анықтайтын түрлерін, қоршаған ортаны қорғауды және техника қауіпсіздігінің сақталуын талап етеді.
Сынау әдістемесі сынауды жүргізу технологиялық процесінің реті мен режимдерін анықтайды. Сынау әдістемесі тексерілген, аттесталған және анықталған болуы шарт.
Сынау әдістемесіне қойылатын маңызды талаптар ретінде сынау нәтижесінің берілген қателіктен көп емес болуы үшін келесі талаптар орындалу керек:
– Сынау кезінде дәлдік нормасы, сынау нәтижесінің есептелуі және бақылаудың шынайылылығы;
– Сынау үшін үлгілерді және сынамаларды алу әдістері;
– Сыну нәтижесін алу түрі және мәліметтерін өңдеу әдістері;
– Сынау талаптарының жаңғырту шегі және дәлдігі (сынау объектісіне сыртқы әсер етулер және режимдер қызметі);
– Сынау жабдықтары, өлшеу құралдары және сынау құралдары сипаттамаларының шектері және дәлдіктері;
– Аттестатталған сынау жабдықтарын және салыстыру өлшеу құралдарын қолдануы.
Сынау әдістемесі сынау объектісінің бір немесе бірнеше өзара байланысты қасиеттерінің сипаттамаларын анықтау талаптарын реттейді.
Сынау әдістемесі типті және жұмыстық болып бөлінеді.
Типтік әдістеме біртекті өнімдер тобына өңделеді және онда сынауды жүргізуге жалпы талаптар қойылады, сонымен бірге онда жұмыстық әдістеменің мазмұнына жалпы талаптар көрсетіледі. Сынаудың жұмыстық әдістемесі өнімнің белгілі бір түріне немесе жеке бұйымға сынау жүргізу үшін дайындалады.
Сынау жабдықтарын аттестаттаудан өткізу және оны ұйымдастыру
Сынау жабдығын аттестаттау сынау жабдығының пайдалануға жарамдылығын анықтау және НТҚ талаптарына сәйкестігін, жабдық сипаттамаларының нормалық дәлдігін анықтау мақсатында жүргізіледі. Жалпы ережелер ГОСТ 585-81 регламенттелген. Сынау жабдығының нормаланған дәлдік сипаттамасы дегеніміз – бұл сынау кезінде анықталған мерзім ішінде тұрақтылық пен дәлдікті берілген шекте ұстап тұру шарттарын жабдықтың орындау және жаңғырту мүмкіндіктерін анықтайтын НТҚ көрсетілген сипаттамалары.
Қолдану саласына байланысты барлық жабдықтар жалпыөндірістік, салалық, арнайы қолданыстық болып 3 топқа бөлінеді. Аттестаттаудың алғашқы, кезеңдік және кезектен тыс деген үш түрі бар.
Алғашқы аттестаттауда сынау жабдығының сынау кезіндегі анықталған мерзім ішінде тұрақтылық пен дәлдікті берілген шекте ұстап тұру шарттарын жабдықтың орындау және қайта өңдеу мүмкіндіктерін анықтайтын НТҚ көрсетілген сипаттамаларын, сынау режимдерінің параметрлерін және өлшеу қателіктерін тіркеу, пайдалану барысында бақылау қажет дәлдік сипаттамалар тізімін құрастырады, келесі аттестаттауда және оның кезеңдігін, онда қолданылатын әдістер мен құралдарды, қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздігі талаптарының орындалуын анықтайды.
Кезеңдік аттестаттауды алғашқы аттестаттауда анықталған мерзімде және көлемде сынау қызметінің өзі жүргізеді. Кезеңдік аттестаттау кезінде НТҚ сәйкес өнімнің белгілі бір түрін сынау үшін қажетті барлық сипаттамалар және мәндерді қамтамасыз ететін операцияның көлемі мен дәлдік сипаттамасының шекті номенклатурасын тексеруге болады. Кезеңдік аттестаттаудың бұл бағдарламасы бас метрологиялық қызметпен келісілген болуы керек.
Кезектен тыс аттестаттау сынау жабдығының тасымалдануынан кейін пайдалану үшін, ұзақ мерзім сақталап немесе жөндеу жұмыстарынан кейін және т.б. жағдайлардан кейін жүргізіледі. Тасымалданудан, сақтаудан және жөндеуден кейін жабдықтың сипаттамаларына әсер ететін жағдайларды, сонымен бірге жаңа ғимарат, жинақтау және монтаждау жұмыстарының әсер ететінін аттестаттау кезінде ескеру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   147




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет