Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет38/147
Дата28.11.2023
өлшемі6.41 Mb.
#484771
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   147
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

Шақтама деп ең үлкен және ең кіші шекті өлшемдердің айырмасын айтады. Ол партиядағы жарамды тетіктердің нақты өлшемдерінің рұқсат етілген шашырау алаңын, берілген жасау дәлдігін анықтайды. Көрнекілік үшін шақтамалардың шақтама алаңын графикалық түрде береді. Мұнда бұйым осі әрқашан сызба астында жатады.
Шақтама алаңы – жоғарғы және төменгі ауытқулармен шектелген алаң. Шақтама алаңы номиналды өлшемге қатысты шақтама мәндері мен оның орналасуына байланысты анықталады.
Шақтама алаңы графикалық суреттелгенде нөлдік сызыққа (нөлдік сызық номиналдық өлшемге сәйкес) қатысты жоғарғы және төменгі ауытқуларға сәйкес жоғарғы және төменгі сызықтары бар түзу бұрыш болып келеді.
Біріктірілетін екі немесе бірнеше тетіктерді түйіндескен тетіктер деп атайды. Тетіктердің біріктірілуі өтетін беттерді түйіндесу беттері дейді. Қалғандары еркін беттер.



Тесік пен біліктің шақтама алаңдарының орналасуына байланысты (2.10-сурет):



  • саңылаулы (а),

  • керілмелі (ә),

  • өтпелі (б) (саңылауда, керіліс те болуы мүмкін) қондыру болады.

Ең үлкен және ең кіші рұқсат етілген керіліс айырмасы TN = Nmax – Nmin немесе ең үлкен және ең кіші саңылаулар айырмасы TS = Smax – Smin қондыру шақтамасы деп аталады. Өтпелі қондыруда қондыру шақтамасы абсолюттік мәнмен алынған ең үлкен керіліс пен ең үлкен саңылау қосындысы. Барлық қондыру түрлері үшін қондыру шақтамасы тесік пен білік шақтамасының қосындысына тең:
TS ( TN) = TD + Td
Қондыру параметрлері:
саңылаулы:
Smax = Dmax – dmin ; Smin = Dmin – dmax ; Sm = ( Smax + Smin )/2;
TS = Smax - Smin = TD + Td;
керілмелі:
Nmax = Dmin -dmax ; Nmin = Dmax -dmin ; Nm = ( Nmax + Nmin)/2;
TN = Nmax – Nmin = TD + Td формулаларымен анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   147




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет