Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет78/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   144
Басқарудың ұйымдық құрылымын 
жетілдірудің тиімділігін бағалау
Басқару жүйесі мен оның ұйымдық құрылымының тиімділігі 
былайша анықталады – өндірістік ұйым қызметінің тиімділігі 
басқару жүйесінің іс-әрекет жасау тиімділігіне, ұйымдық 
құрылымның сапасына байланысты болады.
Басқару жүйесінің тиімділік белгілерінің кешенді жиыны оның 
іс-әрекетін бағалаудың екі бағытын ескеру арқылы қалыптасады:
1) өндірістік-шаруашылық ұйымның белгіленген мақсаттарына 
қол жеткен нәтижелердің сәйкес келу деңгейі бойынша;
2) жүйенің іс-әрекет жасау үрдісінің өз мазмұнына қоятын 
объективті талабының, ұйымдастыру ісінің нәтижеге сәйкес келу 
деңгейі бойынша.
Ұйымдық құрылымның әр түрлі нұсқаларын салыстыруда 
қолданылатын 
тиімділік 
өлшеміне 
өзінің 
іс-әрекетінде 


168
салыстырмалы түрде аз шығынмен басқару жүйесінің түпкі 
мақсаттарына әлдеқайда толық әрі тұрақты қол жеткізу мүмкіндігі 
жатады.
Басқару үрдісінің тиімділігін бағалауда сандық және 
сапалық тұрғыдан бағаланатын көрсеткіштер пайдаланылады. 
Бұл көрсеткіштер нормативтік (мөлшерлемелік) сипатқа ие 
болып, басқару аппаратының нормативтік сипаттамасы ретінде 
пайдаланылуы мүмкін. Оған мыналар жатуы мүмкін:
- өндірушілігі;
- үнемшілдігі;
- бейімділігі;
- икемділігі;
- оперативтілігі;
- сенімділігі.
Басқару аппаратының өндірушілігі басқару аппаратында істейтін 
бір қызметкерлерге шаққанда (келетін) ұйым өндіретін түпкілікті 
өнім санымен анықталады.
Басқару аппаратының үнемшілдігі – объектімен немесе 
өндірістік қызметтің нәтижелерімен өлшенетін басқару аппараты 
іс-әрекетінің салыстырмалы түрдегі шығыны (басқару аппаратын 
ұстап тұру үшін қажетті шығынның үлес салмағы, басқарушы 
қызметкерлердің үлес салмағы және т.б.).
Басқару жүйесінің бейімділігі өзгермелі жағдайлардың белгілі 
бір диапазонында тапсырылған функцияны тиімді орындау 
қабілетіне қарай анықталады. Бұл диапазон салыстырмалы түрде 
неғұрлым кең болса, жүйе соғұрлым бейімді бола түседі.
Басқару құрылымының икемділігі басқару аппараты 
органдарының шешім қабылдау үрдісінде пайда болған ахуалға 
сәйкес өзінің рөлін өзгертіп, бәсекелестік күрес, болжауға келмейтін 
белгісіз жағдай жиі ұшырасатын нарықтық қатынаста айрықша 
артықшылық болып табылатын жаңа байланыстарды орнатудағы 
ерекшелігін сипаттайды. Ол нарық ахуалдарына жылдам икемділік 
танытатын шағын және орта кәсіпорындарға тән.
Басқарушылық шешімдерді қабылдаудың оперативтілігі 
басқарудағы мәселелерді дер кезінде анықтауды, сондай-ақ жолға 
қойылған үрдістің тұрақтылығын сақтай отырып, алға қойылған 
мақсаттарға жылдам әрі көп пайда табумен қол жеткізуді қамтамасыз 
ету үшін шешімдерді шапшаң қабылдауды ұйғарады.


169
Басқару аппаратының сенімділігі тұтастай алғанда оның алға 
қойған мақсатына сәйкес толассыз іс-әрекет жасауын (іркіліссіз 
жұмыс істеуін) сипаттайды. Басқару аппаратының сенімділігін оның 
орындаушылығымен, яғни міндеттердің (жоспарлы, бағдарламалы, 
тапсырыстың және т.б.) орындалуын қамтамасыз ете алатын қабілеті 
арқылы салыстырмалы түрде толық сипаттауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет