Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)


Сертификаттау сапасын қамтамасыз ету жалпы критерийлері



бет141/147
Дата28.11.2023
өлшемі6.41 Mb.
#484771
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   147
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

10.10. Сертификаттау сапасын қамтамасыз ету жалпы критерийлері

Сертификаттау сенімділік және әділдік қасиеттеріне ие болу керек. Сертификаттау объектісі сәйкестігін бағалау дұрыстығы нормативтік құжаттар талаптары сынақ зертханалары мен сертификаттау органдарының техникалық біліктілігімен анықталады.


Сертификаттау нәтижесінің дұрыстығы сертификаттау органының және сынақ зертханасының өндіруші, өнімді немесе қызмет көрсетуді тұтынушыдан тәуелсіздік деңгейіне байланысты іске асады.
Бұлар сертификаттау сапасын қамтамасыз ететін екі критерий. Бұл критерийлерге жету механизмі «сапа жібінде» жатыр ( 10.8-сурет ). Ол сапаға әсер ететін өнімді өндіру, үрдіс немесе қызмет көрсетуде толық циклының элементтерінің өзара байланысын көрсетеді.
Маркетинг кезеңі мен сұранысты зерттеу кезінде сертификаттау сапасы сертификаттау жүйесін талдау және таңдаумен бастау алады, осы ережелер бойынша сынақ зертханалары мен сертификаттау органдарының аккредиттеу саласын, сәйкестік бағасын анықтау жүргізіледі. Бұл кезеңде әртүрлі мемлекеттерде өнім мен қызмет көрсетудің нақты түрлеріне сертификаттау мен сынақ нәтижелерін мойындау мәселелерін ескеру керек.
Сертификаттау үрдісін жобалау кезеңінде сапаға әсер етуші: клиенттер талабы, заңның талабы, ұйымдастырушылық, ғылыми-әдістемелік және тағы басқа факторлар есепке алынады.
Ресурстар сертификаттау органында сынақ зертханасы: мамандандырылған қызметкерлер, дайын ғимарат, нормативті құжаттардың қоры, өлшеу, сынау, бақылау құралдары болуын қосады.
Сертификаттау үрдістері сенімділікпен және әділдікпен жету үшін сенімділікті қамтасыз етіліп өңделу керек. Барлық үрдістерді жұмыс сапасын ішкі және сыртқы тексеріс өткізу мүмкіндігі қарастырылатындай етіп жоспарлану керек. Барлық үрдістердің іс-қағаздарын және құжаттама жүрізілуі, құпия ақпаратты қамтамасыз ету және тағы басқа маңызды орын алады.


10.8- сурет.
Сертификаттаудың орындалуы сертификаттау жүйесінің ережелерімен сәйкес, таңдалған сұлба бойынша, сертификаттау органының немесе сынақ зертханасының ішкі нұсқаулары бойынша өтуі керек. Ол ішкі және сыртқы бақылау кезеңді жүйесінің болуымен жүзеге асады. Сәйкестік сертификаты мен сәйкестік белгісін қолдану құқына лицензия рәсімдеген кезде олардың максималды ақпараттылығы мен мәнділігін қамтамасыз ететін қалып пен мазмұнына талаптың сақталуына көп көңіл бөліну керек.
Әрбір сертификатта: сертификаттау объектісінің атауы, сәйкес келетін нормативті құжат, сертификат берген сертификаттау органы, берілген уақыты, қолдану мерзімі және сертификаттау органының аккредиттеу белгісі болуы керек.
Сертификаттау өткеннен кейінгі сапалығы мына элементтермен анықталады:
– сертификатталған өнімнің, қызмет көрсетудің, сапа жүйесінің немесе қызметкерлердің реестрді жүргізу. Реестрде сертификаттау объектісі туралы барлық қажет ақпаратты қамту керек, барлық қолданушыларға рұқсаты болу керек;
– сертификаттау органымен сертификатталған өнімге инспекциялық бақылау;
– сертификаттау органының ақпараттық қызметі - қоғамға сертификаттау нәтижелері туралы мәліметтер беру, мүдделі құрылымдармен сертификаттау бойынша тәжірибе алмасу.
Сәйкестік сертификатының қолдану уақыты біткен соң тапсырыс беруші жаңа сертификаттау туралы шешім қабылдай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   147




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет