234
береді, жоспарланатын кезең ішіндегі оның тәртібін бақылау және
оның ортамен өзара әрекеттесуін талдауға мүмкіндік береді.
Экономикалық үлгілеуді жаратылыстану ғылымдарындағы
тәжірибемен (экспериментпен) салыстыруға болады.
Болжау мен үлгілеу болашақ жүйені тек ойдағыдай мінсіз
ашып көрсетеді, ал шынайы жағдайға көшу үшін жүйе қозғалысы
алгоритмін (үрдіс барысын алдын ала жазып қою) жасау, керекті
материалдық ресурстарды, ғылыми
құралдарды шаруашылық
жүргізу әдістерін анықтау қажет. Мұны келесі қосалқы функция –
бағдарламалау шешеді;
б) бағдарламалау бұл шешімдердің іс-әрекет бағдарламасы мен
шешім таңдау үрдісі болып табылады және жүйені жаңа тапсырылған
жағдайда көшіру үшін пайдаланылады. Бағдарламалаудың
көмегімен шешім іс-әрекет бағдарламасына көрініс береді;
в) жоспарлау жоспарды (бағдарламаны) атқарушыға
(басқарылатын жүйеге) дейін жеткізумен аяқталады.
Ұйымдастыру. «Ұйымдастыру» функциясының мәні –
өндірістік объект құрылымын және басқару құрылымын
қалыптастыру мен таңдауда. Ұйымдастыруға сатылылықтың
барлық
деңгейінде
басқарылатын
жүйенің
техникалық,
экономикалық және ұйымдастырушылық қосалқы жүйесін реттеу
жөніндегі жұмыстар кіреді. Сонымен қатар,
осы функцияның
көмегімен белгілі бір жағдайларда басқарылатын объектілердің
іс-әрекеті; яғни ұйымдастыру – бағдарламада (өндірістің даму
жоспарында) қойылған міндеттерді жүзеге асыруға арналған
басқару жұмыстарының түрін айқындайды.
Ұйымдастыру – басқарудың функциясы ретінде қоғамдық
еңбектің міндеті болып табылатын және оған түк қатысы жоқ
өндірісті ұйымдастырумен тығыз өзара әрекет жасайды.
Қоғамдық
еңбектің
функциясы
ретінде
өндірістің
ұйымдастырылу мәні: жұмыс күші мен өндіріс құралдарын ғылыми
негізделмеген біріктірумен: өндірістік үрдіс барысын қамтамасыз
ету мәселелерін әзірлеуде. Көбінесе, мынадай мәселелерді қамтиды:
- өндірістік аппаратты оңтайлы құру;
- өндіргіш күштерді
мақсатқа сәйкес орналастыру;
- негізгі және айналым қорларды ұтымды ұйымдастыру;
- техника мен өндіріс технологиясын жетілдіру.
Ұйымдастыру басқарудың функциясы ретінде жоғарыда атал¬ан
235
шақтарда құрылымдық жағдайды қолдауға міндетті.
Үйлестіру. Үйлестірудің басқару функциясы ретіндегі негізгі
мақсаты – басқарылатын жүйеде еңбектің жекелеген үрдістерін
үйлестіріп, олардың мерзімдері мен аралық кезеңдері бойынша
байланыстыруда. Келісушілік өндірісте ұтымды байланыстар құру
жолымен қамтамасыз етіледі. Байланыс сипаты бойынша әр қилы
болуы мүмкін: техникалық, экономикалық, ұйымдастырушылық
және т.с.с.
Өндірістің күрделенуі
мен көлемінің өсуіне, мамандану мен
кооперациялаудың дамуына орай байланыс мөлшері де ұлғаюда.
Басқару үшін қажетті ақпарат көлемі де кеңеюде. Бұл, әрине,
басқару үрдісін қиындатады. Байланыс мөлшері өндіріс көлемі
өсу санының шаршысы (квадраты) сияқты өсуі айқын болып отыр.
Егер, мысалы, өндіріс көлемі 3 есе ұлғайса, онда байланыс саны
9 есе көбейеді. Сондықтан байланыс мөлшерінің қысқаруына әсер
ететін факторларды жете зерттеудің маңыздылығы айқын болады.
Осылайша, кәсіпорын санын 2 есеге (шоғырландырып) қысқартса,
байланыс санын 8 есеге азайтамыз.
Басшылық. Бұл функцияның басты мағынасы шешім
қабылдаумен және оны орындау үшін бұйрық берумен көрсетіледі.
Басқарудың функциясы ретінде басшылық – халық
шаруашылығының қандай да бір
буынын басқаратын тұлғаның
жеке басқаруы мен ұйымдастыруы.
Басшылықтың функциясына объектінің қызметі мен бұйрығын
іске асыруды бақылау кіреді.
Басшылыққа кадрларды іріктеу, орналастыру және біліктілігін
арттыру, олардың еңбегін жандандыру, сондай-ақ басшының
тұлғасына байланысты мәселелердің барлығы (жеке қасиеттер,
адамдармен жұмыс істеуі, білімі, тәжірибесі және т.с.с.) кіреді.
Басшылардың басты міндеті – ұжымның күш-жігерін жоспарлы
тапсырмаларды берілген мерзімде, берілген номенклатурада және
мейлінше аз шығынмен орындауға жұмылдыру.
Басшы өз жұмысының қандай
бөлігінде әкімшілік сипат
пен арнайы инженерлік (экономикалық және т.с.с.) сипаттың
болатынын анық ажырата білуі керек. Инженерлік қызмет өз
бетінше басқарушылықтың нақ өзі бола алмайды, ал басқарушылық
бұл жерде тек оған жетекшілік ету қызметін атқарады.
Басшылық ұйғаратын шешімдер ерікті түрде емес, ғылыми
236
негізделген, шаруашылықта қалыптасқан жағдайға объективті сай
келуі өте маңызды.
Бақылау. Бақылаудың функциясы – жүйедегі үрдістерді үнемі
бақылап, басқару объектісі қызметінің барлық жақтарын тексеруден
тұрады. Бақылау қызметі үздіксіз. Бақылау басқарудағы кері
байланыстарды жүзеге асыру құралы ретінде қолданылады.
Бақылау – фактілерді жай ғана белгілеу емес, өндіріс пен басқару
жүйесіндегі әр түрлі бұрмалаулар немесе бұзуларды болдырмау
және болжау жүйесі.
Бақылау қағидалары: тиімділік,
жан-жақтылық, үздіксіздік,
нанымдылық, жариялылық, бұған еңбеккерлердің барлығының
жаппай қатысуы.
Шаруашылық бақылаудың түрлері сан алуан:
- ішкі және сыртқы (бақыланатын объектіге байланысты);
- түрлер бойынша: техникалық, әкімшілік, қаржы-экономикалық;
- тағайындалуы бойынша: алдын ала істелетін, кейінгі;
- бақыланатын объектіні қамту бойынша: тұтас және іріктемелі;
- үздіксіздік дәрежесі бойынша: мерзімді және тұрақты.
Өндірістік-шаруашылық қызметті бақылауда маңызды рөл
(бухгалтерлік, жедел) есепке тән.
Достарыңызбен бөлісу: