Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011


Өндірісті басқарудың жүйелі тәсілдемесі



Pdf көрінісі
бет74/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   144
Өндірісті басқарудың жүйелі тәсілдемесі
Жүйелі тәсілдеме – экономикалық ғылымда қолданылатын 
ғылыми зерттеудің ең жемісті (нәтижелі) әдістерінің бірі.
Өзінің алғашқы мағынасында – грек тілінен аударғанда «жүйе» 
сөзі көптеген элементтерден құралатын, бөліктерден тұратын бір 
бүтін тұтастық ұғымын білдіреді.
Жүйенің бұлайша ұғындырылуы экономикалық тұтастыққа 
да қатысты; өндіріс-пәндердің, саймандардың, еңбек түрлері мен 
түпкілікті өнімдердің жиынтығы ретінде болады.
Өндіріс – бұл әлеуметтік-экономикалық жүйе. Экономикалық 
деп аталу себебі, еңбек және материалдық ресурстарды ұштастыру 
нәтижесінде материалдық игіліктер пайда болып, қоғамның 
өндірістік күштерінің ұдайы өндірісі ұлғаяды. Оны басқаша былай 
анықтауға болады: «Белгілі бір қоғамдық-тарихи жағдайларда 
қалыптасатын өндірістік қатынастардың түрін экономикалық жүйе 
деп ұғуға болады».
Әлеуметтік жүйе деп аталуы адамдар құратын ұйымға 
бай¬ланысты. Экономикалық жүйеге басқа жүйелерге ұқсамайтын 
өзіндік ерекшеліктер тән.
Экономикалық жүйе әлеуметтік сипаттағы адам-машина жүйесі 
ретінде қарастырылады. Ондағы негізгі рөлді материалдық және 
рухани игіліктерді өндіретін әрі тұтынатын адам орындайды.
«Экономикалық жүйе кең мағынасындағы ұғымында қоғамдық 
өндірістің жүйесі ретінде, яғни өндіріс күштері (табиғи және еңбек 
ресурстары, өндіріс құралдары, өнім) мен өндірістік қатынастардың 
жиынтығы ретінде түсіндіріледі» (академик Н. П. Федоренко).
Экономикалық қатынас, байланыс (салааралық байланыстар 
жүйесі), заңдылықтар (техникалық прогрестің, өндірісті 
ұйымдастырудың даму заңдылықтарының жүйесі), міне, осы 
аталғандар экономикалық жүйе болып табылады.


160
Жүйелі тәсілдеме арнайы ғылыми пәндердің мазмұнына жалпы 
теория жүйесіне қызмет етеді, ал басқару ісі жалпылай түрде 
жүйелерді ретке келтіруші ретінде анықталуы мүмкін.
Жүйелі тәсілдеме ХХ жүз жылдықта пайда болды деуге болады, 
әйтсе де, XVIII және XIX ғасырларда ғылым әр түрлі жүйелерді 
зерделемеді деп бір жақты ойлауға да болмайды. Әлбетте, 
астрономия Күн жүйесін, ал математика әр түрлі санау (есептеу) 
жүйелерін зерделеді. Жүйелі тәсілдеме әскери мақ-саттарға (атом 
бомбасын жасау) қол жеткізу үшін АҚШ-та алғаш рет қолданылды, 
алайда жүйелі тәсілдеме одан ары азаматтық өндіріс саласындағы 
басқару қызметінің іс-тәжірибесінде кеңінен қолданылды.
Жүйелі тәсілдемені қолданудың негізіндегі басқару ісі үш 
тізбекті кезеңді қамтиды:
- бірінші кезеңде салалар анықталады, басқару субъектілері 
қызметінің ауқымы мен саласы нақтыланады. Қызметтің ақпараттық 
қажеттілігінің баламалы (бағдарлы) салалары мен ауқымдары 
белгіленеді;
- екінші кезеңде қажетті зерттеулер (жүйелі талдау) жүзеге 
асырылады;
- үшінші кезеңде белгілі мәселелерді шешудің баламалы 
нұсқалары жасалып, әрбір міндет бойынша оңтайлы нұсқа таңдап 
алынады (сараптық бағалаулар, оның ішінде, тәуелсіз сараптама 
қолданылады).
Жүйелі тәсілдеменің негізінде басқару ісі жүйелердің 
құрылымдық және функциялық тұтастығын қамтамасыз етуге әрі 
жетілдіруге бағытталған. Мақсатқа жеткізетін жолда кездесетін 
кедергілерді, кемшіліктерді анықтап, жою. Мұнда ең алдымен 
басқарудағы жүйелі тәсілдеменің қағидалары алға шығады. Нақты 
тәжірибеде ол қабылданған шешімдерді жан-жақты пысықтап, оны 
жүзеге асыруы ықтимал барлық нұсқаларын талдайды. Әлеуметтік 
жүйеде бұл қағида басқарушылық міндетті шешу үрдісінде саяси 
және мәдени мәселелерді тығыз байланыстыруды ұйғарады.
Басқару үрдістері пайда болғалы бері жүйелі талдау кеңінен 
қолданылып келеді. Экономиканы оның құрылымын, оның құрамдық 
бөліктерінің өзара қарым-қатынасы мен өзара байланысын қоса 
ескеріп, біртұтас ретінде кешенді зерделеуді, экономиканың жалпы 
жұмыс істеу үрдісінде олардың әрбіреуінің рөлін анықтауды міне, 
осыны жүйелі тәсілдеме деп ұғу керек.


161
Экономикадағы жүйелі тәсілдеме – басқару саласындағы ірі
кешенді мәселенің ғылыми негізделген шешімін әзірлеу әдісі болып 
табылады.
Жүйелі тәсілдеменің философиялық негізі оның негізгі 
қағидаларын айқындап береді: жүйелердің динамикалығы, 
құбылыстардың байланысы, өзара ықпалдастығы мен өзара 
байланысы; басты буын қағидаларының кешенділігі, тұтастығы 
және иерархиялығы.
Үрдістер мен құбылыстардағы жүйелі тәсілдеме өзара 
байланыстардағы зерделеудің екі формасын ұйғарады:
1) жай кездері қосалқы жүйелер немесе жүйе элементтерінің 
арасындағы өзара байланыстар қандай да бір аспектіде, көбінесе 
экономикалық аспектіде зерттеледі;
2) әлдеқайда күрделі жағдайда көп аспектілі тәсілдеме 
қолданылады. Бұл арада өзара байланыстар басқарудың саяси, 
экономикалық, технологиялық, құқықтық, әлеуметтік-экологиялық 
және психологиялық аспектілері қоса ескеріліп, зерттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет