Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет1/147
Дата28.11.2023
өлшемі6.41 Mb.
#484771
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   147
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif


Қазақстан Республикасы
б ілім және ғылым министрлігі
Т. М. Мендебаев, Е. С. Асқаров,
А. Ө. Ермекбаева, И. Ж. Жаханова
СТАНДАРТТАУ,
МЕТРОЛОГИЯ ЖӘНЕ
СЕРТИФИКАТТАУ
ОҚУЛЫҚ


Қазақстан Республикасының Білім және
ғылым министрлігі бекіткен
Алматы, 2011
УДК 006 (075.8)
ББК 30.10 я 73
С 76


Пікір жазғандар:
Техникалық ғылымдарының кандидаты, доцент С. С. Есқұлов;
Техникалық ғылымдарының кандидаты, доцент С. С. Усупов;
Сарапшы - аудитор М.К. Мұсаев.


Т. М. Мендебаев, Е. С. Асқаров, А. Ө. Ермекбаева, И. Ж. Жаханова
С 76 Стандарттау, метрология және сертификаттау. Оқулық – Алматы, ЖШС РПБК «Дәуір» 2011 ж., 281 бет.


ISBN 978-601-217-198-3
Оқулықта стандарттау, метрология және сертификаттау негіздері қарастырылған. Оқулық 11 бөлімнен тұрады, онда Қазақстан Республикасындағы стандарттаудың негізгі жағдайлары мен тапсырмалары, ұйымдастырушылық құрылымы, қолданылуы, өндірісті метрологиялық қамтамасыздандыру мен метрология бойынша негізгі білім қоры, сертификаттаудың, халықаралық ИСО 9000 сериялы сапа стандарттарының, жаңа заманға лайық өнеркәсіптегі сапаны басқару негіздері және т.с.с материалдар берілген.
Оқулық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, сонымен қатар қызмет көрсету мен өндіріс саласындағы мамандарға, стандарттаудың, метрологияның және сапаны басқарудың мәселелері қызықтыратын көпшілік оқырмандарға арналған.

© Т. М. Мендебаев, Е. С. Асқаров,


А. Ө. Ермекбаева, И. Ж. Жаханова, 2011 ж.
© ҚР Жоғары оқу орындарының
қауымдастығы, 2011 ж.


КІРІСПЕ




Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы әлемдік экономикаға қадам басуда және келешекте экономика әлемінде көрнекті орындардан көрсетуге ұмтылуда. Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орынды алады. Елімізде ғылыми тұрғыдан құндылығы жоғары өңдеу өндірістерін дамытуға бағытталған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы енгізілуде.


Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіру алдында тұр. Біз өмір сүріп жатқан жаһандану және интеграциялану ғасырында, қызметтер мен тауарлардың бүкіләлемдік нарығына халықаралық стандарттарсыз кіру мүмкін емес. Стандарттардын рөлін, мәнін мұқият игермей енудің өзі күдікті мәселе. Бұның себебі қазіргі таңда тұтынушыларды қанағаттандыратын сапа параметрлерін, шығарылатын өнімдердің ережелерін, нормаларын және деңгейлерін реттейтін стандарттаудың бүкіләлемдік мәнін жоғарылатудың қажеттілігін көрсетеді.
Бұйымның сапалық параметрлеріне көзімізді анық жеткізу үшін, оларды өлшейтін құрылғылар, приборлар қажет, бұлар метрология ілімінің үлесіне кіреді. Стандарттарды ұтымды және оңтайлы түрде ендірген абзал. Жыл сайын стандарттау мен сертификаттау үрдісінде метрологияның рөлі, оның қажеттігі арта түседі. Бұл техника мен жоғарыда айтылған ғылымдардың дамуымен және нарықтың талаптарынан байқалуда.
Өнімдер сапасы мен стандарттаудың барлық талаптарының орындалуы үшін, сапаны обьективті тәуелсіз, сәйкестікке бағалау жүргізген жөн. Бұл мәселені сертификаттау шешеді.
Қазіргі таңда барлық осы үш ұғым «техникалық реттеу» деп аталатын жалпы терминмен біріктірілген. Техникалық реттеу тек қана тұтынушылардың өмірі мен денсаулығына, қызметтер мен тауарлардың қауіпсіздігіне техникалық регламенттер арқылы мемлекеттік бақылауды анықтайды, ал қалған жағдайларда тауар өндірушілер өз көзқарастарына орай дамыған нарықтың заңдарын жетекшілікке ала отырып әрекет етеді.
Стандарттар және басқа да нормативтік материалдар ұсынылатын құжаттар ретінде сипатталады. Ұсынылып отырған «Стандарттау, метрология және сертификаттау» оқулығы оқырмандарды Қазақстан Республикасындағы стандарттаудың қолданылуымен, ұйымдастырушылық құрылымымен, тапсырмасымен, негізімен таныстырады; Өндірісті метрологиялық қамтамасыздандыру, жалпы метрология бойынша негізгі білім қорын береді; Сертификаттау саласында, халықаралық ИСО 9000 сериялы стандарттары жаңа заманға сай өндіріс орнындағы сапаны басқарудың негіздері және т.с.с мәліметтер ұсынады.
Оқулық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, қызмет және өндіріс саласының мамандарына, сапаны басқарудың, метрологияның, стандарттаудың мәселелері қызықтыратын оқырмандарға арналған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   147




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет