Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)


Материалдар мен заттардың химиялық құрамын анықтауды метрологиялық қамтамасыз ету



бет82/147
Дата28.11.2023
өлшемі6.41 Mb.
#484771
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   147
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

6.10. Материалдар мен заттардың химиялық құрамын анықтауды метрологиялық қамтамасыз ету
Өнімнің химиялық құрамын өлшеу өзінің спецификалық ерекшеліктерімен, өлшеу қателігінің сол немесе басқа дәрежесін анықтайтын факторлар болуымен ерекшелінеді. Химиялық құрамды өлшеу жанамаға жатады, өйткені тікелей өлшеуге ұшырайтын бақыланып отырған компоненттің құрамын талдаудың кезкелген әдісін қолдану анықталып отырған физикалық шаманың компонентінің концентрациясының қатынасына байланысты функция негізінде бағаланады.
Химия - аналитикалық процестегі өлшеу үш сатыдан тұрады:
1. Бастапқы үлгінің аналитикалық өзгерісін анықтау, адам немесе компьютер ыңғайлы қабылдау үшін қажетті ақпараттық дабыл және оның ұсыну формасы көрсету бастапқы құрылымдық көбеюін жеңілдетеді. Осы өзгерістердің негізінде өлшеніп отырған шама бастапқы дабыл ретінде беріледі.
2. ӨЖ (салмақ, тұнба, оптикалық тығыздық және т.б.) қолданып аналитикалық дабыл арасында тікелей өлшеу орындалады.
3. Шығатын ӨЖ дабылының және компонент концентрациясына функционалды қатынасы көмегімен аралық өзгерістер нәтижесін өлшеу талданып отырған үлгінің құрамында бақыланып отырған компоненттің үлесін анықтауды химиялық құрамды өлшеу нәтижесін алу деп атаймыз.
Химиялық құрамды өлшеуді метрологиялық қамтамасыз ету жүйесі стандартты үлгіледі қолдану негізінде әдістердің және ӨЖ өте кең ауқымды және тез өзгеретіндігін ескеру қажет. Сандық талдаудың спецификасын ескеріп өлшеу процесінде шамалардың әсерінің айрықша өзгеруі және шығу дабылының параметрлерінің ақпаратсыздығы, ӨЖ өздерін бақылау химиялық құрамды өлшеудің нәтижелерінің қателіктерін бағалаудың сенімділігі үшін, қолданылып отырған өлшеуді орындау әдістемесінің аттестаттталуы, сонымен бірге нормативті техникалық құжаттамаларға сәйкестігін жедел бақылау және тексеру маңызды болады. Осыған байланысты өлшеу дәлдігін тексергенде, жедел бақылауды жүргізу барысында, аз уақыт ішінде өлшеу нәтижесін сипаттайтын, өлшеу сапасына толық және шынайы баға беретін, аналитикалық зертхана жұмысының сапасын объективті бағалайтын зертхана аралық тексерудің арнайы тәсілдері қолдану керек.
Өнімнің сапасын бақылау үшін химиялық құрамды ӨОӘ тәжірбиеде қолдану кезінде, компонент концентрациясы шектен асып кету жағдайы орындалғанда компоненттің шақтама алаңындағы құрамына өнім партиясын бөлу тапсырмасы қойылады. Өлшеу дәлдігіне талаптар шақтама алаңының әртүрлі бөліктерінде компоненттің құрамы біркелкі болған жағдайда өлшеу талаптары сақталмайды, бұл ӨОӘ бойынша өлшеу сапасына дифференциалды ұмтылыстың қажеттілігін анықтайды және ол өнімнің сапасын анықтауға бағытталған. Бақылаушы компоненттің құрамы регламенттелген шақтама алаңының шегінен белгілі бір мәнге ауытқып орналасса, өнімнің сапасының шегіне жетпеген жағдайда ереже жеңілдетуі мүмкін. Сапа қорының болмауы өнімнің ақаулығын анықтауды қиындатады, сонымен бірге ӨОӘ дәлдігіне НТҚ сәйкес болса да, шақтама алаңы шекарасына «бақылаудың дәлдігінің кему аймағына» жақындау байқалса, онда ақаулықтың дәлдігі бірден төмендейді.
Кәсіпорында өнімді бақылау үшін НТҚ-дан дәлірек ӨОӘ қолдануға болмайтындықтан, өнімнің шақтама алаңы шегіне жақын жердегі химиялық құрамын өлшеу шынайылығын көтеруге, талдаудың екі (немесе бірнеше) орташа нәтижелерін орталау арқылы өнімді таңбалау, сондай-ақ химиялық әдістемелер негізінде қайталап өлшеумен қол жеткізуге болады. Сондықтан, аттестатталатын ӨОӘ-ға қойылатын жалпы талаптарда «бақылау шынайылығы төмен аймаққа» түсетін компоненттер концентрациясының аралығы келтіріледі және ӨОӘ дәлдігі ӨОӘ талаптарына сәйкес болған жағдайда да қайталап өлшеуді талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   147




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет