Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет94/147
Дата28.11.2023
өлшемі6.41 Mb.
#484771
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   147
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

Демингтің 14 принципі
1. Мақсаттың тұрақтылығы. Тауар өндірісі мен қызмет көрсету процестерін жетілдіру үшін мақсаттардың тұрақтылығын сақтаңыздар. Перспективалық мақсаттарға өндірістің бағдары.
2. Жаңа философия. Жаңа философияны қабылдаңыз. Біз жаңа экономикалық дәуірде өмір сүреміз. Ақаулы өнім өндірісінің ескі философиясынан толық бас тарту.
3. Инспекцияға тәуелділікті төмендетіңіздер. Сапаға қол жеткізу тәсілі сияқты бақылаудың үлкен көлемінің қажеттілігін жойыңыздар. Бақылаушы органдар жағынан сапаны бақылауды жою. Бақылауды еңбек процесіне енгізу.
4. Ең төмен баға бойынша келісімшарттар жасау тәжірибесін тоқтатыңыздар. Тек бағаға ғана негізделіп, бизнес жүргізумен тәжірибеленбеңіз.
5. Мекемедегі барлық процестерді жетілдіріңіздер. Әрбір процесті жоспарлау, өндіріс және қызмет көрсету жағынан үнемі жетілдіріңіздер. Еңбек әрекеті әдістерін тұрақты жетілдіру, ескірген тәсілдерден бас тарту.
6. Жұмысқа оқытуды енгізіңіздер. Жұмыскерлерді тұрақты, кәсіби оқыту. Өндірістің материал, дизайн, қондырғы және әдістер аумағында персоналды интенсивті қайта дайындау жүйесін ұйымдастыру.
7. Басқарудың жағымды стилін орнатыңыздар. Адамдарға өз жұмысын жақсы атқаруға көмек көрсетуге бағытталған басқару стилін растаңыздар.
8. Мекемедегі қорқыныштан құтылуға мүмкіндік беретін тәсілдер мен екіжақты әсерлі коммуникацияларды қолдаңыздар. Жұмыстағы қателіктер үшін, ақаулар мен апаттар туралы баяндама үшін жазалану қорқынышын жоятын атмосфера жасау және ұйымдастыру.
9. Бөлімдер мен адамдар арасындағы кедергілерді бұзыңыздар.
10. Бекітілмеген ұрандар, плакаттар мен шақыртуларды пайдалануды алып тастаңыздар. «Бос» шақыртуларды пайдаланудан бас тарту, басшылық жағынан нақты іс-әрекеттерге сәйкес осы шақыртулардың қамтамасыз етілуінсіз, кәсіби оқытудың реттелмеген жүйесі арқылы еңбек өндірістілігі мен сапасын көтеру.
11. Талқыға салынатын сандық көрсеткіштерді жойыңыздар. Жұмысшыларға сандық түрдегі белгілі бір нормаларға, ал басқарушы персоналдарға сандық көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін жұмыстарды орындау стандарттарынан бас тартыңыздар. Оның орнына оқытушылардың көмегі мен қолдауын ұсыныңыз.
12. Шеберлігіңізді мақтан тұтыңыз.
13. Білімді қолдаңыздар. Өндірістік процеске қандай да бір жетілдіру енгізуге тырысқандарға, зерттеулерге ұмтылатындарға, жалпы көбірек білгісі келетіндерге мүмкіндігінше көмек көрсету. Статистика бойынша персоналдың білімін максималды түрде пайдалану, талантқа тұрақты бағдар жасау.
14. Жоғарғы басшылықтың ұстамдылығы. Жоғарғы басшылықтың сапа мен өндірістілікті тұрақты жақсарту идеясына ұстамдылығын ұстануы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   147




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет