Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет51/147
Дата28.11.2023
өлшемі6.41 Mb.
#484771
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   147
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

Өлшем тізбектері

Өлшем тізбектері дегеніміз – тұйықталған контур құрайтын өлшем жиынтығы. Өлшем тізбектері кеңістіктік және жалпақ болады. Өлшем тізбектері құрастырушы буындардан және бір тұйықтайтын буыннан АΔ тұрады.


Тұйықтайтын буын АΔ бұйым түйіндерін жинау процесінің соңында болатын өлшем. Оның сандық мәні мен дәлдігі өлшем тізбектерінің мәндері мен дәлдігіне тәуелді.
Өлшем тізбектерінің құрастырушы буыны – бастапқы буын мәніне әсер етпейтін, өзінің мәні мен ауытқуын өзгертуге мүмкіндігі бар тұйықтаушы буын мәніне әсер ететін өлшем.
Өлшем тізбектерінің бастапқы буын – мәні мен ауытқуын өзгертуге болмайтын, мәні жиналатын түйіннің жұмыс істеуіне қойылатын функционалдық талаптармен берілген өлшем.
Өлшем тізбектерін есептеу мен талдау түйін тетіктерінің өлшемдері арасындағы сандық байланысты белгілейді, номиналды мәндерді және пайдалану талаптары мен өңдеудің экономикалық дәлдігіне қарай өлшем ауытқуларын анықтайды. Барлық өлшем тізбектерінің құрылымы мен технологиясына қойылатын талаптарға байланысты шақтамалар мен шекті ауытқуларды тағайындаудан есептеу тұрады. 2 есеп бар.
1. Талдау есебі. Құраушы буындардың берілген номиналды өлшемдері мен шекті ауытқуларынына байланысты тұйықтаушы буынның номиналды өлшемін, шекті ауытқуларын және шақтамасын анықтау (тексеру есебі) – берілгені А1, А2 , т.б. АΔ анықтау қажет.
2. Синтез есебі. Тізбектің барлық өлшемдері мен бастапқы өлшемнің берілген шекті өлшемдері бойынша құраушы өлшемдердің шақтамалары мен шекті ауытқуларын анықтау (жобалау есебі).
Өлшем тізбектерінде болатын өлшемдер:
- үлкейтетін өлшем үлкейсе, тұйықтаушы өлшем өседі,
- кішірейтетін өлшем үлкейсе, тұйықтаушы өлшем кішірейеді.
Өлшем тізбектерін есептеудің келесі әдістері бар:
1. Толық өзара ауыстырымдылық. Бұл әдісті қолданғанда өлшем тізбегінің тұйықтаушы буынының талап етілген дәлдігіне, оның кез келген буынының типі мен өлшеміне дәл сондай буынды таңдаусыз, іріктеусіз және оның шамасына қосымша өңдеусіз қол жеткіземіз. Осы әдісті қолданғанда тетіктердің толық өзара ауыстырымдылығына ие боламыз. Жинастыру кезінде жұмысшы партиядан кез келген тетікті алып біріктіру түйініне еш жөндеусіз, қиюластырусыз қондырудың берілген шақтамасымен өз орнына қоя алады. Жасаудың мұндай дәлдігін қамтамасыз ету қиын, және бұйымды бұл әдіспен жасау қымбатқа түседі. Бұл әдіс, қатаң жолға қойылған технологиялық процестерді, арнайы технологиялық және көмекші жабдықтарды, кескіш құралдарды қолдануға болатын жаппай және сериялық өндіріс түрінде қолданады. Бұл өндіріс типтерінде, тетіктерді қиюластыруға уақыт бермейтін, бұйымды жинаудың қатаң және қысқа такті қойылған, мысалы, автомобильдерді жинау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   147




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет