Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет27/147
Дата28.11.2023
өлшемі6.41 Mb.
#484771
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   147
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

7. Нормативтік сілтемелер. Нормативтік сілтемелер элементінде стандарт мәтінінде сілтемелер берілген нормативтік құжаттардың тізімі беріледі. Сілтемелік құжаттардың тізімі мына сөздерден басталады:

  • «Осы стандартта келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер келтірілген:» немесе, стандартта сілтемелер тек қана стандарттарға келтірілсе «Осы стандартта келесі стандарттарға сілтемелер пайдаланылған:».

8. Анықтамалар. Анықтамалар элементінде стандартта пайдаланылатын терминдерді белгілеу және тағайындау үшін қажетті анықтамалар бар. Стандартта әрекет етуші заңнамалық актілер, стандарттар және басқа техникалық регламенттерде келтірілген терминдер мен анықтамаларды пайдалану қажеттілігі болса, терминге берген анықтама соңында жақшаның ішінде оны тағайындаған стандарт көрсетіледі.
9. Белгіленулер және қысқартулар. «Белгіленулер және қысқартулар» элементінде осы стандарт пайдаланылған белгіленулер және қысқартулар тізімі беріледі. Белгіленулер мен қысқартуларды стандарт мәтінінде келтірілген ретімен, қажетті түсініктеме және мағынасын ашып көрсетеді. Талаптар. Стандарттау объектілеріне қойылатын талаптар, олардың арнайылануына байланысты, бір- біріне қайшы келмейтін негізгі стандарттар түрлеріне: өнім және көрсетілетін қызмет стандартына, негізқалаушы стандартқа, бақылау әдісі стандартына, процестер стандартына тағайындалады.
10. Қосымшалар. Стандарт ережелерін толықтыра түсетін материалдарды қосымша арқылы беруге болады. Мұндай қосымшаларға, мысалы, графикалық материал, үлкен форматты кестелер, есептеулер, аппараттар мен құралдардың сипаттамалары, электрондық есептегіш машиналарда шығарылған алгоритмдердің сипаттамалары мен есептердің бағдарламалары, экономикалық іс-әрекет түрлері бойынша өнім кодтары, азықтық және энергетикалық бағалығы туралы деректер және т.б. жатады.
11. Библиографиялық деректер. Библиографикалық деректерде:
1. Стандартты тіркеуші орган беретін ӘОС белгіленуі;
2. Стандарттардың мемлекетаралық жіктеуіші бойынша коды (МК ИСО/ИНФКО 1-96);
3. Мемлекеттік стандарттар жіктеуіші бойынша коды (МСК);
4. Өнімнің, процестің, қызметтің стандарттары жалпы жіктеуіші ОКП және экономикалық іс-әрекет түрлері бойынша өнім жіктеуіші (КПВЭД) бойынша коды;
5. Негізгі сөздер, (Негізгі сөздер қатарында стандарттау объектісін бір жақты сипаттайтын, құжатты жіктеуіштерден, каталогтардан, нұсқаулықтардан, базалар мен деректер банкінен іздеуді жеңілдететін негізгі сөздер көрсетіледі.) болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   147




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет